Тәуелсіздік тірегі - білімді ұрпақ қазақ тілі (10 - сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы:

Пәні:

Күні:

10 «__» сынып

Қазақ тілі

______ жыл

Сабақтың тақырыбы:

«Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды тақырып бойыша сөйлету.

Сабақтың міндеттері:

  1. Лексикалық, грамматикалық тақырыптарды қайталату.

  2. Сабақты жан-жақты қарастыруларына мүмкіндік жасау.

  3. Оқушыларды қазақша сөйлеуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

Оқулықпен жұмыс жасайды, сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді, қазақ тілін еркін қолданады.

Дерек көзі:

Ғаламтор

Сабақтың барысы

Психологиялық ахуал

Амандасу. Жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен таныстыру. Бір-біріне жақсылық тілеу.

Кезекшімен диалог.

Кіріспе

«Біздің мемлекетіміз» ауызша топтастыру

Негізгі бөлім

Өткен тақырыптарға шолу жасау

Өткен оқу жылында өткен ережелер бойынша сұрақтар қою

Мәтінмен жұмыс


Мәтінді оқу, сұрақ қою, мазмұндау

Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ

Біз тәуелсіз, бай мемлекетте тұрамыз. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында екені белгілі. Сондықтан мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін жақсы білім алуымыз керек. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында: «Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ» - деп атап айтты. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, жастарымыз білімді болсын деп тілейік! Себебі бұл жастардың алдындағы үлкен парыз.

Грамматика

Тәуелсіздік, ұрпақ- тәуелдеу

Сөздерді сөз құрамына талдау: білімді, тәуелсіз, алуымыз, мемлекетіміздің, алдындағы.

Диалог құру

«Мемлекет болашағы»

Бағалау

Оқушылардың белсендігі, жауаптары бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

«Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ» шығармашылық жұмыс /эссе, сөзжұмбақ, тұсаукесер.../