Нурмашова Гулнара
Жаңаөзен қаласы №17 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
мақсаты: білімділік – Шығарманың мазмұнын талдай отырып,идеясын ашу жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту; кейіпкерлерге талдау жасау ; дамытушылық – топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, шығармадағы қажетті үзінділерді таңдап, ой түйінін айтуға үйрету; тәрбиелік – ұжымдасып өзара көмек көрсете білуге баулу, өзара сыйластыққа үйрету, еліміздегі ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: топтық сабақ
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
Жаңа тақырып:
Поэзиялық шығарма дегеніміз не? Қ.Мырзалиевтің «Кәрі қыран» шығармасында кәрі қыранды қалай суреттейді?
«Кәрі қыран» шығармасын баллады жанрына жатқызуға бола ма?
Жаңа тақырып:
Әңгіменің тақырыбы: «Жусан иісі»
Идеясы: ауыл балаларының мінез-құлқын,көңіл күйін,тұрмысын суреттеу. Интерактивті тақтадағы сұрақтар номерін таңдап,берілген тапсырмаларға жауап беру.
Алыста қалған балалық шағым. Әңгіменің бұл қай бөлімі?
(Әңгіменің кіріспе бөлімі)
Алғашқы кездегі Аянның көрінісі қандай болды?
(Шолақ жең ақ жейде,тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген кекіл шашы бар,мұнтаздай таза бір бала тұр екен).
-Кекілін қара, ей, өзінің жаман әліне қарамай,- деп қағытқан кім? (Есікбай)
-Менің көкем де жоқ,апам да жоқ, сондықтан төбелессем әжем ұрсады ғой.Бұл кім? (әжем).
-Ауыл балаларын оқытқан мұғалімнің аты-жөні кім? (Иманжанов).
Тапсырма: Аянның суретін салу
Интертактивті тақтада соғыс кезіндегі және қазіргі кездегі жетім балалардың суреттері мен бейнебаян көрсетіледі.
Сұрақтар: Аянның жетім неге жетім қалды деп ойлайсың?
-Әрине, автор.
«Шынында да бұл соғыстан кейін Аян қайда болды? Тірі қалды ма? Ондай бала тәрине тірі қалады. Мұндай бала алдына нендей мұратт қойса да жетеді. Ал тірі болса, Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?! Жусанның ісін сағынбауы мүмкін емес қой» - деген автор ойын, яғни әңгімені өз ойыңша жалғастыр:
Аян соғыстан соң, қайда болды деп ойлайсың?
Аянның прототипі Науқан Керімов соғыстан кейін Ескелді ауданындағы Ақын Сара ауылында тұрған. Еңбек ардагері,әрі құрметті зейнеткер.
Әңгіменің «Жусан иісі» деп атағанын өз ойыңмен айтып көр.
Жусан иісі аталу себебі Жусан бұл шөптің атауы.Жеңіс Ысқақованың орындауындағы әнді тыңдатамын. Жусан шөбін әкеліп, иісін иіскейміз, содан иісін иісін сезіндіруге тырамын. Ал енді қандай күйде отырсыздар ? Нені сезіндіңіздер?
Сабақ соңында Аян айтатын ертегіні “Баяғыда бір жетім бала болыпты” жалғастырып айтып көрелік.