Қазақ тілінен ашық сабақ 7 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Бекітемін»

Мектеп директоры

Утешова Ж.С_________

«___»________2014 ж





15 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Масатова Майжанның қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімдік жоспары.






Сабақ 3


Сабақтың тақырыбы:

Зат есімнің септелуі.

Мақсаты:



Зат есімнің септелуін түсінеді.Септік жалғауларының белгілі бір грамматикалық мағына үстейтінін меңгереді.


Жұмыс нәтижесі:

Қазақ тіліндегі септіктің жалғаулары мен сұрақтарын біледі.Өз ойларын анық айтады, ашық сұрақтар айтады, тез талдауды біледі. АВС оқушылары мен жұмыс. Диалог,топтық жұмыс арқылы барлық оқушылар қамтылды,дарынды және талантты балалар анықтала бастайды.

Сілтеме:

Қазақ тілі 7-сынып Алматы «Атамұра» 2012ж

Негізгі идеясы:

Септік жалғау зат есімге жалғанғанда,грамматикалық мағына үстеп,басқа сөздермен байланысқа түседі.Қазақ тілінде 7 септік түрі бар:атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктері.


Ресурстар

Электронды оқулық , постер, түрлі түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор, желім, қайшы, электронды оқулық


Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Тренинг «Жүректен жүрекке»

Оқушыларды фото қималарын құрастыру арқылы топқа бөлу,

«Жеті септік » бейнефильмін көрсету.

«Миға шабуыл» пробл-қ мәтін сұрағы

Сергіту сәті

«Флешмоб»

«Бақытты сәт» оқыта үйрету ойыны арқылы тапсырмалар.

Грамматикалық тапсырманы орындату


Кластер жасату

Күту

Танымдық ойын

Оқушының іс-әрекеті:

1.Бір топта 6 оқушыдан топқа бөлінді.

2.Тренинг Балауыз арқылы бір-біріне жақсы, жылы тілек білдіру.

3. Оқушылардың жауабы.

4.Мәтінмен жұмыс, АКТ қолдану арқылы (ұялы телефон), қосымша мәлімет жинау.


5. «Бақытты сәт» оқыта үйрету ойынын қолданып, жауап беру арқылы бағаланады.

6. Тапсырманы орындау, дәлелдеу.

7. Жасалған кластерді қорғау

8.Интерактивті оқыта үйрету ойын тапсырмалар орындалысы




Ойлауды Блум

бойынша жіктеу

Мақсат

Тапсырма түрі.

Түрткілер.

Нәтиже

Бағалау

критерийлер

дескриптор

Ұпай

Жиынтық баға

Білу

«Бақытты сәт» оқыта үйрету ойыны арқылы

жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын ашық сұрақтар беру.

АВС-оқу шылармен жұмыс жүреді


1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есім қалай түрленеді?
3. Зат есімнің септіктерін ата.


Тыңдалым, сөйлесім, айтылым, жазылым арқылы қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді.

Білім көлемін зерделеу


Сұраққа толық жауап берді

3


Сұраққа толық жауап бермеді

2

Сұраққа мүлдем жауап бермеді

1

Түсіну

Оқулық мәтінін игерту.

Интерактивті тақтадан «Жеті септік » бейнефильм арқылы




Оқулық бойынша топтық жұмыс, жж жұмыс, мәтінмен жұмыс, бейнефильммен жұмыс, түртіп алу. Зат есімнің септік жалғау- лары мен септіктердің аты
А. Кім? не?
І.Кімнің? Ненің? - ның, - нің, - дың, - дің, -тың, - тің
Б. Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке
Т. Кімді? Нені -ны - ні, -ды, - ді, - ты, - ті
Ж. Кімде? Неде?-да, -де,-та, - те
Ш. Кімнен? Неден? - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
К.Кіммен? Немен? -мен, - бен, - пен
Сонымен септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде олар басқа сөздермен байланысқа түсіреді.

Тақырыптың басты идеясын табу

Тақырыптың басты идеясын табу

Тапсырманы толық орындады

3


Қателіктері болды

2

Мүлдем орындай алмады

1

Қолдану

«Миға шабуыл» пробл-қ мәтін сұрағы.

Тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамыту. салыстыру.

Сергіту сәті

«Флешмоб»

Алған білімін тәжірибеде қолдана

алады.

Іс-тәжірибе жасау дағдысын қалыптастыру

Қалыптасқан

3


Толық емес

2

Қиын

1

Талдау

Берілген тақырып бойынша кластер қорғау, талдау, әңгімелеу.

Слайд. Топтық жұмыс жүреді, мақ- сат қояды,міндеттерін белгі- лейді, постер қорғайды,АВС оқушылары мен жұмыс жүре- ді.1-топ берілген сөздерді септейді,2-топ сурет бойынша әңгіме жазады және септіктерді табады.3-топ мақал-мәтелдерден септелген сөздерді табады.

Салыстыру арқылы пікірталасқа түседі.

Пікірталасқа түсу

диалог құрып,қорытынды жасайды

3


тек диалог құрайды

2

жұмысқа қатыспайды

1

Жинақтау

«Танымдық ойын» оқыта үйрету ойыны арқылы

Оқулықтан 31-жаттығу Берілген сурет бойынша шығармашылық жұмыс жа- сау.5 жолды өлең құрастырады

Қажеттілігін салыстыра нақтылайды

Жағдаяттан шыға білу құзыреті

Толық шықты

3


Қиналды

2

Шыға алмады

1

Бағалау

Дүниетанымын кеңейту.

Жағдаяттан шығу тапсырмасын орындау.

Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді. Топтарға бір-бірін бағалату.

Топ бір-бірін «Гүлсыйлау» арқылы бағалайды. Бағдаршамға рефлексия жазу арқылы.

Мұғалім бағалайды.

Логикалық ойы

Креативті

3


Ойы жүйелі, тың ойы емес

2

Жалпыға ортақ ой

1

Үйге тапсырма:


32-жаттығуды орындау,септіктер мен жалғауларды жаттау.