Берекелі, мерекелі Алтын күз!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы:Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Өтетін орны: Ауылдық клуб

Өтетін күні: 28.10 2015ж



1 – жүргізуші Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз

Мол өнімді ісімен

Таңнандырып халқын күз

Армысыздар ағайын!

Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!

Бүгінгі «Берекелі, мерекелі Алтын күз» атты мол ырысты алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер

2 – жүргізуші Терістікпен желдетіп,

Жаңбырлатып, селдетіп,

Шаттандырып біздерді,

Шат шадыман күз келді

Шатыр тікті сары алтын

Алып келді мереке,

Астық, жеміс береке

Батырлыққа жараса,

Көбейді той тамаша

Ән салды өзен, тал – құрақ,

Шашу болды жапырақ

1 – жүргізуші Біздерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!

2 – жүргізуші Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шыға тұғын жаңа таңбыз

Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – теңғып

Еріксіз өзімізге қаратармыз

1 – жүргізуші Әділ қазы береді,

Өздеріңе билікті

Өнерде кім жеңеді

Алады сол сыйлықты, - деп алдымен сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік

Төрағасы:

Мүшелері:

2 – жүргізуші Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлайық – дей келе алдарыңызға бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған сайыскерлерімізді шақырайық.

1 – жүргізуші Салқын тапты түз демі,

Білдіреді күз нені?

Шым еткізер жүректі

Тырналардың тізбегі, - дей келе, 8 сынып оқушыларынан құралған «» тобын шақырамыз.

2 – жүргізуші Құлақ түрсең таңдай қағып,

Күз кеткендей әнге айналып,

Жел сыңсытса, қобыз тартып,

Қыр тыңдайды таңдай қағып, - дей келе, 9 сынып оқушыларынан құралған «Күз жауһарлары» тобын шақырамыз.

1 – жүргізуші Ызғырықты жел өтіне

Шыдап баққан тербетіле

Ағаш біткен шашып жатыр

Алтын теңге жер бетіне , - дей келе, 10 сынып оқушыларынан құралған «Күзгі бақ» ортаға шақырамыз.

2 – жүргізуші Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз

Қандай сайыс болса да, қашпайық біз

Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер

Қанекей, сайысымызды бастайық біз.

Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, байқау шарттарыментаныстырып өтелік.

  1. Таныстыру 3 мин

  2. Өз өнерін көрсету (ән, би т.б. ) 3 мин

  3. Көркем сөз оқу( күз мезгіліне) 2 мин

  4. Ас мәзірі (күздік салаттар) 10 мин

  5. Пародия 3 мин

  6. Тосын тапсырма 1 мин

  7. «Күз сыйы» көрме (табиғи бұйымдар) 1 мин

  8. Сән үлгісі (күз мезгіліне) 3 мин

  9. Күз ханзадасы мен ханшайымы (Вальс)

Енді осы шарттар бойынша 3 топ бақтарын сынайды. Іске сәт!

1 – жүргізуші Күз жетті ғой тамылжып

Алтын күзбен табылдық

Тапқыр сөзбен сымбаттап

Кәне, топтар өздерін

Таныстырсын тақпақтап

1 2 3

Сайысымыздың 1 шарты бойынша әділқазылар алқасы әр топтың бағасын беріңіздер

1 2 3

2 – жүргізуші Шырқаған балапаным өз тілінде,

Күнің шықты алдыңнан сен күлімде

Алтын күзде ән айтып, би билеген,

Құштар болып өнерге, сен білімге – деп енді кезекте өз өнерін көрсету сайысына береміз.

1 2 3

Сайыскерлердің бағасын беріңіздер

1 2 3

1 – жүргізуші Тамаша өлең таңдайша татып балдай,

Өз тілінде өлең оқу бақыт қандай!

Жан дүниеңнің жарқырап сала берер,

Ағарып атып келе жатқан таңдай

Ендігі кезекте өлең – жырға берейік . Сайысымыздың 3 шарты бойынша көркем сөз оқуға береміз.

1 2 3

Сайыскерлердің бағасын берсеңіздер.

2 - жүргізуші Күз жеткенде жамырап

Дастарханнан табылып

Келістіріп бар сәнін

Берген өзі табиғат

Ас мәзірін ардақтап

Қарсы алайық жамағат . Сайысымыздың 4 шарты бойынша ас мәзірі сайысын бастаймыз.

Ән:

Көркем сөз оқу

Сайыстың бағасын берсеңіздер

1 2 3

1 – жүргізуші Сайыстың көтерілсін салған әні

Үміті олардың шын алдамайды

Келесі шарт бойынша сайыскерлер

Көрсетер қазір бізге пародияны. Шартымыз бойынша әр топты ортаға шақырамыз

1 2 3

Сайысымыздың шарты бойынша әр топтың бағаларын берсеңіздер

1 2 3

2 – жүргізуші Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Әр сабақтың сырына

Қадамдарың оң болсын

Сәт – сапар енді тілейік!

Сайысымыздың 6 шарты тосын тапсырма бойынша әр топқа 3 сұрақтан барлығы 9 сұрақ беріледі. Әр топтың топ басшылары әділқазы алдынан тапсырма алып, сұраққа жауап берулеріңізді сұраймын.

  1. Қанатсыз түйеқұс қалай аталады? Жауап киви

  2. Жыл санауына кірген құс? Жауап тауық

  3. Есдәулетов Қанат бүгін,

Атап өтпек туған күнін

Тойласуға Таңат келді

Марат , Манат ,Манап келді,

Жанат, Жанақ, Талғат келді

Сағат келмей, Самат келді

Бірақ Самат қайтып кетті

Жай жапсарын айтып кетті

Жанатта енді Саматқа ерді,

Одан кейін Талап келді,

Одан кейін Орақ келді,

Бәрі қанша қонақ келді? Жауап 8

4. Ең үлкен пингвин қалай аталады? Жауап император

5. Аққудың балапаны қалай аталады? Жауап көгілдір

6. Бес көжекке достасқан

Сәбіз бердім қос – қостан

Бір сәбізім соңымда

Қалып қойды қолымда

Сәбізімді әуелгі

Санап берші ал енді. Жауап 11

7. Қыран құстар мекені қалай аталады? Жауап ұябасар

8. Алдыңғы аяғы ескекке айналған жүзетін құс ? Жауап пингвин

9. Дастарханның басында

Бір бала отыр...

Қасында –

Әкесі мен шешесі

Әкесінің шешесі,

Шешесінің шешесі

Әкесінің әкесі ,

Шешесінің әкесі

Қанша адам ас ішуге

Жиналған үй ішінде? Жауап 7



1 – жүргізуші Сайысымыздың 6 шарты бойынша әділқазылар алқасы әр топтың бағасын берсеңіздер

1 2 3





2 – жүргізуші Он саусақтан өнер тамған

Шебер болу керемет,

Өлең айтып, би билеп,

Жасап жатсаң текемет

Өнеріңді көрсетші

Құрбыларым, қанекей

Топтарға кезек берелік – ендігі кезекте «Күз сыйы» атты көрменің де кезегі келіп қалды. Әділқазылар алқасының алдына әр топ өзі жасаған бұйымдарын алып щығып таныстырсын.

1 2 3

Сайыстың 7 шарты бойынша әділқазылар алқасы әр топтың бағасын берсеңіздер.

  1. 2 3

1 – жүргізуші Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен

Күз сәні өнерімен ортаға шығып

Сән көрсетер сайыскерлер сәтіменен – дей келе ендігі кезекте сән үлгісіне береміз.Келесі 8 шартымыз күз мезгіліне арналған сән үлгісін көрсету

  1. 2 3

Сайысымыздың 8 шарты бойынша әділқазылар алқасы бағасын берсеңіздер

Ән

2– жүргізуші Күз келіп ханзада мен ханшайым,

Өткізді күзгі балл айын

Ханшайым тапқыр қыз болды,

Ағызар сөйлеп сөз майын.

1 – жүргізуші Ал ханзада ақылды,

Барша жұртты шақырды

Би де билеп, ән айтты

Қуаныштан шалқыды.

Келесі 9 шарты бойынша күз ханзадасы мен ханшайымын ортаға шақырамыз.

1 2 3

Сайысымыздың 9 шарты бойынша әділқазылар алқасы әр топтың бағасын берсеңіздер.

2– жүргізуші Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Бүгінгі күз кешінде

Би билейік бәріміз – ендігі кезекте күз ханзадасы мен ханшайымын вальс билеуге шақырамыз

1 2 3

Сайысымыздың шарты бойынша әділқазылар алқасы әр топтың бағасын берсеңіздер.

1 2 3

1 – жүргізуші Бүгінгі сайысқа жиналған қауым «Берекелі, мерекелі Алтын күз» атты сайысымыздың барлық бөлімдері осымен аяқталды.Әділқазылар алқасы әр топтың қорытындысын шығарам дегенше кезекті әнге береміз.

Би

2– жүргізуші «Берекелі, мерекелі алтын күз» атты сайысымыздың қорытынды сөзін әділқазылар алқасына береміз.



Бірге : Сау болыңыздар!