Бет және дене мүше жеке сабақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Бет және дене мүшелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дене мүшелерімен таныстыру, олардың жазылуын карточкалар арқылы көрсету, өз дене мүшесін атауға үйрету

Коррекциялық: Баланың ойлау қабілетін дамыту. Көру арқылы қабылдау түйсігін дамыту. Сөздерді түсінуін дамыту

Тәрбиелігі: мұқият тыңдауға, сұраққа жауап беруге үйрету


Көрнекілік: Суреттер, карточкалар

Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды партаға отырғызып, сабаққа психологиялық тұрғыда дайындау.

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Мұқият тыңдаймыз

Сабақты бастаймыз


Өткенді қайталау:
- Сенің отбасыңда кімдер тұрады айтып берші.

- Сенің мамаң не істейді?

Карточкалар арқылы отбасы мүшелерін атау: ата, әже, мама, папа, аға, тәте, мен.

-Суретте ата не істеп отыр?


Жаңа сабақ:

Жіп көмегімен баланың дене мүшесін салу, дене мүшелерін көрсету, оларды еліктеу арқылы сөйлеуге қызығушылығын оята отырып, қайталап айтқызу.

Доман карточкаларымен жұмыс:

Құлақ

Көз

Мұрын

Шаш

Ерін

Қол

Іш

Аяқ


Сергіту сәті

"Керік" логоритмикасы

Мысықтың үстінінің барлығы жұмсақ үлпек, үлпек,

Мысықтың үстінінің барлығы жұмсақ үлпек, үлпек.

Маңдайда, құлақта, мойнында, шынтақта,

Мұрнында, ішінде, аяқта, табанда


Керіктің үстінің барлығы теңбіл, теңбіл, теңбіл,

Керіктің үстінің барлығы теңбіл, теңбіл, теңбіл.

Маңдайда, құлақта, мойнында, шынтақта,

Мұрнында, ішінде, аяқта, табанда


Пілдің үстінің барлығы бүрме, бүрме, бүрме,

Пілдің үстінің барлығы бүрме, бүрме, бүрме

Маңдайда, құлақта, мойнында, шынтақта,

Мұрнында, ішінде, аяқта, табанда.


Зебраның үстінің барлығы жолақ сызық, сызық,

Зебраның үстінің барлығы жолақ сызық, сызық .

Маңдайда, құлақта, мойнында, шынтақта,

Мұрнында, ішінде, аяқта, табанда.


Ү. Бекіту

Алгоритм арқылы өзін сипаттау

"Менің бейнем" сурет салу

[pic]

Қорытынды.

- Сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы қорытындылау.


Бағалау

Смайликтермен бағалау