Урок по самопознанию на тему: «Сенім – менің серігім»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Өзін- өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Телжан орта мектебі

Мерзімі:

Мұғалім: Тлеукабылова Жанар Бахытжановна

Сынып: 5 Оқушылар саны: 6

Тақырып: Сенім – менің серігім Сабақ 21

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Әдепті болу; Басқалар туралы жамандық ойламау; Өз-өзіне сенімді болу.


Сабақ мақсаты: Сенім туралы түсініктерін кеңейте отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Сенім, жолдастық туралы түсініктерін тереңдете отырып, басқалар туралы жаман ойламау өз-өзіне сенімді болу қасиеттерінің мәнін ашу.

  2. Баланың бойында өз- өзіне сенімді болуын, басқалар туралы жамандық ойламауын дамыту.

  3. Сенімділікке, кешірімділікке,басқалар туралы жамандық ойламауға тәрбелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, оқулық, ғаламтор желісі.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

[pic]

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.

Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,

таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...

Мен - Нұрмын »

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

Оқушылармен тыныштық сәтінен алған әсерлері туралы пікір алмасу.

Сабақ барысын талдау:

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Бір күндік жоспарым» тақырыбында жазылған эссені оқыту. (3-4 оқушы)


3. Дәйексөз.

Ұстамдылық - әдептің ұстазы,

Ұстамсыздық - әлектің нұсқасы.

Халық мақылы

3.1. Дәйексөзді хормен оқыту.

3.2. Дәйексөздің сөздін мәнін ашу.

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

3.3.Дәптерге жатқа жазу.


4.Әңгімелеу/Мұғалім сыйлығы. [pic]

Өсиет әңгіме. «Арманына нөл алған бала »

Бүгін Арман үшін ерекше күн, үй тапсырмасы ретінде берілген Менің арманым атты шығарманы,Арман бар ықыласымен арманына деген толық сенімімен жазып әкеліп,мұғаліміне көрсеткенше асықты.

Арман қарапайым отбасының баласы,Арманның әкесі жылқышы,асыл тұқымды аттарды баптаумен айналысады.Анасы болса, үй шаруашылығында,Арман мен оның отбасысының тұрақты бір үйі жоқ, қай жерде жұмыс табылса, отбасы сол жерге көшіп барады.Бала кезінен әкесінің жанында көмектесіп, үйреніп қалған Арман, жалпы аттар оның ішінде асыл тұқымды аттар жайында ,білгені ,көргені өте көп.

Үй тапсырмасына берілген Менің арманым атты шығармасы да бала кезінен көріп өскен аттар жайында болатын...

Өз шығармасында Арман,болашақта үлкен шаруашылықтың қожайыны болғысы келетіндігі жайында, ол жерде көп жылқысы және асыл тұқымды аттарға арнайы орын,оларды баптап,жарыстыруға арналған арнайы жерлерді,қиялынын жетегіне ергені соншалық шығармадан тыс , шаруашылығының суретін де салған еді.

Сабақ басталды. Мұғалім оқушылардың шығармаларын жинап алып кетті.Сабақтың соңына қарай, сыныпқа кірген Арман партаның үстінде өз шығармасын көрді .Шығарманың алғашқы бетінде қып қызыл сиямен нөл деген бағаны , ал астында сабақтан кейін менің бөлмеме кіріп кет деген жазу болды.

Көңілі түсіп кеткен Арман сабақ соңында, мұғалімінің бөлмесіне келді. Бұдан бұрын да балаларға жылы шырай таныта қоймайтын мұғалімінің , қабағынан қар жауып , түнеріп тұр екен...

Арманды көре сала :

Арман, сен бұл шығарманың бағасы , жылдық қорытынды баға болатынын біле тұра , неге ойланбай жаздың? Дейді

Жоқ, мұғалім бұл шынымен менің арманым, дейді Арман ақтала сөйлеп.

Сенің әкең жылқышы, анаң үй шаруасында, сендердің бастарыңда тұрақты баспаналарың да жоқ.Сен қалайша осындай армандар армандайсың.Көрпеңе қарап көсіл деген атам қазақ,өз мүмкіндігіңе,шама шарқыңа қарай мақсат қой алдыңа ...Саған тағы бір мүмкіндік берем , шығармаңды қайта жазып әкелуіңе, деп мұғалім Арманның шығармасын қайтарып береді.

Шығармасын қолына алған Арман , басы салбырап үйіне қарай бет алады.Баласын көңілсіз көрген әкесі баласынан мән жайды сұрады.

Бар жайды айтып берген Арман ,әкесінен не істеу керектігін сұрады. Әкесі:

Балам арман сенің арманың, егер сен өз болашағыңа, өзіңе сенсең, онда діттеген арманыңа да жетесің деді.Әкесінің берген ынта жігерінен кейін, Арман бөлмесіне барып, шығармасының үтір ,нүктесін өзгертпестен мұғаліміне апарып береді.

Арадан біраз жыл өтеді.Мұғалім оқушыларын ертіп, үлкен бір шаруақожалығын тамсана аралап жүреді. Керемет асыл тұқымды аттар,керемет қонақжайлылық осының барлығына тәнті болған мұғалім... Шаруақожалығының иесіне рахмет айтқысы келетінін айтады.Көмекшілер қожайынды шақырғанда...

Мұғалім өз көзіне өзі сенбей аң таң болады. Шаруа қожалығының иесі , өзінің баяғыда арманына, болашағына сенбеген оқушысы Арман еді.Мұғалімі Арманға қарап:

Кешір , мен өз қатемді түсіндім. Мен осы уақытқа дейін , қаншама баланың армандарын ұрладым ,бетін қайтарып, армандарынан қол үзулеріне себепші болдым.Сенің өз өзіңе деген сеніміңнің арқасында өз арманыңа жете білдің....



Сұрақтар:

  1. Мұғалімнің Арманға төмен баға қоюына не себеп болды?

  2. Мұғалім нені түсінді?

  3. Өмірде қандай құндылықтарды жоғары қоясыңдар?

  4. Сендер Арманның орнында болсаңдар қандай әрекет жасар едіңдер?

5.Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?



5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

5.1. Оқушыларды кәмпит арқылы топқа бөлу.

5.2. 1 топ – Сахналау. «Кімге сенім артуға болады?»

2 топ – Кластер жасау. «Бірлігі жарасқан сынып»

5.3.Тапсырманы орындау, қорғау.

5.4.Топтық жұмысты қорытындыла










  1. Топпен ән айту

[pic]

«Сенім»

Мәдина Садуақасова

1.Сездірмей жүрген,

Тек өзім білген.

Бір сенім бар,

Жоғалмас мүлдем.

Сол сенім бар да,

Асығам алға,

Ақ тілегім, биікке самға.

Қ-сы

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы.

Сенім – маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды да жеңемін.

Жүрегіммен сенемін.

2. Жылуын берер,

Шапағат төгер,

Махаббатым адаспай келер.

Асқардай биік,

Армандар жиып,

Мен өтемін

Өмірді сүйіп













7.Үй тапсырмасы

7.1. Менің арманым деген тақырыпқа эссе жазып келу .

    1. 22-сабақ. 74-75 бет. «Сабыр түбі сары алтын » аңыз – әңгімені оқып келу.







8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті

[pic]

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

Мен армандарыма қол жеткіземін.Мен өз өзіме сенемін.Сенім маған серік болады деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады.