Сабақтың тақырыбы: "Менімен бірге ата"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөзге еліктеу дағдысын дамыту, "жабайы жануарлар" лексикалық тақырыбы бойынша сөз қорын молайту; немен? қайда? сұрақтарын түсінуге үйрету. білдіретін етістіктермен таныстыру, сөз қорын молайту, сөздердің лексикалық мағынасын ажыратуға үйрету.
Коррекциялық: Баланың ойлау қабілетін дамыту. Көру арқылы қабылдау түйсігін дамыту. жалпы қимылдар тепе - теңдігін дамыту.
Тәрбиелігі: мұқият тыңдауға, сұраққа жауап беруге үйрету
Көрнекілік: Суреттер, карточкалар
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды партаға отырғызып, сабаққа психологиялық тұрғыда дайындау.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Мұқият тыңдаймыз
Сабақты бастаймыз
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Қыс мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
-Қар жауады.
Тыныспен жұмыс "Қар жауды"
Тыныс аламын, әндетемін:
ТУ-ТУ-ТУ -пойыз
У-У-У - ұшақ
Бо-Бо -Бо - аю
Би-Би- Би - машина
Артикуляциялық жаттығулар:
[pic]
Баланың тілінің қимылын жақсарту, артикуляциялық қалыпты ұстауға үйрету.
Жаңа сабақ:
Түрлі суреттер арасынан жабайы жануарлардың атауын білуін дамыту арқлы, баладан:
Аю қайда? Аю деп айт
Қоян қайда? Қоян деп айт.
Аю немен жүреді көрсетші
Ол қалай жүреді?
Қоянның құлағы қандай? Қайда?
Әр жануардың қимыл қозғалысын көрсету, қайталау.
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
Ү. Бекіту
Пазл құрастыру
(Аюдың суреті, аю мектепке бара жатыр, тамақ ішті)
Қорытынды.
- Сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы қорытындылау.
Бағалау
Смайликтермен бағалау