Мақсаты:
Сана-сезімін,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
Ел қамын ойлайтын ақылдылыққа,шыншылдыққа,батырлыққа тәрбиелеу.
Міндеті:
Оқушыларды бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуге баулу.
Шығарманың кейіпкерлерінің мінез – құлқын, қимыл –әрекетін түсіне отырып, кейіпкер кейпіне кіруге мүмкіндік туғызу.
Жаңашылдығы:
Бағдарлама ертегілер арқылы оқушының жан –дүниесіне әсер етуге, дарынын ашуға, тарихты жаңғыртуға, халықтық педагогиканы насихаттауға негізделген.
Күтілетін нәтиже:
Ойын анық , жүйелі жеткізуге дағдыланады.
Тіл мәдениеті дамиды.
Теориялық білім молаяды.
Көпшілік ортада оқушының этикалық , эстетикалық, мәдениеті қалыптасады.
Оқушының бойындағы дарындылық қасиеттері ашылады.
Актерлік қабілеті шыңдалады.
Оқушы бойындағы ұялшақтық, жасқаншақтық қасиетінен арылады.
Түсінік хат
Таңдау курсының бағдарламасы-5 сыныптағы оқушыларға арналған. Жоспар оқушылардың дарындылық қабілеттерін анықтауға, шыңдауға, дамытуға бағытталған. Курстың жұмыс мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижелері бар. Курстың жұмыс жоспары ІІІ бөлімнен құралған. І бөлім –Кіріспе. Кіріспе бөлімі теориялық негізге бағытталған. Сондықтан бұл бөлім «Теориялық негіз» деп аталады. «Теориялық негіз» бөлімінде ертегінің қалыптасу тарихы, құрылысы мен түрлері, кейіпкер жайлы түсініктер беріледі. ІІ бөлім- негізгі бөлім. Негізгі бөлім -«Өнерлінің өрісі» оқушының дарынын ашуға бағытталған. Бұл бөлімде қазақ ертегілері арқылы оқушының дарындылық қабілетін ашу тұрғысында жұмыстар жүргізіледі. Онда образға ену, психологиялық талдау, этика, эстетика, сахна мәдениеті қамтылады. ІІІ – бөлім. Қорытынды. Қорытынды бөлім «Дарындылық - даралық» деп аталады. Бұл бөлімде үйірмеде жүргізілетін жұмыстардың нәтижесіне қорытынды жасалады.
Мерзімі
І бөлім. Кіріспе. «Теориялық негіз»
1
Ертегінің қалыптасу тарихы
1
2
Құрылымы мен түрлері
1
3
Жануарлар туралы ертегілер
1
4
Қиял-ғажайып ертегілер
1
5
Хикаялық ертегілер
1
6
Рөлге ену, образ
1
7
. Ұнамды және ұнамсыз кейіпкер
1
ІІ бөлім. Негізгі бөлім. «Өнерлінің өрісі»
8
«Ер Төстік» ертегісі
1
9
Ертегідегі халықтың арман -тілегі
1
10
«Ер Төстік» ертегісінің кейіпкерлерін сомдау.
1
11
«Ер Төстік» ертегісінің суретін салу.
1
12
«Аяз би» ертегісіне саяхат
1
13
Ертегідегі даналық
1
14
«Аяз би ертегісінің кейіпкерлерін сомдау
1
15
«Кер құла атты Кендебай» ертегісі
1
16
«Кер құла аттың өсіп-жетілуі. Ертегіні жалғау.
1
17
«Кер құла атты Кендебай» ертегісін суреттеу.
1
18
«Қырық өтірік» ертегісі
1
19
Тазша баланың тапқырлығы
1
20
Тазша рөлін сомдау.
1
21
«Қырық өтіріктің соңы» Ертегіні жалғау.
1
22
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам
1
23
«Менің қиялымдағы ертегі» (ертегі құрастыру)
1
24
«Шалқан» ертегісі
1
25
«Шалқан» ертегісін сахналау
1
26
Еңбектің наны тәтті (ертегі құрастыру)
1
27
«Екі дос» ертегісі
1
28
«Екі дос» ертегісін сахналау
1
29
«Бір үзім нан» ертегісі
1
30
Ас атасы-нан (Эссе жазу)
1
31
«Күн астындағы Күнекей қыз»
1
32
«Күн астындағы Күнекей қыз» (сурет салу)
1
ІІІ бөлім. Қорытынды. «Дарындылық -даралық»
33
Эссе жазу. (бағдарлама бойынша)
1
34
Қорытынды тест
1
Атырау облысы
«Нұржау жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бекітемін Келісемін Келісемін
Мектеп директоры: Мектеп директорының Бірлестік жетекшісі:
_______Қ.Ғ.Даумов оқу ісі жөніндегі орынбасары ______ С.А.Ғаббасова
«___»____2016 жыл ________ Г.Т.Бакешова « » ____2016 жыл
« » ______2016 жыл
Тақырыбы: «Ертегілер елінде»
5 - сынып
Пән мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Абуталиева
2016-2017 оқу жылы
Қатысатын оқушылар тізімі
-
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалім үшін:
1.Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай 5 –сынып әдебиет оқулығы.
2.Ғаламтор мәліметтері.
Оқушы үшін:
1.Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай 5 -сынып әдебиет оқулығы.
2.Қазақ ертегілері.
3.Ғаламтор мәліметтері.