Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер -еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды? -өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсене қатыстыру -стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетіл-у )
| II.Мағынаны тану Қадыр Мырза Әлі туралы не білесіңдер?
Қандай өлеңдерін білесіңдер? Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
(Ғаламтор сілтемесі арқылы)
3. Қадыр Мырзалиевтың «Кәрі қыран» өлеңімен танысамыз. (мәнерлеп оқылады) Қыран құстар табиғи туыстығы, қабілеті, түс өзгешелігі жағынан 4-4-тен 16-ға бөлінеді екен. Бүркіттер тобы: байқасқа, ақиық, қараша, көнтабан шөгел Қаршыға тобы: тұйғын, қаршыға, шәулі, қырғи Ителгі тобы: сұңқар, ителгі, пәрім, күйкентай Лашын тобы: бидайық, лашын, жағалтай, тұрымтай «Бүркіт атаулары» 1 жаста-балапан 2 жаста-қантүбіт 3 жаста-тірнек 4 жаста-тастүлек 5 жаста-мұзбалақ 6 жаста-көктүбіт 7 жаста-құмтүлек 8 жаста-жаңа(қутүлек ) 9 жаста-майтүбіт 10 жаста-барқын /кәрітүлек/ 11 жаста-баршын/ақтүлек/ 12 жаста-шөгел/ақырғы түлек/.
4. Түсініксіз тіркестер мен сөздер слайд арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Қырағы көз- өткір, көреген көз Зәбірі-қорлығы Бұлтартпаған-жібермеген, қашырмаған Алмас шеңгел-өткір тырнақ Пұшпақ- 1. Малдың, аңның сирақ терiсi. ~ iшiк. 2. ауыс. Белгiлi бiр кеңiстiктiң, мекеннiң, көшенiң бiр шетi, бөлiгi. Тірлікті тәрк ету- өмірді қию Шау- кәрі, егде
3.Жұппен жұмыс. 1-қатар Бүркіттің жас кезі 2-қатар Бүркіттің кәрі кезі 3-қатар Қыранға мінездеме 4.Сергіту Қ.Мырза Әлінің француз тілінен қазақ тіліне аударған жұмбақтарын шешу
III.Ой толғау Қыранша өмір сүрген қандай бақыт! Қандай бақыт қыранша өле білген! деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер? Мысалдар келтіру
ІІ.Тапсырмалар орындау Өлеңге поэтикалық талдау жасау Кейіптеу: күрсінді тау ақ қарлы. Теңеулер: қоладай қайырылып, өртенген самолеттей, дөңгелек шарайнадай, т.б. Аллитерация: Қанатынан қаңтардың қары бүркіп Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп. Қырағы көз бүгінде қарауытып, Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт Эпитеттер: ақ кебінді, ақ алмас шеңгелі, қырағы көз, қырдың қызыл түлкісі, құрыш тырнақ, т.б. Психологиялық параллелизм – көк аспанын мұң қаптаған кезде.. Синонимдер: кәрі-шау, жасын-найзағай, тірлік-өмір-ғұмыр. Антонимдер: қарттық-жастық, кәрі-жас, өлім-өмір. Фразеологизм: тәрк етіп, зәбірі артты, т.б.
Сыныпқа тапсырма: РАФТ әдісі бойынша өз ойларын айтқызу Р-Қадыр Мырза Әли А-сынып Ф-тілек Т- «Болашақ ұрпақ» Тақтада жұмыс: өлеңнің 1 шумағын құрылысына талдау |