Сабақ жоспары Наурыз құтты болсын 10 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Наурыз құтты болсын!

Сабақтың мақсаты: Халық салт-дәстүрлерді, әдеп-ғұрыпты дәріптеуге оқушыларды тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сахналық көрініс,тұсау кесер,наурыз туралы ән- жырлар,би.

Көрнекіліктер: Халықтың салт-дәстүрін бейнелейтін суреттер, буклеттер.

1. «Жеті шырақ» көрінісі.
Жеті жігіт шырақ алып шығады.Орталарына Қыдыр ата келеді.Олар Қыдыр атаны жерге жеткенше басын иіп. Қазақша көкірегіне қолын қойып сәлем етіп, қарсы алады.
2. Қыдыр ата бата береді:
Жарқыра, жайна Наурызым,
Қабағы жаудың түйілсін.
Береке-байлық –дәм-тұзың,
Халқыма мәңгі бұйырсын!

МҰҒАЛІМ:-Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз құтты болсын. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілікпен,ақ ниетпен қарсы алады.Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып,дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын!
Қош келдің, Наурыз.
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз,наурыз – жыл басы,
Наурыз- бақыт жалғасы.

Көкке күннін өрлетіп,
Ешкі қойын төлдетіп,
Қаймақ, сүтін көлдетіп,
Келді Наурыз- наурыз айы.
Қарсы алайық Наурызды.

3.«Шашу»- қазақ киім киген әже.
4.Ән «Наурыз»

Наурызым! Байлық- берекем!
Өзіңмен ғана ел екем!!!
Бар былғыр, ол сен жоқта,
Қол жетпейтін жер екен.