Степногорск қаласы Ю.А.Гагарин атындағы № 7 ОМ
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Молдахметова Алданыш Есенкелдиевна
6 сынып,қазақ әдебиеті Қысқа мерзімді жоспар
Күтілетін нәтиже « Түйебай» әңгімесінің мазмұнын түсініп игереді.
Сабақтың барысы
Уақыт,
әдісі
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті
Ресурстар
Көрнекі құралдар
Сабақтың тұсаукесер кезеңі.
1Кіріспе
2 мин
Психология-лық дайындық
Шаттық шеңбері. Бір-біріне жылы тілек, лебіздерін айту.
Оқушылар бір- біріне естіген жылы сөздерін айтады.
Топқа бөлу
1 мин
Түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлу
Түрлі - түсті қызыл, сары,жасыл түсті қағаздарды таңдатып топқа бөлу
Қызыл түс - 1 топ
Сары түс - 2 топ
Жасыл түс- 3 топ өздері қалаған түсті таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Түрлі- түсті қағаз
Үй тапсырмасы
5 мин
Автор орындығы әдісі.
Үйге берілген тақырып Ақын-жазушылардың өмірі туралы оқып ,үйде дайындап келген сұрақтарын бір біріне қояды. Ақын -жазушылардың шығармаларын атап шық. Шығармаларының мазмұны қай кезеңдегі тыныс тіршілікті білдіреді.Қай жерде туылған? Шығармаларындағы кейіпкерлердің ішкі жан дүниелерін ,сезімдерін жазушы қалай бейнелеген?
Сұрақтарды бір- біріне доп лақтыра отырып қояды.Ақын-жазушылардың өмір жолы,шығармасы туралы өз ойларын айтады. Олардың әңгіме повестерін білетіндіктерін айтып пікірлеседі.
Смайлик арқылы бағалау
Кітап, доп,
дәптер
5 мин
Шығармашылық кезең
Бейімбет Майлиннің өмір жолы
Оқушылар дайындаған ақпараттарын көрсетеді
Интербелсенді тақта
Негізгі кезең.
Жаңа сабақ
15мин
ДЖИГСО
әдісі
«Түйебай» әңгімесін екі үш топ бөлім- бөлімге бөліп оқйды. 1. Қоржынтомар жайлауының табиғаты.
2. Қарақоға көлі
3. Молда оқуы
4. Түйебай молда оқуында
5. Түйебайдың таяқ жеуі
6. Көшуі
7. Жалшы Түйебай
8. Кездесуі
Әңгіменің мазмұнынан түсінгендерін әр топтан бір бір оқушы барып сол топқа түсіндіреді.
Топтағы бір- бір оқушы басқа топтағы оқушыларға өздері оқыған бөлімнің мазмұнын түсіндіреді.
Әңгіменің мазмұнынан түсінгендерін суретке салу арқылы көрсетеді.
Оқулық,
флипчарт,
маркер.
Миға шабуыл
5 мин
«Түйебай» әңгімесі бойынша сұрақтар
Оқушылар бір – біріне сұрақтар қойып, жауап береді
Дәптер
10 мин
Дәптермен жұмыс
«Түйебай» әңгімесі бойынша кестелерді толықтыру.
Кейіпкерлер портреті,мінезі,іс-әрекеті туралы жазады.
Түйебайдың іс-әрекеттерін бағалау.
Мына іс-әрекеттерді қолдаймын.
Бұл іс-әрекеттерді қолдамаймын,деп кестені толтыру.
Толтырған кестелерін оқып шығады.
Топтық,жұптық жұмыс.
Дәптер
3 Қорытынды
5 мин
БҮҮ
Мұғалім әр балаға БҮҮ кестесін таратып береді.
Әр оқушы алған білімдері бойынша БҮҮ кестесін толтырады
Формативті жиынтық бағалау.Топтық бағалау.
Кесте
4 Сабақ рефлекциясы
2 мин
Кері байланыс.
Мұғалім бүгінгі сабақта сабақтың қандай бөлімдері ұнағанын,несімен ұнағанын,қызықты сәттерін стикерге жазуды тапсырады.
Бүгінгі сабаққа тілектерін,ұсыныстарын білдіріп жазады.
Стикер
Үйге тапсырма
1 мин
«Түйебайдың орнында мен болсам....» әнгіме жазып келу.
Оқушылар жазып алады
.
Ю.А.Гагарин атындағы №7 ОМ Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесі бойынша өтілген ашық сабақтың талдауы.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесі жаңа заман талабына сай жаңару үстінде.Күн өткен сайын білім берудің деңгейі мен сапасы жақсарып,оның тиімділігі білім мазмұны арнайы критерийлермен бағалануда.Жаңа ғасыр талабы-оқушылардың мектепте табысты оқу ғана емес,өмірде де табысты болуын талап етуде.Бұл талаптың орындалуы мұғалімнің қабілеті мен оның құзіреттілігіне тікелей байланысты.
Оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі бірлестіктер мен дербестік сипаттарын ұйымдастыру барысында, сындарлы оқыту технологиясының түрлі әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы әңгіменің мазмұнын және қорытындылау кезеңінде түрлі тәсілдерді қолданып, оқушылардың өздеріне сабақты қорытындылауы өте тиімді.6 сынып оқулығындағы Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесінің мазмұнын оқушыларға түсіндіру барысында тиімді әдіс- тәсілдерді пайдаландым. «Түйебай» әңгімесінде адамдардың мінез - құлқы мен іс- әрекеттеріндегі адалдық,сезімталдық,бауырмалдық,қайырымдылық қасиеттер суреттеледі.
.Алдын ала дайындалған кестелерді толтыру арқылы кейіпкерлердің портреті,мінезі,іс- әрекеті туралы топтық жұмыстар орындалады.Топтық жұмыс кезеңінде ойларын білдіріп,өз тұжырымдарын айтады. Түйебайдың іс әректін бағалау кестесін келесі топ толтырады.
Сабақтың тұсаукесер кезеңінде,Оқушыларды ұйымдастыру,сабаққа деген ынтасын аудару үшін « ынтымақтастық атмосферасы» орнатылды.Оқушылар бүгінгі алғашқы естіген жылы сөздері туралы бір- біріне айтады. Түрлі түсті қағаздарды таңдап алу арқылы толпқа бөлінеді. Үй тапсырмасын «доп лақтыру»әдісі арқылы үйден дайындап келген сұрақтарын бір - біріне қояды.
Оқушылар Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы бойынша өздері дайындап келген жұмыстарымен таныстырады.
Сабақтың Негізгі бөлімі кезеңінде, «ДЖИГСО» әдісі бойынша оқулықтағы Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесін үш топтағы оқушыларға оқуға бөліп беріледі.Оқылған әңгіменің мазмұнын әр топтан бір- бір оқушы шығып басқа топтағы оқушыларға барып түсіндіреді.Келесі кезекте, топтағы басқа оқушылар топтарына барып әңгіменің мазмұнын түсіндірген оқушыға өз оқыған бөлімдерінің мазмұнымен таныстырады.Бұл әдіс арқылы оқушылар әңгіменің мазмұнын бір-бірінің көмегі арқылы жылдам әрі уақытты үнемдеуге болады.Сонымен бірге әңгімеден түсінгендерін айту барысында бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды,көркем шығарманың мазмұнын анықтай алуын,ауызша түрде өз түсініктерін жеткізе біліп,қазақ әдеби тілін,сөздік қор мен сөз байлығын сауатты пайдалануға,сөздің құдіретін сезіндіруге болады.
Миға шабуыл әдісін пайдалана отырып оқушылар «Түйебай» әңгімесі бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
Сабақта әр топ көшбасшысына бағалау парағы беріледі. Жаңа сабақ барысында топтағы іс - әрекеті, өз ойын білдіруі, сұрақтарға жауап беру кезінде өз ойын ашып айтуын,қорытындылау. БҮҮ кестесін толтыру яғни топтық,жұптық,ұжымдық,жеке жұмыстары бағаланады.
Бүгінгі сабақты «БҮҮ кестесі арқылы оқушылар өздері қорытындылады.
Кері байланыста «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа бір ұсыныс,екі тілектерін білдіріп стикерге өз пікірлерін жазады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Республикалық ғылыми –әдістемелік журнал
2.Әдебиет оқулығы 6 сынып