«Төлеу Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ
2015 – 2016 оқу жылының
29 – ақпанынан 10 – наурызы аралығына жоспарланған
«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің
[pic]
[pic]
Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімдері
Г.Е.Нургазина
М.А.Айкенова
2015 – 2016 оқу жылының
29 – ақпанынан 7 – наурыз аралығына жоспарланған
«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ тілі туралы мәлімет беру
Дамытушылық: Шәкірттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге баулу.
І Алғы сөз
ІІ Әдеби монтаж
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! (Қ.Мырзалиев) 4.АНА ТІЛІ
Ақыл-ойын адамның
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді. (Ә.Табылды)
5. СҮЙЕМ ӨЗ ТІЛІМДІ
Сүйсем өз тілімді,
Боламын білімді:
Өз тілім үйретер,
Өнерді, ғылымды.
Сүйем өз тілімді. (Әдібай Табылды)
7.АНА ТІЛІ
Мейірі мол балаға
Барлық, барлық анаға,
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп.
Даламыздың үні деп,
Ана тілін2, Ана тілін сүйеміз. (Ш.Сариев)
6.АНА ТІЛІМ
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым,
Ана тілім – болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім – болмаса
Бүтінделмес кемдігім. (С.Кәттебайұлы)
8.АНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ
Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.
(М.Әлімбаев)
9.Туған тілім – бабам тілі - өз тілім.
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.
Туған тілім – далам тілі - өз тілім.
Туған тілім – адам тілі - өз тілім. (Д.Әбілев)
ІІІ «Ана тілі – арың бұл» көрінісі
Орындықта ақсақал отырады. Оған біраздан соң екі, тегі ауыр, сөмкеден көтерген үш әже қосылады. Олар ақсақалмен амандасқаннан соң. Сондағы әңгіме. Бірінші әйел:
Менің немерем осы жылы институтын бітіреді. Кеше қаладан келген. Жаңа телефонынан бізге институтта қатысқан іс – шараларын көрсетіп бір қуантты. Ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгеріп алыпты.
Менің де балапаным кенде емес. Ол да осы жылы университетін бітіреді, - деп мақтанады екінші әйел. – Бұйырса бітіре салып үйленем дейді. Келінімнің фотосын да көрсетті.
Үшінші әйел: - Біздікі де оқу орнын осы жылы тәмамдайды. Баяғыша қарапайым, ауылдағы кезіндей аңқылдап тұр, - дейді
Екінші әйел:
А, солай де. Менің ұлым орыс тілін де, ағылшын тілін де жақсы біледі. Өзі орысша сөйлессе, қызық екен.
Менікі де сондай, - деп ілеседі бірінші әйел.
Бір кезде балалар көрінеді. Бірінің құлағында наушник, екінщісі телефонға үңіліп келеді. Әжелер мен ақсақалға жақындап:
Саламатсыз ба, ата, - деп жеңіл қайырады біріншісі аузындағы сағызын шайналаңдап.
О, аташка, қалыңыз қалай?, - деп амандасады екінші бозбала, - апашка, негып магазинде мені ждать етпедің? Сонда зрядан – зря барып, мына жарада гулятьтап қалдым ғой.
Да, апа, мен де. Екеуміз бір темамен қалаға барайық деп сенен біраз мани сұрамақшы едім. А ты ушла. Айтпадың ба, ухожу деп, - деп айтады бірінші бала.
Апа, шаршап қалдыңыз ба? Әкеліңіз сөмкеңізді өзім жеткізіп салайын, - дейді үшінші бала.
Осының барын үндемей бақылап тұрған қария:
Түу, бағанадан мақтаған балаларын осы ма? Мыналарын орыстарға еліктейміз деп қазақша екі сөздің басып құрай алмай тұр ғой. Бұндай ана тілін сатқан балаларыңды мақтағанша жерге кіріп кетпедіңдер ме? Мен мына Күләштің немересіне ғана көңілім толып тұр. Болашақта өз туған жеріне, ана тіліне еңбек сіңіре алады деп ойлаймын, - деп тұрып кетіп қалады. Қалғандары орындарында ойға шомылып қалады.
ІV Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарымен оқушыларды таныстыру
2015 – 2016 оқу жылының 29 – ақпанынан 7 – наурыз аралығында өтетін қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының жоспары
Апталықтың ашылу салтанаты 5 -11 сыныптар
Дүйсенбі
29 ақпан
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Г.Е.Нургазина
М.А.Айкенова
2.
«Қазақ әдебиетінің саңлақтары» қабырға үнқағаздарының сайысы
5-10 сыныптар
29.01 – 7.03
2 наурыз -тапсыру
7 наурыз –қоры-тындысы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Г.Е.Нургазина
М.А.Айкенова
Сынып жетекшілері
3.
«Мектебім – алтын ұям» бағытындағы еркін тақырыпты шығармалар сайысы
5-10 сыныптар
29.01 – 7.03
2 наурыз -тапсыру
9 наурыз –қоры-тындысы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Г.Е.Нургазина
М.А.Айкенова
Сынып жетекшілері
4.
«Анам – асылым» ақындар мүшәйрасы (мектепішілік іс – шара)
5-10 сыныптар
Сейсенбі
1 наурыз
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі М.А.Айкенова
5.
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» мектепішілік іс – шара
Сәрсенбі
2 наурыз
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Е.Нургазина
6.
Қазақ әдебиеті пәнінен 5 «А» сыныбында «Қажымұқан» тақырыбындағы ашық сабақ
Бейсенбі
3 наурыз
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі М.А.Айкенова
7.
«Төлеу ақынға тағзым» сыныптан тыс іс – шара
5 «А», «Ә» сыныптары арасында сайыс
Жұма
4 наурыз
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі М.А.Айкенова
8.
«Қазақы қонақ үй: Мерекелік қонақжай» (мектепішілік іс – шара – концерттік бағдарлама)
5-9 сыныптар
Сәрсенбі
9 наурыз
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі М.А.Айкенова
9.
Апталықтың жабылу салтанаты
5-11 сыныптар
Бейсенбі
10 наурыз
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
М.А.Айкенова
V Қабырға үнқағаздарының тақырыптарын таңдату.
«Қазақ әдебиетінің саңлақтары» қабырға үнқағаздарының сайысы
5 «А»
2.
Жамбыл Жабайұлы (1846 – 1945) 170 жыл. Ақын, айтыскер
5 «Ә»
3.
Мұқағали Мақатаев (1931 – 1976) 85 жыл. Ақын
7 «А»
4.
Айтқожина Марфуға (1936 жылы туған) 80 жас. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
6 «А»
5.
Ахметова Күләш (1946 жылы туған) 70 жас. Ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
6.
Қасым Аманжолов (1911 – 1955) 105 жыл. Ақын
10»А»
7.
Баянбаев Қастек (1936 жылы туған) 80 жас. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты
8.
Жақанов Ілия (1936 жылы туған) 80 жас. Жазушы, өнертанушы
9 «А»
9.
Жұмаділов Қабдеш (1936 жылы туған) 80 жас. Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
8 «А»
10.
Мұратбеков Сайын (1936 жылы туғаң) 80 жас. Жазушы
7 «Ә»
VІ Қорытынды сөз
Құрметті оқушылар, қазақ тілі – біздің ана тіліміз, сол себепті қазақ тілін басқа тілдер арасында ерекше сүйіп қадірлеуіміз қажет. Ана тілімізге деген махаббатты осы онкүндік аясында жоспарланған барлық іс – шараларына белсене қатысу арқылы да білдіре аламыз деген ойдаымн. Сондықтан осы он күнде сендерден белсенділік пен қызығушылықты, мәдениеттілік пен ыждахаттылықты күтеміз.
Ана тілі туралы әндер Ана тілі туралы әндер ӘН-ЖЫР ШАШУ АНА ТІЛІ Сөзі Т.Молдағалиевтікі Әні Қадырбай Аманжоловтікі Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де, Менің ана тілімде. Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім, Қазақ болып өлген жақсы түбінде. Барлық тілді үйренесің сен әлі, Жігіт болып саналы. Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа, Өз еліңнің туын көтер жоғары. Мен анамды ұғындым деп мақтанам, Тілін білдім, жырын білдім сақтаған. Өз анасын сыйламаған пақырлар Отанын да сыйлап көрген жоқ, балам. Ұлым менің, бұл сөзіме бағарсың, Жанар кезде өзің де от боп жанарсың. Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ, Ал басқасын өзің тауып аларсың. ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒАЖАП ТІЛ! Сөзі: Сайлаубай Тойлыбаевтікі Әні:Гүлмира Қаналиеванікі Жанымды, әттең, қажап тұр Көңіл бөл, тілге аз-ақ бір Жүрекпен ұғып, тыңдасаң Қазақтың тілі – ғажап тіл. Қайырмасы Әуені қандай “саз” мұңды Түсіреді еске наз күнді. Атадан қалған қазақтың Мақалы қандай мазмұнды. Өткір тіл, отты жалынды Тербетер мынау жаныңды Қазақтың шешен сөздері-ай Қозғайтын жүрек, қаныңды! Қайырмасы Көкейге нақыл ілінген Іздеймін терең білімнен Қазақтың даңқын көтерген Айналдым қазақ тілімнен. АНАМНЫҢ ТІЛІ – АЯУЛЫ ҮНІ Сөзі Шона Смаханұлынікі Өмірге келдім, Анамды көрдім, Деді ол: “Жаным”, Арайлы таңым. Самал боп желпіп, Жырымен ертіп, Үйретті тынбай, Сол тілін, әнін Қайырмасы: Анамның тілі – Айбыным менің, Анамның тілі – Ай, Күнім менің. Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін мәңгі өмірді думан. Мектепке келдім, Ұстазды көрдім. Тыңдадым сөзін, Табынып, сүйіп. Анамның тілі – Аяулы үні. Жүрекке нұрын Жіберді құйып. Қайырмасы: Көңілге көрік, Өмірге серік. Әсем ән-жыр, Қайрат, қуатым. Сөйлесем мыңға, Өрлесем шыңға. Анамның тілі- Асыл мұратым.
Тіл туралы қызықты деректер
[pic]
[link] елінің кей тұрғындары сөйлейтін тіл жойылу қаупінде тұр. Себебі ол тілде сөйлейтін екі адам бірі-бірімен сөйлесуден бас тартқан.
Америка үндісінің Зуни тайпасы жапон тіліне ұқсас. Соңғы зерттеулердің қорытындысы бойынша, олардың биологиялық сәйкестіктері расталған.
Солтүстік Испания мен Оңтүстік Франция облыстарының тұрғындары ешқандай тілдік семьяға жатпайтын еуропалық тілде сөйлейді. Баск тілі оқшауланған тілдер қатарына кіреді. Ол тілде тек баск жұрты ғана сөйлейді.
Оңтүстік Африка Республикасында 11 ресми тіл бар. Бұл әлемде тіркелген ең көп тілге жатады.
Дағыстан елінің таулы аймағына өмір сүретін Арчи жұртының әр етістігі 1,5 миллион рет жіктелетін тілде сөйлейді.
Испания құрамына кіретін Канар аралдарының сөйлеу тілі толығымен ысқырықтан тұрады.
Дүние жүзінде жалпы саны 7000 тіл бар. Мамандардың айтуынша, олардың 2400-і жойылып кетеді. Статистика бойынша әр 14 күнде бір тіл өмір сүруін тоқтатады екен.
Бостван халқы 5 негізгі сыртылдақ дыбыстан тұратын тілмен тілдеседі.
Папуа мемлекеті (Жаңа Гвинея аралы) 840 тілде сөйлейді. Бұл жердегі тілдердің 1/7 бөлігін алады.
Француз тілінде [0] дыбысын 13 түрлі тәсілмен жазуға болады.
Лингвистика профессоры Марк Окранд «Жұлдызды жол» (Звёздный путь) киносына арнап тіл ойлап тапқан. Ол өзінің 3 жастағы баласына осы тілді үйретеді, алайда бала ер жеткен соң тілді ұмытып қалған.
[pic]
Фриз тілі – 400 мың халқы бар, нидерландықтар сөйлейтін ресми тіл. Ол ағылшын тілінде сөйлейтін адамдарға үйренуге ең жеңіл тіл болып саналады.
Бугенвил аралын мекендейтін 4 мың адам ротокас тілінде сөйлейді. Ротокас тілі 11 әріптен тұрады. Бұл әлемдегі ең қысқа әліпби болып есептеледі.
Ең ұзақ әліпби 72 әріптен құралған. Ол – кхмерс тілі. Оны Камбоджа мемлекетінің басым көпшілігі пайдаланады.
[pic]
Криптофазия – бір-біріне өте жақын адамдар сөйлейтін тіл. (Мысалы: егіздер)
Барлық ұлтта өзіне тән тіл екпіндері (акцент) болады, соған сәйкес мылқау адамдардың да өздерінің тілдік екпіндері бар.
[pic]
Ватикан елінің банкоматтары нұсқауды латын тілінде береді.
Қытай тілінде шамамен 50 мыңнан астам иероглиф бар. Газет-журналды еркін оқи алу үшін кемінде 2000-нан аса иероглиф білу керек.
Ағылшын тіліндегі ең ұзын сөз – pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis.