Дауыссыз дыбыстардан өткенді қайталау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бекітілді: Г.Каримова

Өтетін күні:16.02.2016 ж

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:5 «б»
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дыбыстар туралы түсініктерін, біліктілік деңгейлерін байқау.
2. Дамытушылық: Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, білімге деген саналы көзқарастарын , танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, іс- әрекет, мақсатка жету әдіс – тәсілдерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы, қайталау, ойын технологиясы
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, сұрақ- жауап, топтастыру, өткенді жаңғырту, жүйелеу;
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, кестелер, семантикалық карта т.б.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;

- Оқушы назарын сабаққа аудару;

- Топқа бөлу; «Қатаң», «Ұяң», «Үнді» топтары.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а)Зымыран сұрақтар

1. Фонетика нені зерттейді?
2. Әліпби деген сөз қалай шыққан?
3. Әліпбидің тарихы
4. Дауысты, дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
5. Дауысты дыбыстар тілі қатысына қарай нешеге жіктеледі?
6. Жақ қатысыныа қарай ше?
7. Ерін қатысына қарай неше түрге бөлінеді?
8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

ә)Топ атын қорғау.

ІІІ. Ойын кезеңдері:

1)Тапқыр болсаң, тауып көр

Мына мақалдардың екінші сыңарын тап.
( Ауызша оқып беремін ).

1. Ашу – дұшпан,....... ( ақыл дос ).
2. Ақ –....... ( ақталар ).
Қара –....... ( байланар ).
3. Сабыр түбі –....... ( сары алтын ).
4. Жігіт бір сырлы –....... ( сегіз қырлы болсын ).
5. Аузында әзілі жоқтың....... ( қолында қол шоқпары бар ).

6. Адасқанды алдындағысы біледі,

Жаңылғанды .....(жанындағысы біледі)

7. Ала сөйлеп ұлыққа жаққанша,

Адал сөйлеп ....(жұртқа жақ)

8. Ашуың келсе – қолың тарт,

(Айтпас жерде тілің тарт)

9. Бал тамған тілден....(у да тамар)

10. Бір елі ауызға - ...(екі елі қақпақ)

11. Жақсы адам тауып айтады,

...(жаман адам қауіп айтады)

12. Ішімдегінің бәрі тілімде,

Тілімдегінің бәрі.......... (түрімде).

13.Көп сөйлесең - тақылдақ дер,

Аз сөйлесең – ..........(ақымақ дер)

14. Отыз тістен шыққан сөз

Отыз рулы....(елге тарайды)

15. Піл көтермегенді

.....(тіл көтереді)

16. Сөйлей білмеген кісіден,

.......(Үре білген ит артық).

17. Тілі бардың....(тіріде ақысы кетпейді)

18. Өнер алды - ...(қызыл тіл)

2) Викториналық сұрақтармен жұмыс.
1. Әліпбидегі сегізінші әріп және сол әріптен басталатын өзендердің аты ( Ертіс, Есіл, Еділ т. б. ).
2. Екі әріптен ғана құралатын планета атында әліпбидегі нешінші әріптер қолданылады? ( Ай ). 1, 13 әріптер.
3. Бірінші және он бірінші әріптен құралған сөз қай сөздің антонимі?
( Аз ).
4. Әліпбидегі бірінші әріп пен ең соңғының алдындағы әріптен құралған сөз қай аңның аты? ( Аю ).
5. Әліпбидегі жетінші, жиырмасыншы, жиырма екінші әріптерді тіркеп жазсаң балалар ойынына керек заттың аты шығады! ( Доп ).

3)Жүйрік болсаң, озып көр

(Жұмбақтың шешуін тауып, дыбыстық талдау жаса)



1.Кезіктірдім тиыннан,

Бірін таптым қиыннан,

Талай жерге сабылып,

Таптым бірін миымнан. (И)

2.Тоғай менен торғайдың,

Бәрінен де безінем.

Орман менен қамыстың,

Ортасынан кезігем. (М)

3.Табылмаймын Қорқыттан,

Кезігемін қобыздан.

Бесте бармын, таппайсың,

Қанша іздесең тоғыздан.(Б)

4.Өзінде бір шопанның,

Табыламын ойыннан.

Кезігемін тағы бір,

Өрістегі қойынан. (О)

5.Нанда екі,

Жанда бірмін.

Тамырда жоқ,

Қанда жүрмін (Н)

6.Бұлбұлда екі,

Құста бір.

Ұлытауда,

Тұста жүр. (Ұ)

7.Әке де,

Ән де,

Әже де,

Сән де. (Ә)

8. Мысықта бар,

Күшікте жоқ.

Қасықта бар,

Есікте жоқ. (ы)

4)Сөз ойла, тез ойла

Ұяшықтарды таңдап, шыққан әріптерден басталатын сөздерден сөйлем құраңдар

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

1 – топ 285 - жаттығу

2 топ 290 – жаттығу

3- топ 292 - жаттығу

Ү.Сергіту сәті

а)Кубик тастау (Әр топтан екі оқушы шығып, кубикті лақтырады. Кубик түскен жағындағы берілген тапсырманы орындау керек.)

ә)Сұрақтар қою.(Жауап дұрыс болса, қол шапалақтаймыз, қате болса, үнсіз қаламыз.)

А – дауысты дыбыс,е – еріндік, д – ұяң, б – дауысты, тау – у - дауыссыз, ж – үнді, е – дауысты, ш - қатаң, м – үнді, ф – қатаң, г – үнді, й – үнді, бау – у - дауысты,

С – қатаң дауыссыз, ң – үнді, ц – үнді, ө – езулік, ү – еріндік;

ҮІ. "Жаңылдырсаң да жаңылмаймын" атты ойын ойналады.
I топқа жаңылдырғыш сұрақ:
1. Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
ІІ топқа жаңылдырғыш сұрақ:
1. Бота мен қозы ұқсас екен дейді. Олар қалай ұқсас бола алады?

ІІІ топқа жаңылдырғыш сұрақ:
1. Ерінде еріндік бар ма? Езуде езулік нешеу?

ҮІІ.Бекіту кезеңі

1)«Ойлы болсаң озып көр»

Саба – қымыз дайындауға арналған бұйым

Қобдиша – әшекей салуға арналған бұйым

Сандық – киім салуға арналған жиһаз.

2)Шағын тест

3)Семантикалық карта

Семантикалық картамен жұмыс. (Қатыспай отырған оқушыларға таратылады)

«Қатаң» тобына

 № Әріп Дауысты Дауыссыз Жуан Жіңішке Ашық Қысаң Еріндік Езулік Қатаң Ұяң Үнді

1 А

2 Ү

3 Л

4 Қ

 «Қатаң» тобына

 № Әріп Дауысты Дауыссыз Жуан Жіңішке Ашық Қысаң Еріндік Езулік Қатаң Ұяң Үнді

1 Ә

2 Ұ

3 Д

4 М

  «Ұяң» тобына

 № Әріп Дауысты Дауыссыз Жуан Жіңішке Ашық Қысаң Еріндік Езулік Қатаң Ұяң Үнді

1 Ө

2 Ы

3 З

4 Т

«Ұяң» тобына

Әріп Дауысты Дауыссыз Жуан Жіңішке Ашық Қысаң Еріндік Езулік Қатаң Ұяң Үнді

1 О

2 Е

3 Ж

4 П

«Үнді» тобына

Әріп Дауысты Дауыссыз Жуан Жіңішке Ашық Қысаң Еріндік Езулік Қатаң Ұяң Үнді

1 И

2 Э

3 С

«Үнді» тобына

 № Әріп Дауысты Дауыссыз Жуан Жіңішке Ашық Қысаң Еріндік Езулік Қатаң Ұяң Үнді

1 Ә

2 Ұ

3 Д

4 М

ҮІІІ. Қорытындылау

«Инсерт» әдісі бойынша: Не білдім? Не білгім келеді?

ІХ. Бағалау

Х. Үйге тапсырма: 293 - жаттығу

( Құрамындағы барлық сөзі бірдей дыбыстан басталатын мақал – мәтелді тауып жазу)