Қазақ әдебиеті М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ №7

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі – оқиға мазмұнын пайдалана отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкерлер арасында ізгілік қарым-қатынасты талдау.

ә) дамытушылығы - оқушыларды көркем әдебиетті оқуға ынталандыру; ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін дамыту, тіл мәдениетіне көңілдерін аударту.

в)тәрбиелігі - Шағын топпен бірлесе ынтымақпен жұмыс атқаруға, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге, қастерлеуге, бірігіп қорытынды жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: көркем шығарманы талдау сабағы

Сабақтың типі: СТО

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ойлау, дәлелдеу, топтастыру

Көрнекілігі: кестелер

Сабақтың өту барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

-Сәлемдесу

-Оқушы назарын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу.

Қызығушылықты ояту.

- Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар? Қалай ойлайсыздар.



І Үй тапсырмасын тексеру

Топтастыру















1.М.Әуезов «Қараш-Қараш» оқиғасының тақырыбы неде?

2.Оқиғаның басты идеясы не?

3.Повесттің жазылуына негіз болған кім?

Оқиғаның композициялық құрылымына талдау

ІІ Мағынаны тану

Оқиғаның кейіпкерлеріне талдау жұмыстары

ІІІ «Алтын сақа» (2 топқа ойын) номерленген асықтар бойынша тапсырмаларды орындау.