Қазақ тілінен бақылау жұмысы (10 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жартыжылдық бақылау жұмысы (орыс сыныбына)

10-сынып

І нұсқа


1. Мәтінді түсініп оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңдар

Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз

Біздің отбасылық бюджетіміз ата-анамның табысынан құралады. Ол - ата-анамның еңбегінің нәтижесі. Олар табысқа қол жеткізу үшін еңбек етеді. Табыстың көзі - еңбекте. Ата-анам отбасының айлық кірісі мен шығысын есептеп, үнемі отбасы бюджетін жоспарлап отырады. Көбіне отбасы бюджетін бір айға жоспарлайды. Бюджет - белгілі бір уақыт ішіндегі (ай, жыл) барлық кіріс пен шығыстың жиынтығы. Осылайша ата-анам отбасы бюджетінің шығысы мен кірісінің тең болуын қадағалайды. Ол отбасы бюджетінің қалыпты болуына көмектеседі. Бюджетті жоспарлау қаражатты тиімді пайдалануға көмектеседі, отбасының қажетін қанағаттандырады.

Ата-анам шығындарды жоспарлап, міндетті төлемақылардың тізімін жасайды. Одан кейін ең қажетті тұрмыстық заттардың, азық-түліктің тізімін жасайды. Кей кездері кірістен шығыс көп болады. Ата-анаммен бірге мен де өз шығынымды қадағалауға тырысамын.

  • мәтінге 3 сұраулы сөйлем құрастырыңдар

  • төмендегі зат есімдерді септіктермен сәйкестендіріңдер:

Атау ата-анаммен

Ілік шығындарды

Барыс табыстан

Табыс біз

Жатыс табысқа

Шығыс еңбекте

Көмектес азық-түліктің


2. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіріңдер:

3. Сөйлемдерді аяқтаңдар:

  • Қазақта тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама - … … .

  • «Тіл құрал» оқулығын жазған - … … .

  • Қазақфильм киностудиясы ... ... атымен аталады.

  • Қабанбайдың шын аты - … .

  • «Түріктер мекені» - ... қаласы.


4. «Қаржы, ақша, бюджет» тақырыбына 2-3 мақал-мәтел жазыңдар.










Жартыжылдық бақылау жұмысы (орыс сыныбына)

10-сынып

ІІ нұсқа


1. Мәтінді түсініп оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңдар

Сәбиге ат қою

Қазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрлер бар. Көп дәстүрлер бүгінгі күнге дейін сақталған. Қазақ халқы балаға ат қоюға ерекше мен береді. Қазақ халқында «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады» деген наным-сенім бар. Ат таңдағанда түрлі ырымдар, тілектер ескеріледі. Ата-аналар бала есімінің мағыналы, көркем әрі әуезді болғанын қалайды. Нәрестеге үш күннен қалдырмай атасы мен әжесі немесе ауылдағы сыйлы адам ат қояды. Ат қоюшы адам нәрестенің құлағына: « Сенің атың ...» деп үш рет қайталайды. Бұлайша ат қоюды «азан шақырып ат қою» деп атайды. Ат қойған адамға арнайы сыйлық беріледі. Нәрестенің құлағына азан шақырып, жақсы ат қою - ата-ананың перзенті алдындағы маңызды міндеттерінің бірі.

Мәтінді түсініп оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңдар:

  • 3 сұраулы сөйлем құрастырыңдар

  • Менің атым тіркесін жекеше және көпше түрде тәуелдеңдер


2. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіріңдер:

3. Сөйлемдерді аяқтаңдар:

  • Қазақта тұңғыш академик атағын алған - … … .

  • Қазақ әліппесін (төте жазу) жасаған - … … .

  • «Екінші Аристотель» - … .

  • Шоқан Уәлихановтың шын аты - … .

  • «Ақмешіт» бекінісі - ... қаласы.


4. «Қонақ» тақырыбына 2-3 мақал-мәтел жазыңдар.