Есімдік бойынша тест жұмысы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Есімдік 1

1.Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр. Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.

А) толықтауыш, В) баяндауыш, С) пысықтауыш, Д) бастауыш, Е) анықтауыш.

2. Болымсыздық есімдігін табыңыз.

А) дәнеме, В) бірдеме, С) кімде-кім, Д) әлде – кім, Е) біреу.

3. Толықтауыш қызметін атқарып тұрған есімдікті көрсетіңіз Ол бізбен үнемі ақылдасады, кеңеседі.

А) ол, В) бізбен, С) үнемі, Д) ақылдасады, Е) кеңеседі.

4. Қате тәуелденген есімдікті табыңыз,

А) менің мынауым, В) сенің бұның, С) сіздің осыңыз, Д) оның мұнысы, Е) біздің олымыз.

5. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.

А) менге, В) сенмен, С) сода, Д) бұдан Е) сенің.

6. Есімдіктің неше түрі бар?

А) 7, В) 5, С) 8, Д) 4, Е) 3.

7. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз?

А)анау, В) кім? С) сендер, Д) ешқашан, Е) өздері.

8. Сөйлемде есімдіктің қай түрі кездеседі? Бүкіл сынып оқушылары кешкі сағат беске жиналды.

А) жіктік, В) өздік, С) жалпылық, Д) болымсыздық, Е) белгісіздік.

9. Септеліп тұрған есімдікті көрсетіңіз.

А(осынау, В) әрине, С) маған, Д) кейбіреулер, Е) ештеңе.

10. Төрт түрлі жалғау жалғанған өздік есімдігін табыңыз.

А) өздері, В) өздеріңіздің, С) өзіңнен, Д) өзі, Е) өздерімізденсің.

11.Шығыс септігінде тұрған есімдікті көрсет.

А) менің, Б) оларға, с) сіздермен, Д) сендерден, Е) оған.

12. Өздік есімдікті тіркесті көрсетіңіз.

А) сенкімсің, В) өзің кел, С) оны көру, Д) кім келді, Е) олар барады.

13. Көп мағыналы сөзді белгілеңіз.

А) өзен, В) кәсіп, С) көл, Д) мұражай, Е) ер.

14. Тура мағыналы тіркесті белгіле.

А) ыстық сезім, В) суық мінез, С) ыстық сүт, Д) ауыр жол, Е) қара жел.

15. сілтеу есімдігінің үшінші жағында тұрған сөзді көрсет.

А) мынау, В) олардың, С) бұнымен, Д)олар Е) осылармен.

16. Мына сөйлемде есімдіктің қай түрі кездеседі? Ол ешқашан жаман баға алған емес.

А) болымсыздық, В) сілтеу, С) жіктеу өздік, Д)жалпылау, е) белгісіздік.

17. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? «Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек.

А) бастауыш, В( анықтауыш, С) пысықтауыш, Д) баяндауыш, Е) толықтауыш.

18. Жазылуы дұрыс есімдіктер қатарын көрсетіңіз.

А) еш уақытта, еш қашан, В) әлде кім, әр адам, С) әркім, ешқайда, Д) бір неше, бір ай, Е) бүтін, ештеңе.

19. Есімдік сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш болады?

А) зат есім орнына қолданылса, В) сын есім, сан есім орнына қолданылса, с) мезгіл ,мекен мағынасын білдірсе,

Д) сөйлемнің соңында келсе, Е) үстеу сөздің орнына қолданылса.

20. «Бұлармен» қай есімдік түріне жатады?

А) жіктік, В) сілтеу, С) тәуелдік формаға, Д) белгісіздік, Е) өздік.

21. Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз.

А) күллі, барша, В) өзім, өздеріңіз, С) қашаннан, қайсысы, Д) мынау, осыңыз, Е) әркім, қайсыбір.

22. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.

А) бүкіл, В) өздері, С) бұлармен, Д) оларша, Е) нешінші.

23. Қандай есімдік қатысқан сөйлем? Олар сабаққа дайындалып отыр.

А) өздік, В) Белгісіздік, С) жіктік, Д) жалпылау, Е) сұрау.

24. Ілік септігі тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.

А) кіміңіз? , В)ненңіз? С) кімсіздер? Д) нешеуінің? Е) қайсысын?

25. Астысызылған есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? Сендер нешеусіңдер?

А) бастауыш, В) баяндауыш, С) толықтауыш, Д) анықтауыш, пысықтауыш.