Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі : Ильясова Э.А.
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сынып : 5б
Күні: 04.10.2013ж
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер.
Сабақтың мақсаты: Білімділік : Оқушыларға мақал-мәтелдер туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ауызекі
сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Ерлікке, батырлыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу , сұрақ –жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы :
І .Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ешкі мен қойдың айтысы.Төлді қалай шақырады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар, бүгінгі сабағымызда халық даналығы мақал-мәтелдер туралы айтамыз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Мақал-мәтелдер-фольклордың бір түрі.Халықтың өмірлік тәжірбиесінен алынған ой түйіні.Мақал-мәтелдер-халық даналығының бір көрінісі.Онда аз сөзбен көп мағына береді.Мақал-мәтелдер жақсы адам болып ережесі секілді.Мақал-мәтелдердің көлемі қысқа болады.Олар кейде шағын өлеңдер секілді.Мақал-мәтелдер ойда тез және жеңіл сақталады.Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр түрлі:өнер-білім, адамгершілік, жақсы мен жаман, еңбек, достық, Отанды сүю және т.б.
IV.Сөздікпен жұмыс
Оқулықтағы сөздермен жұмыс жүргізу, сөздердің мағынасын түсіндіру.
халық даналығы - народная мудрость
көрген-білгені - все, что увидел
жақсы адам болу - быть хорошим человеком
ереже - правила
сынайды - критикует
өнер-білім - искусство и знание
еңбек - труд
Отанды сүю - любить Родину
V.Кітаппен жұмыс
Балалар, оқулығымыздың 20-бетіндегі тапсырмаларды дәптерлерімізге орындаймыз.
5-тапсырма.Аудар.
Халық ауыз әдебиеті, халық даналығы, жақсы адам болу, тәрбиелейді, жалқаулық пен жамандықты сынайды, көлемі қысқа, шағын өлеңдер, тез және жеңіл сақталады, тақырыптары әр түрлі, өнер-білім, адамгершілік.
7-тапсырма.Мақал-мәтелдерді аудар.
А.Денасулық-басты байлық.
Б.Достар қиын кезде көрінеді.
В.Ақылды бала-ата-ананың қуанышы.
VІ.Бекіту
1.Мақал-мәтелдер дегеніміз не?
2.Мақал-мәтелдер нені сынайды?
VІI.Үй тапсырмасы
Үйден мақал-мәтелдер тақырыбын оқып келесіңдер.
VІII.Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
IХ.Қорытынды
Сабақ аяқталды