Пән : Өзін – өзі тану.
Күні: 25.01.2016
Сынып: 8
Тақырыбы: Адам – әлем бөлшегі.
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттері: жақсы көру, аянбай қызмет ету, ізгілік және т.б.
Мақсаты: «Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу.
Міндеттері:
өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге,танып білуге баулу:
-сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
«5 Т» ережесін еске түсіру: тәртіп, талап, тыныштық , тазалық, тәртіп.
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» ( баяу әуен)
-Сіздерге тыныштық сәті ұнады ма?
ІІ. Үй жұмысын тексеру
З. Серікқалиұлының «Адам баласының.....», мәтінді оқып, мазмұның айту.
Пікіралмасу:
Ғаламды тану адамға қандай мүмкіндіктер береді?
-Адам мен әлем тұтастығын неден байқауға болады?
ІІІ. Мұғалімнің сыйы: аңыз әңгіме оқу, талдау
ІV. Шығармашылық жұмыс
Дәптермен жұмыс
-Тапсырма: «таңғы шық, жаңа түскен қар, кемпірқосақ, таң шапағы»құбылыстарының әсерлерін суреттеп жаз.
Тапсырмаларды орындау
V. Топпен ән айту: «»
VІ. Ұйге тапсырма:
Ғ. Толыбаев «Ақ гүл» әңгімені оқып, мазмұның айту
Туған жер, атамекен туралы мақал- мәтел жазып келу.
VІІ Соңғы тыныштық сәті:
Оқушылар көздерін жұмып, бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып, іштей өздеріне, мұғалімге, барлық әлемге тыныштық, сүйіспеншілік жолдап, ризашылықтарын білдіреді. Сабаққа қатысқандарына рахмет