Шәрке. Біреудің бағы бақ болмас ертегісі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: "Шәрке. Біреудің бағы бақ болмас" ертегісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ертегімен таныстыру, ертегіні баяндауға үйрету

Коррекциялық: Баланың танымдық әрекеттерін жетілдіру. Жақсы мен жаманды айыра білуге үйрету. Тыйым сөздермен таныстыру.

Тәрбиелігі: Ертегіні мұқият тыңдауға, сұраққа толық жауап беруге үйрету

Көрнекілік: сурет, аудиоертегі.

Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды партаға отырғызып, сабаққа психологиялық тұрғыда дайындау.

Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде

- Балалар, сендер қандай ертегілер білесіңдер?
-Өткен сабақта қандай ертегімен таныстық?

-Ол ертегіні кім айтып бере алады?

-Өткен сабақты еске түсіру, ертегі бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.


-Бақыт деген сенің бала күндерің,

Бақыт деген бақытты боп жүргенің

Өлең шумақтары не жайында айтылған?

-Бақыт дегенді қалай түсінесіңдер?

-Балалардың жауабы

Ертегі тақырыбын хабарлау

«Біреудің бақыты бақ болмас» дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың пікірі


Балаларға ертегіні баяндау

Аудиоертегі арқылы ертегінің тыңдау

Ертегі бойынша сұрақтарға жауап беру.

Тыйым сөздерді айту.



Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.


Бекіту

Ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бөліп ойнау


Қорытынды.

Балалар біз бүгін не жайында әңгімелестік?

- Ертегі сендерге ұнады ма?


Бағалау

Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.