Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасындағы өмір шындығы
Мақсаты
Тарихи драмада бейнеленген адамдар тағдыры арқылы өмір шындығын, автор идеясын ұғындыру, образдар жүйесіне талдау жасау дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже
Қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастан кешкен қасіретін таниды;
Оқушылардың өз бетімен ізденіп оқуы мен шығармашылық дағдылары қалыптасады.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ. Проблемалық оқыту, өзара оқыту.
Керекті құрал-жабдықтар
Оқулық, Интербелсенді тақта.Презентациялық слайд материалдары, бейнефильмдер.
Сабақ әдісі
топтастыру, салыстыру, талдау, ойқорыту, сахналық қойылым,т.б.
Сабақбарысы:
Сабақ
кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
1.Тренинг
2.Смайликтер арқылы топқа бөлу
3.Тақырыпты қысқаша қайталау үшін 3 топқа тапсырма ұсынылады:
Жазушы өз дәуірінің - жаршысы
І топ
Ш.Мұртаза өмірі мен шығармашылығы туралы
ІІ топ
Көркем шығарманың бір түрі - драмалық туындылар, ерекшеліктері. “Бесеудің хаты” драмасы
ІІІ топ
Тарихи шындық. 1933 жылғы елдегі жағдайдың шығармадағы көрінісі
Тренингке қатысады.
Топқа бөлінеді.
Өткен тақырыпты естеріне түсіреді.
Оқушылар берілген тапсырмаларға топпен жұмыстана отырып, сұрақтарға жауап береді.
Тұсау кесер
Бейнефильм. “Қазақстандағы ашаршылық”
Көрініс. Бірінші бөлім. Бірінші сурет.
Қатысушылар:
Голощекин - Крайкомның І секретары
Құрамысов - Крайкомның ІІ секретары
Исаев - Бюро мүшесі
Елеусіз - Бюро мүшесі
Оқушылар You Tube сайтынан алынған бейнефильм арқылы тарихи кезеңнің ащы шындығына көз жеткізеді.
Сынып жалпы сұраққа жауап береді
Негізгі бөлім
Топтық жұмыс. Постер қорғау.
Топтарға тапсырма беріледі.
І топ. Хатта қамтылған негізгі мәселелер.
ІІ топ. Бесеу кім еді?
ІІІ топ. Драманың әрі қарай қысқаша мазмұны.
Мұртаза - шебер драматург
І топ. Сталин, Голощекин туралы тарихтан не білеміз? Олар қандай кейіпкерлер? Сипаттама беру.
ІІ топ. Ғ.Мүсірепов қандай адам? Рысқұлов кім?
ІІІ топ. Құрамысов пен Ивановты салыстырыңыздар.
Ой толғаныс
І топ. Драмада кездесетін мақал - мәтелдер мен тұрақты тіркестердің шығарма көркемдігін арттырудағы әсері, тауып оқу.
ІІ топ.
“Дүн дүние тек махаббаттан жаралса, аштық та аулаққа кетер еді да.” “Махаббат шіркін шоқ қой. Сол шоқ сөнбесе, өмір өлмейді.”
Ғ.Мүсірепов сөзінің астарын ашып түсіндіріңіз.
Балымның айтпақ ойы не еді?
Мақалмен ой қорыту
ІІІ топ. “Киіз туырлықты, қыл құйрықты ел едік...”
“Ашаршылық зобалаңы” тақырыбына эссе немесе өлең жазу.
Постер қорғайды.
Топтар бір-бірін 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалайды.
Сұраққа жауап береді, ізденеді.
Оқушылар бір-бірін тыңдайды, топ ішінде әңгімелейді.
Берілген ресурстар бойынша жұмыстанады.
Қорытын
ды
Кері байланыс.
Рефлексия
Көрініс. Он үшінші сурет.
Қатысушылар:
Голощекин, Құрамысов, Жантоқов, Елеусіз, Мүсірепов.
Бейнеролик.
31 мамыр - ашаршылық пен саяси- қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні
Бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды.
Үйге тапсырма. Ойтолғау жазу
1- топқа: Ел басына күн туса, халық күйзелсе, сен не істер едің?
2- топқа: “Елім -ай” тақырыбына шығарма жазып келу
3- топқа: Ер есімі – ел есінде...(Қазақстан атын әлемге паш еткен азаматтар туралы)
«Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім»
“Тілек ағашы” [pic]
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Өмірден мысалдар келтіреді.
Жазықсыз атылған жандар туралы не білетіндерін айтады.
Оқушылар стикерлерге өз әсерлері мен пікірлерін жазып «Тілек ағашына» жапсырады,оқиды.