Қазақ тілінен сабақ жоспары тақырыбы Ү дыбысы (1 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


0 «б» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Өткен сабақты пысықтау. Өткен сабақтағы алған білімдерін бекіту, сараптау, сөздердің қазақ тілінде айтылуын үйрету және мағынасын меңгерту. Сурет бойынша жұмыс істеу.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, тіл байлығын арттыру. ауыз-екі сөйлеуге баулу.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, әсемділікке тәрбиелеу. Қазақ тіліне қызықтыру. Пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдерме балалар!

Сәлеметсізбе мұғалім!

Орнымыздан тұрамыз Қазақстан Республикасының әнұранын орындаймыз.

2) Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар.


3)Фонетикалық жұмыс:

Бүгін бізге қонаққа торғай келіпті. Сол туралы тақпақты жаттап алайық.

Торғай, торғай тоқылдақ,

Жерден дәнді шоқып-ап.

Бөтегесі бұлтыйып,

Шық-шық етіп отырады.

Мұғалім оқиды қайталайды. Оқушылар хормен қайталайды. Және жеке -жеке, қатар қатар болып қайталайды.

4) Сергіту сәті:

Таңертең тұрамын,

Бетімді жуамын,

Тісімді тазалаймын

Шашымды тараймын

Киімімді киемін,

Мектепке барамын

Мен әдепті баламын.

4)Өткенді қайталау.

Ол өзіне жақсы, ақылды, әдепті достар іздеп жүр. Онымен дос болу үшін, ол бізге тапсырмалар дайындапты, кімде-кім тапсырмаларды орындаса соған бір дәннен беріп отырады. Дәнді көп жинаған оқушы торғайдың досы болады. Кім торғаймен дос болғысы келеді?


Кәне-кей тапсырмаларға көшейік:

  1. Тапсырма

Отбасы мүшелерін ата және санап шық

Ата, әже, әке, шеше, ұл, қыз

  1. Жыл мезгілдерін ата және қай мезгілге қандай ауа-райы болатынын айт

Жаз-ыстық, Күз-жел, Қыс-қар, Көктем-кемпірқосақ

  1. Бұл не? Атауларын және қандай түсті екенін айт.

Күн, Ай, Жаңбыр


5) Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкене ағаштар

Үлкен болып өседі.

\

Оң қолымда бес-саусақ\

Сол қолымда бес саусақ

Беске-бесті қосқанда

Болады сонда он саусақ


  1. Тағамдарды және суық және ыстық тағамды ата.

Алма, нан, пияз, балмұздақ-суық, сорпа-ыстық

  1. Жануарларды ата және үй жаруарлары мен дала жануарларын екі қатарға тіз

Ит, Мысық, Аю, Арыстан, Жолбарыс

  1. Мына пәндерді ата. Бәтеңкелердің қандай екенін айт.

Гүл. доп, сағат, теледидар, бәтеңке – ескі, жаңа,


6) Қорытындылау. Торғай сендермен танысқаны үшін қуанышты. Сендерді ақылды, жақсы балалар екен дейді. Және ол барлығыңменен де дос болғысы келеді. Кәне-кей торғай досымыз үшін тақпақты тағы да бір рет хормен қайталайық.


7) Үй тапсырмасы: Үйде тақпақты жаттауға тараптып беремін.Үйде жаттап алыңдар.