Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

32 «Ақ шағала» балабақшасы

Есибаева Мерует Каскирбаевна

I-санатты тәрбиеші



Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі: Тіл дамыту, Сурет

Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз!

Мақсаты: балаларға туелсіздік туралы түсінік беру, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, еліміз, жеріміз, тіліміз туралы өлең тақпақ үйрету арқылы тілдерін жаттықтыру.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік:Елін, жерін сүюге, тілін құриеттеуге тәрбиелеу.

Көрнектілігі: Сурет, еліміздің рәміздері, валюта, астана суреттері.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап , сергіту сәті, қортындылау.

Билингвизм компоненттері: Ту-флаг, Елтаңба-герб, Гимн теңге-валюта

Шаттық шеңбер

- Еліміз тыныш болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Ата анамыз аман болсын!

-Деніміз сау болсын!

- Нанымыз көп болсын!

- Елбасымыз аман болсын!

Тәрбиеші:

-Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар:

- Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші:

- Біздің ұлтымыз қандай?

Балалар:

- Қазақ.

Тәрбиеші:

- Қай тілде сөйлейміз?

Балалар:

- Қазақ тілінде сөйлейміз.

Тәрбиеші:

- Қазақстан Республикасынның Президенті кім?

Балалар:

- Н.Ә.Назарбаев.

Тәрбиеші:

- Бас қаламыз қай қала?

Балалар:

- Астана

Тәрбиеші:

- Тәуелсіздік мерекесі қай күні болатын білеміз бе?

Балалар:

- 16 желтоқсан

Тәрбиеші:

- Өте жақсы балалар , 1991 жылы 16 желтоқсан еліміз өз Тәуелсіздігін алды. Елеміз егемендік алғаннан кейін, Ата заңын қабылдады, мемлекеттік рәміздерін белгілеп , өзінің ұлттық валюта теңгесін шығарды. Осы көп ұлт бір шаңырақ астында ынтымақ, достық, бірлікте өмір сүреді. Астана қаласы Тәуелсіз Қазақстанның қаласы. Астана қаласында көптеген ғимараттар, зәулім үйлер “Бәйтерек” кешені, “Тәуелсіздік таңы” ескерткіш, “Қазақ елі монументті” бой көтерген. Тәуелсіздік туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Диляра :

Тәуелсіздік күні дедік бұл күні,

Атын атап ақын оны жыр қылды.

Сол күнімен қатар туған сәбилер,

Кішілерге аға болып үлгерді.

Дархан:

Атап айтсақ 1991-де

Әр түрлі өзгерістер болды елде.

Кемеңгер аса ойшыл Президентім,

Тәуелсіздік мәртебесін алды елде.

Тәрбиеші:

-Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын қыстау кезеңдерін бастан кешірді. Мыңдаған жылдың тарихы бар еліміз өз тәуелсіздігін алды. Әр елдің мемлекеттік ғасырлық байланыста рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер ҚР-ның Мемлекеттік Ту, ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңба, ҚР-ның Мемлекеттік Гимн халық бірлігінің белгісі. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті. ҚР-ның Мемлекеттік Тудың түсі көгілдір, аспан түстес Көгілдір түс ашық аспан, тыныштықтың белгісі. Тудың ортасында алтын күн елімзге нұр сәулесін төгіп тұр. Қалықтаған қыран құс еркіндітің белгісі. Тудың қазақтың ұлттық ою өрнегі белгіленген. Еліміздің туының авторы Шәкен Ниязбеков.

Аслан:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасында шаңырақ, қос пырақ ат бар төменгі жағында Қазақстан елдің аты жазылған. Ат адам қанаты. Шаңырақ үлкен ортақ үй дегенді білдіреді. Бұл біздің еліміздің барлық еншілес халыққа ортақ бақыт тілейтіннің белгісі. Шаңырақ уықтары күнді бейнелейді.

Елтаңбамыздың авторы Жандарбек Мәлімбеков, Шота Аман Уәлиханов

Саят: Елтаңба

Қатар шапқан қос пырақ

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй

Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі


ҚР -ның Мемлекеттік Гимні кездесуде, жиындарда, мерекелік шараларда орындалады. Гимннің әнін жазған: Ш, Қалдаяқов

Сөзін жазған: Н. Нзарбаев. Ж. Нажмидинов

Орнымыздан тұрып ҚР-ның Мемлекеттік Гимнді орындайық.

Балалар : ҚР-ның Мемлекеттік Гимін орындайды.

- Отан, Атамекен туралы тақпақ білесңдер ме?

Рақымжан :

Егеменді елімнің

Елбасшысы бастаған

Отанымның барлық ұлт

Татулықпен қостаған

Сая:

Ел ордасы Астана

Саған айтам асқар ән

Әрқашанда қазақ боп

Туғаныма мақтанам.

Шығармашылық жұмыс:

Балалар менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар: ҚР -ның Мемлекеттік Туы

Тудың түсі қандай? Көгілдір

Тәрбиеші шығармашылық жұмыстың бейнелеу жолын үйретіп көрсетеді.

-Күннің, қыран құстың, оюдың түстері қандай? Сары түс

Балаларға күн қыран құс, оюды сары түспен бояуды үйретіп, көмек береді.

Балалар қызығушылықпен жұмыс жасайды.

Балалар бейнеленген суреттерін тәрбиешіге көрсетеді.

Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарап мадақтайды.

Балалар оқу іс-әрекетіне не туралы айтылды? Тәуелсіздік рәміздер т.б

ҚР- ның Тәуелсіздік күні қай күні? 16 желтоқсан.

«Атамекен» әнін орындаймыз.

Бүкіл дүние жүзіне бибітшілік тілейміз. Тәуелсіздіктің тұғыры биік, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!

Күтілетін нәтиже:

Болу керек: ҚР-ның туралы толық мағлұмат алды.

Білу керек: ҚР-сы жайлы біледі.

Қолынан келуі: Өз қолдарымен туды бейнеледі.