Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров «Күйші»
Сабақтың мақсаты: білімділік- оқушыларға І.Жансүгіров жайлы толық мәлімет беру, шығармаларынан сыр шерту; тәрбиелік- оқушыларды ұлттық құндылықтарын насихаттай білуге шақыру, қазақ ұлтына деген сүйіспеншілігін ояту; дамытушылық- оқушылардың шығармашылығын шыңдау.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ізденту, ой шақыру, салыстыру, түсіндіру, ізденту, талдау.
Қолданылған технология: сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Кезекші мәліметі.
Ой шақыру.
ІІ.Жаңа сабақ.
І.Қызығушылығын ояту.
Балалар, сендер, дарынды, өнерлі халықтың ұрпағысыңдар. Қазақ халқы- кең кеуделі, рухы асқақ әрі рухани бай халық. Біздің халық- өнердің сан-саласын тізе бүктірген өнерлі халық. Әйтсе де, қанымызға сіңген, естісек делебемізді қоздыратын, саржайлауды тамылжыта көзіңе әкелетін, күңірентетін өнер түрі қалай аталады?
-Күйшілік өнер.
- Иә, балалар, осы өнердің құдіреті мен кереметінен сыр шертетін туындыға кезек берсек.
Бұл І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасы болмақ.
ІІ.Мағынасын ашу.
Көркемдік ерекшелігіне талдау. 1-слайд.
[pic]
Образға саяхат.
[pic]
Сатылай кешенді талдау.
[pic]
«Жазу түрлері» стратегиясы.
[pic]
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы .Оқушылар қазақтың күйшілерін мына ағаштың тамырлары, алжасыл жапырақты бұтақтарын олардың күйлеріне, ағаш діңін-күй құдіретіне теңей отырып, үш ұғымның төңірегінде ой топшылап өлең шығарады.
[pic]
ІІІ.Ой толғау
«Кұмбірле, домбырам!»
Бір оқушы күй орындайды немесе таспадан қойылады. Сол күйден алған әсерлерімен бөлісіп, күй құдіреті жайлы ой топшылайды.
IV.Үй тапсырмасы.
«Құрманғазы-күйші атам» тақырыбына шығарма жаху.
V. Бағалау. Бағалау парақтары жиналып, ортақ баға қойылады.