4 сыныпқа арналған ашық сабақ (Кітапхана)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мектеп кітапханасы

Тақырыбы: Мектеп кітапханасы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушының білімдік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Сөздік қорын молайту 
Дамытушылық : Тақырып бойынша оқушылардың ой-өрісін байыту, тапсырмалар орындау. Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. 
Тәрбиелік : Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру.Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке үйрету. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 
Танымдық : Сөйлеу , ойлау , көру қабілеттерін дамыту . 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, жаттығу жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:

  1. Сәлемдесу, сабаққа бейімдеу

  2. Кезекшімен сұхбат

бүгін сыныпта кім кезекші?

  • Кім жоқ?

  • Қазір қандай жыл мезгілі?

  • Бүгін ауа райы қандай?

2.Үй тапсырмасын тексеру: Кәне балалар біз өткен сабақта сөйлем түрлерін өттік.

1.Қазақ алфавитінде неше әріп?

2.Тәң дыбыстар нешеу?

3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата?

4.Үнді дауыссыз дыбыстарды ата?

5.Қатаң дауыссыз дыбыстарды аты?

6. Жуан және жіңіше дауысты дыбыстарды ата?

3.Сабаққа кіріспе:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы «Мектеп кітапханасы» болғандықтан, мен сабақты мақал – мәтелдерден бастағым келеді.

Кітап - білім бұлағы, 
Білім - өнер шырағы.

Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім. 


Книга – источник знаний

Знания – свет искусства.


Книга – наука, безмолвный учитель.


1.Бұл мақал-мәтелдер не туралы?

2.Бұл мақалдарды қалай түсінесіңдер?


Жақсы, енді жаңа сабаққа көшейік.

Мақсаты: Мектеп кітапханасы туралы мәлімет алу, сабақта болған жаттығулармен жұмыс жасау.

Қазір сөздік дәптерімізді ашамыз жаңа сөздерді жазамыз.

Шығарма – произведение

Көбінесе – в основном

Өлеңдер жинағы – сборник стихов

Ұлттық кітапхана – Национальная библиотека


ТАПСЫРМА №1. Тақтада сендерге мәтін берілді. Біз оны оқып аударамыз.

Мектеп кітапханасы.

Мен №3 мектепте оқимын.(Вадим) Мектеп Дүйсенов көшесінде орналасқан. Мектеп үш қабатты.(Миша) Бірінші қабатында кітапхана бар. (Паша)Кітапхана үлкен, кең, жарық. Терезелері аулаға қарайды.(Никита) Кітапханашы өте мейірімді адам. Мектеп оқушылары оны өте жақсы көреді. Кітапханада қазақ, орыс, басқа елдерден ақын – жазушыларының шығармалары, журналдар, энциклопедиялар көп. Мен кітапханаға жиі барамын. Мен көбінесе қазақ халқының ақындарының шығармаларын оқуға аламын.

ТАПСЫРМА №2. Сүрақтарға жауап жазу.

1.Мәтін не туралы?

2.Мектептің нөмірі қандай?

3.Мектеп қандай көшеде орналасқан?

4.неше қабатты?

СЕРГІТУ СӘТІ.



ТАПСЫРМА №3. Жұмбақ шешу.

Қырық екі аты бар,

Таңысаңдар – айтыңдар. (Әліппе)


Бір қарыс таяқ алдым.

Алдым да, жұмысқа салдым. (Қалам)


Темір тілді,

Күміс үнді. (Қоңырау)


Ойнақтаса қолында,

Із қалмайды соңында. (Өшіргіш)


Оқушыға күнде еріп жүретін не? (сөмке)


ТАПСЫРМА №4. Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар, олардың түрлерін

ата.

1.Библиотека открыта? 2.У Жанар есть богатая библиотека. 3. Где находится Национальная библиотека? 4.Книгу «Менің атым Қожа» написал Бердібек Соқпақбаев. 5. Это очень интересная книга. 6.Абай Кунанбаев – поэт казахского народа. 7.У тебя есть сборник его стихов? 8. Какая интересная книга?


4. Бекіту. Жақсы балалар, енді сабағымызды «Синквейн» ойыны арқылы қорытамыз.Сендер бес жолдық өлең құрастырасыңдар. Кітапхана тақырыбына.

1.Зат есім. Кітапхана

2.Сын есім. Үлкен, жарық

3.Етістік. Жабық, ашылды

4.Сөз тіркесі. Кітапхана ашылды

5.Сөйлем. Кітапхана бірінші қабатта орналасқан.


5.Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау, “Менің кітапханам” шығарма жазу 5 сөйлем.

6.Оқушылар еңбегін бағалау.