Тәрбие сағаты: Мен жастарға сенемін!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК








[pic]

Мен жастарға сенемін






Топ жетекшісі: А.С.Ишмухамедова













Талдықорған қаласы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен жастарға сенемін


Мақсаты: Студенттерге жастар және олардың әрекеті туралы түсінігін жетілдіру, өз ойларын айта білуге, дәлелді мысалдар келтіруге, өз көзқарастарын, ойтолғауларын жеткізе білуге бағыт беру; қоғамдағы міндеті мен жауапкершілігін сезіндіру; қоғамға, өз ортасына саналықпен қарау сияқты көзқарасын қалыптастыру. Өз ойын еркін айта білуге, жүйелі шешен сөйлеуге баулу, қабілеттерін арттыру. 


Көрнекілігі: суреттер, слайд, қанатты сөздер.


Әдісі: пікір алмасу, сұрақ-жауап, ой қозғау, шығармашылық жұмыс .


Топ сағатының барысы:


Сабақ барысы: 

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Студенттерді түгендеп, сабаққа назарын аудару.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жолында игілікті іс-қимыл, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Барлығымыз да бірлік пен татулықты ту етіп, ұлттық рухы дамыған Отанымыздың гүлденуіне үлес қосатын азамат болып өсулерің керек. 

Топтастыру. Сол азаматтардың бірі – сендерсіңдер, еліміздің болашағымызысыңдар! [pic]









(Осы орайда «Мен кіммін?» деген сауалға өз ойымызды ортаға салайық). 



«Мен» тұлғасын тәрбиелеу – өзекті мәселе. Осы тұста, сөз патшасы – Абай есімі еске оралады. Ол өзінің қара сөздерінің бірінде қайрат, ақыл, жүрек – үшеуінің ғылымға жүгінгенін, айта келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруға үшеуінің бірлігі керек екенін айтты емес пе?! Қайрат – білімді игеруге, ерінбей, жалықпай, ізденіп орнына келтіру менің ісім десе, Ақыл: пайдалы іс болса, не залалды іс болса білетұғын – Мен, сенің сөзіңді ұғамын – Мен. [pic]

Менсіз ештеңе бітпейді дейді. Ал жүрек болса, мен адам баласын алалаймын депті.

Сонда Ғылым: үшеуің күш біріктіріп, бір тұлғаның бойынан табылсаңдар нағыз қасиетті адам – сол деген. 

Адам өмірінің мәні – сол өмірде бастан - аяқ адамша сүре білуде: адам болып туған екенсің, сол адамгершілікті, кісілікті сақтай білу, сол кісілік үдеден айнымау, адамдық пейіліңді мықтап ұстап, өмірдің әр сәтінде адам болып қала білу, қандай да бір шым – шытырық, қиын-қыстау жағдайларда да адамдық тұрғысынан талмай, өз кісілігіңді байыту, кеңейту, жан-жақты дамыту, толыққанды шығармашылық күй кешу. 

Әр адам өз кезінде толыққанды өмір сүріп, бақытты бола алады, бұл оның ақыл-ойына, қайрат – жігеріне, өмірге деген құлшынысына, кісілік тұғырына байланысты. Адамның бақыты, кісілігі, тіпті тектілігі де туа бітетін, әлдебір сырттан жұға салатын, оп-оңай беріле қалатын нәрсе емес, мұның бәрі де тек адам жанының күйзелуімен, тынымсыз ізденумен келетін, бекитін және баянды болатын құндылықтар. Жақсылықты өз бойына дарыта білу, оны сақтап қана қоймай арттыра білу: іздену – адам жанының қажымай-талмай еңбектенуі арқылы ғана мүмкін болады. Сондықтан адам өмірінің мән–мағынасы – осы өмірдің өзі берілген өмірді лайықты дәрежеде өткеру; әркім өз өмірінің мән-мағынасын өзі қалыптастырып, лайықты мазмұнға толтырып, жауапкершілігін өз мойнымен өзі көтеруге тиіс. 

Ой қозғау. 
[pic]

Адам өмірінің мәні, өмірдің тұтқасы. «Адамның қоғамдағы орны» - сызбамен жұмыс, өз ойларын ортаға салу. 

Жастықтың оты жалындап, 

Жас жүректе жанған шақ. 

Талаптың аты орындап, 

Әр қиынға салған шақ деп Абай атамыз айтқандай осы қоғамдағы жастардың орны ерекше.

[pic]



Шығармашылық жұмыс.

М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп оқып, талдау жасау. 




Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты. 
Қырандай күшті қанатты, 
Мен жастарға сенемін! 
Көздерінде от ойнар, 
Сөздерінде жалын бар. 
Жаннан қымбат оларға. 
Мен жастарға сенемін! 
Жас қырандай балапан, 
Жайып қанат ұмтылған. 
Көздегені көк аспан, 
Мен жастарға сенемін! 
Жұмсақ мінез жібектей, 
Сүттей таза жүректер. 
Қасиетті тілектер, 
Мен жастарға сенемін!

Тау суындай гүрілдер, 
Айбынды Алаш елім дер. 
Алтын Арқа жерім дер, 
Мен жастарға сенемін! 
Қажу бар ма тұлпарға, 
Талу бар ма сұңқарға? 
Иман күшті оларда, 
Мен жастарға сенемін! 
«Алаш»- айбынды ұраны, 
Қасиетті құраны. 
Алаштың олар құрбаны, 
Мен жастарға сенемін! 
Мен сенемін жастарға, 
Алаш атын аспанға. 
Шығарар олар бір таңда, 
Мен жастарға сенемін!



Жастар әрекетінің құрылымы.  Әлемге әйгілі, ойшыл ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетсеңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», - дегеніндей, біздің жастарымыздың іс-әрекеті қалай көрінеді? Бүгінгі жастар әрекеті. 

Бүгінгі жастардың келбеті қандай? Қазақ қашанда жамандығын жасырып, жақсылығын асырып айтқан халық қой. Десек те, жастар тәрбиесінің көлеңкелі тұстарын жасырып, қоғам өмірі үшін аса маңызды бұл мәселеге атүсті қарап, жалған намыспен мақтанға бой алдыруымыз өз тамырымызға балта шабумен бірдей.

Соңғы кезде замандас құрбыларымның бойындағы теріс қылықтарды, қазақи бояуға мұлдем ұқсамайтын жат бейнелерді көріп, қынжыламын. Жастар - еліктегіш, қоғамда болып жатқан жаңалықтарды тез қабылдап, оны ой сүзгісінен өткізбей жатып бойға сіңіріп үлгереді. Батысқа табынушылық көпшілігіне тән қасиет. Тіпті, өзінің қазақ екеніне арланып, өз тілінде емес өзге тілде сайрайтын, діни адасушылықтар, терроризм, жастар арасында есірткінің таралуы, мәдени деңгейдің құлдырауы қоғамымыздың өзекті проблемасы болып отыр. Қазір теледидардан үнді, корей, түрік сериалдары көп беріледі. Кейбір санасы уланған жастарымыз сол елдердің салт-дәстүрлерін қабылдап еліктеуі ойлантады.

Мәселен, үнділер секілді үстеріне бояу жағып, би билеп, көңіл көтеруін қалай түсінуге болады? Қазақтың уыздай жас ұлы мен қызының қолынан будақтаған темекі түтінін көргенде ешкім таң қалмайтын болды. «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ болған соң, қазіргі жастар бұл әрекеттерін теріс деп санамайды. Кейде маған сол жастар темекі түтінімен өздері ғана уланып қоймай, бүкіл қоғамды улап жатқандай көрінеді.

Дегенмен, бостандығымызды баянды етер болашақтың барыс жүрек, қырандай күшті, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайраты бар жастарымыздың ел игілігі үшін атқарылып жатқан бастамалардың басы-қасында жүргені де көңіл қуантады. Білімді ұрпақ өсіру үшін, ең әуелі, сол мұғалімдеріміздің өзі білімді, парасатты, білікті болуы қажет. Сондықтан, болашақ ұстаз ретінде айтарым, әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне сай қоғамымыздан өз орнын табуы қажет.

«Жастар - болашаққа апаратын алтын көпір»,-дейді дана халқымыз. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысты жоғары қоюы керек. Қазақ жастары тәуелсіз еліміздің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуымыз қажет. Ел сенімін, үмітін ақтау біздің қолымызда.


Қорытындылай келсем, қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев «Жастарға» деген өлеңінде: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін! - деп ұрпаққа үлкен сенім артқан Жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі бнік болады. Болашақта еліміздің қожасы да, иесі де - бүгінгі жас буын. Олар - біздер. Біздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің ертеңіміз.

Жаңа көзқарас ұстаған, 

Жастарды ілгері бастаған. 

Болашақ бағытын нұсқаған, 

Елбасы кемеңгер данышпан, - деген сөзбен дөңгелек үстелімізді қорытындылай келе, еліміздің келешегі бүгінгі жастар сендердің қолдарыңда.