Сабақтың тақырыбы:
Дара және күрделі сан есімдер.
6 «Б» сыныбы
( Әдістемелік күн)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Илюбаева А.А
2016-2017 оқу жылы.
Дара және күрделі сан есімдер
Сілтеме
С.Исаев, К.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова Алматы, «Атамұра»
Сабақтың мақсаты:
Сан есім туралы түсінік беру, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге жетелеу;
Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;
Оқуты нәтижесі
Жеке және топтық жұмыс арқылы білім алмасып, сөйлеу дағдысын, шығармашылық қабілетін молайтады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері.
Жұмыс түрі.
АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модульдері. Т кестесі, иллюстарация,шығармашылық жұмыстар, диалогтік оқыту модулі, жұптық, топтық, жеке жұмыстар, бағалау, позиция таңдау, көру диктанты, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі
Сызба-кесте, слайд, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс:
Математика, жаратылыстану.
Сабақтың барысы б) сынып тазалығына назар аудару және оқушылардың назарын жаңа сабаққа аударту. Сандар бойынша топқа бөлу. «Сендер жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарсыңдар!»
Оқушылар сан арқылы топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
5 мин
Барлық оқушылардың үй жұмысын толық, дұрыс, түсініп орындалуын анықталды. Сан есіммен байланыстырып,
« Тәуелсіздік-ел тірегі» өлең, суреттер,ойтолғау.
Оқушылар өлеңдерін, суреттерін бағалау, шығармаларын оқып, сан есімнің анықтамасын беруге тырысты. Шығу парағы мен бағалау парақтарына ие болды.
Дайындық кезеңі
2 мин
Елбасының жолдауынан үзінді беріліп, ондағы сан есімді анықтау арқылы сабақтың тақырыбына жол ашылды.
-Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Дара және күрделі сан есімдер.
Сандар тақырыбында атаулы үш сұрақ берілді.
Қайда?
Қалай?
Қандай?
Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтап, дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазады. Өздерінің табыс критерийін анықтады.
Сұраққа жауап ауызша берілді.
Білу.
6 мин
Заттың саны, мөлшерін, шама-шарқын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есім қанша? неше? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.
Сан есім құрамына қарай дара
және күрделі деп екіге бөлінеді.
Сан есімді талдау үлгісі ұсынылады.
Он- оннан- қаншадан? Сан есім
Құрамына қарай: дара, күрделі
Жасалу жолына қарай: негізгі, туынды
Мағынасына қарай: .....................
[pic]
Тірек сызба арқылы оқушы сан есімнің жасалу жолын түсіндіреді.
Берілген үлгі бойынша оқушылар сан есімге дәптерлеріне талдау жасайды тақтада жұмыс орындайды.
Оқулыққа назар аударып, ережемен танысады. Білімді өздігінен игеруге жағдай жасалады.
Түсіну.
Түсіне білу де маңызды.
5 мин
Артық болмас білгенің...
Шағын қызықты мәтіндер беріледі. Осы мәтіннен сан есімдерді анықтау. Морфологиялық талдау жасау беріледі. Ай және адам организмі жайлы мәлімет беріледі.
Дара сан есім
Күрделі
сан есім
[pic]
Кесте толтырады.
Суретке қарап, сан есімдері бар сөйлемдер тізбегін құру.
Қолдану.
Білгеніңді қолдану- өнер
7 мин
Әнші, кәсіпкер, оқушы рөлінде болып, қайырымдылық акциясы бойынша қолдау жасау жұмысы беріледі.
Жұптасып, рөлді таңдайды. Олар тақырып бойынша қандай қайырымдылық жасай алатындықтарын дәлелдеу керек. Сандарды қолдану арқылы ойларын білдіреді.
Сергіту сәті
1 мин
Ойымыз да сергіп, бойымыз да сергіп, қызықты деректерге назар аударайық.
Автомобиль Ford F650. Аталмыш машинаның салмағы 12 тонна, ал бағасы 80 000$ құрайды.
Сан есімдердің құрамын анықтайды.
Талдау.
Талдау- табыс кілті
5 мин
1, 3, 16, 25, 100, 9, 7, 8
Көру диктанты алынады.
Сандарды естеріне сақтап, дәптерге жазады. Бірін-бірі тексереді. Бағалау парағына ұпай бойынша бағалайды. 1,2,3 сандық ұпайларды қоладанады.
Жинақтау.
Біліміңді жинақтап, шығармашылықпен жұмыс жасай біл!
Қорытынды
4 мин
[pic] [pic]
Суретпен жұмыс арқылы, оқушылардың ауызша сауаттылықтарын арттыру жұмысын орындауға тапсырма беріледі.
«Позиция таңдау»
Оқушылар берілген төрт суреттің біреуін топпен таңдап, бір айналым сөйлем арқылы мәтін құрастырады.
Құрамында сан есімдердің болуын қадағалайды.
Топтық жұмыс орындалады. \
Өміріміз сандарсыз да қызықты, мәнді болар еді. Солай ма?
Иә Жоқ Мүмкін
Таңдау жасайды.
Үй тапсырмасы
1 мин
108- жаттығу.
109- жаттығу.
108 бет. 1 – тапсырма.
Оқушылар күнделіктеріне үй жұмысын белгілейді
Оқушылардың білімін бағалау
4 мин
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалайды (суммативті)
Өзін-өзі бағалайды.
ӨЗІН –ӨЗІ
БАҒАЛАУ
Үй тапсырмасы
Түсіне білу маңызды
Білгеніңді қолдану- өнер
Талдау- табыс кілті
шығармашылықпен жұмыс
Өте таза, түсінікті, белсенді орындалған тапсырмаға- 3
Кейде ғана орындап, белсенділік танытпаса, 1-2 қатесі жазба жұмысында болса – 2
Сұраққа ғана жауап беріп, қателіктер 3-4 болса- 1
15 ұпай -5
14-12 ұпай- 4
11- 9 ұпай -3
Рефлексия кезеңі
2 мин
Сабақ қызықты өтті ме?
Сабақта құнды, маңызды болған жәйт не?
Бүгінгі білгеніңіз сіз үшін маңызды ма?
Сабақтың өтілуі бойынша пікіріңіз, ұсынысыңыз қандай?
Шығу парағын толтырады.