Ашық сабақ: Несие және оның түрлері мен маңызы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Көпсалалы «Ұгағат Қызылорда» колледжі



Келісемін: Бекітемін:

Колледж әдіскері Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

______Альмердинова Ұ.М. ______Рахымжан А.Б.

«23» қараша 2015жыл «23» қараша 2015жыл






Ашық сабақ

жоспары

Тақырыбы: «Өнімдерге денсаулық сақтау органдары бекітетін талаптар.

Қоршаған орта және ауылшаруашылығы »

Пәні: «Маркетинг»

Мамандық: 1503000 «Маркетинг»

Оқу тобы: М-21

Оқытушы: Мұсаева Қайыркүл Мұсақызы






Қаралды:

«Экономикалық-техникалық

және арнайы» пәндер бірлестігінде

Хаттама №__ «23» қараша 2015жыл

Бірлестік төрайымы:

______Абдимомынова М.Ш.


Қызылорда 2015жыл

Сабақ жоспары № 22

Мамандығы: 1503000 «Есеп және аудит»

Пән : «Маркетинг»

Оқу тобы: М-21

Өткізілу уақыты: 24 қараша 2015жыл

Өткізілетін орын: № 11 дәрісхана

Сабақтың тақырыбы: «Өнімдерге денсаулық сақтау органдары бекітетін талаптар.

Қоршаған орта және ауылшаруашылығы »

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Несие туралы түсінік беру, несие түрлері мен несие алушылардың несие қабілеттілігін анықтау жолдарымен таныстыру.

б)Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту, ақша мәселесін шещу барысында өмірге дұрыс бейімдеу, кез келген жағдайда дұрыс шешім таба білуге үйрету. Олардың білімін жетілдіру, ой –өрісін, қиялын дамыту.

в)Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, үнемшілікке тәрбиелеу, өз елінің байлығын қорғауға, жауапкершілікке баулу, отан сүйгіштікке, еңбекке және экономикалық тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың типі: Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың әдісі: Ақпараттық, проблемалық., бинарлық, иллюстрациялық, сұрақ-жауап, баяндау, дискуссия, нұсқаушылық, жартылай ізденушілік, лекция, ойын, эврикалық, инсерт, онлайн әдістері т.б.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютерлік техникалық құралдыр, флипчарт, презентация, мультимедия, нормативтік құжаттар, слайдтар, тірек сызбалар т.б.

Пәнаралық байланыс: «Қаржылық есеп», «Ұйым экономикасы», «Саланы ұйымдастыру», «Қаржылық талдау»


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі, оқушылардың назарын сабаққа аудару- 2мин

2.Үй тапсырмасын тексеру -5 мин

Үй тапсырмасын пысықтау үшін «Боулинг» ойын сұрақтары:

-Бюджеттен тыс қорларды қалай түсінуге болады?

-Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қажеттілігі неде?

-Инвестициялық инновациялық қаржы қорлар неге бағытталған?

-Қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы бюджеттен тыс қорлардың рөлі қандай?


3.Жаңа сабақтың тақырыбы: «Несие және оның түрлері мен маңызы.

Несиені есепке алу және оны талдау»

Оқытушының түсіндірмесі бойынша қаралатын сұрақтар : - 55 мин

Жоспары:

А) Несиенің мәні және оның қағидалары

Б)Несие түрлері және несиелеуді ұйымдастыру

Жауапты оқытушы:Мұсаева Қ.М.

В)Несиелік операцияларды бухгалтерлік өңдеу

Жауапты оқытушы: Рахымжан А.Б.

Г)Ұйымның несие қабілеттілігін талдау

Жауапты оқытушы: Таубаев Н.

Д)Тақырып бойынша топ студенті Фазилат Назеркесінің дайындаған ізденіс жұмысын тыңдау – 5мин


«Несие деген не?» - деген сұрақ қою арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, жаңа сабақты түсіндіремін. Флипчартқа, содан соң оқушы дәптерлеріне : «Не білем», «Не үйрендім», «Нені үйренгім келеді?» сұрақтарды жаздырамын а) Несие-нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономиканың дамуының ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілері мен қатар мемлекетке, үкіметте, сонда-ақ жеке азаматтар да пайдаланылды. Несие-бұл пайыз төлеу қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетні саудалық капитал қозғалысы. Несие ақшалай капиталының саудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып , несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты белгілейді.

Президент жолдауынан

2-3 мин /Президент жолдауы 2014 ж. 17 қаңтар видео/


«Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мұдде, бір болашақ»

Сұрақтар бойынша лекция: НЕСИЕ ДЕГЕНІМІЗ- халық шаруашылығында бос жүрген ақша қаражаттарды қайтып беретіндей етіп, білгілі бір мерзімге ақылы түрде қарызға беру.

НЕСИЕ ҚАҒИДАЛАРЫ:

-Несиенің мақсаттылығы

-Несиенің мерзімділігі

-Несиенің қайтарымдылығы

-Несиенің төлемділігі

-Несиенің қамтамасыз етілуі


ҚР-ның несие жүйесінің бір тармағы және ең бастысы банк жүйесін айтуға болады. ҚР-ның 1996ж 31 тамыздағы «ҚР-ғы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес ҚР екі деңгейлі банк жүйесі бар. Бірінші деңгейінде Ұлттық банк, ал екінші екінші деңгейінде коммерциялық банткер. Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметіне қызмет көрсетуімен байланысты несиелік, есеп айырылысу және қаржылық қызметтердің барлық түрлері мен айналысады.






















б) Қазіргі уақыттар қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші- банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда- қарыз алушы болып көрінеді. Қарықға алушы- несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады.



































Коммерциялық несиенің басты мақсаты-тауарлардың сатылу процесін жеделдету және пайданың жылдам алуының қамтамасыз ету. Оған тән белгіге оны пайдаланғаны үшін сатылған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төмен болатын пайыздың қосылуы жатады. Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістін ауқымы мен тауар айналымын көлеміне тікелей байланысты болады.

Банк несиесі. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне сауданы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандырылған қаржы несие ұйымдарына , көбінесе банктерге , қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекеттерге беріледі.

Тұтыну несиесі. Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындарының, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай- ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатысты тұтыну несиенің мазмұны құрайды. Айқырша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарапта болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын , яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады. Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі.

Ипотекалық несие. Жылжымайтын мүлікті кепілге сату арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:

-ипотекалық несие бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несиеегердің алашағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең сенімді несие ретінде саналады;

-ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол тұрғын үй мен өндірістік үй жағдайлары қаржыландыру, сатып алу, тұрғын үшін және жер учаскілерін игеру үшін пайдаланылады;

-ипотекалық несие, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі.

Халықаралық несие. Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы капиталдың қозғалысын білдіреді. Осылайша халықаралық несие қайтару, мерзімді және ақылы шаттарының негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен ұғым. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ол төлем баласының тапшылығы жабудың құралына және жинақтаудың қосымша көзіне айналды.

Лизингілік несие. Қазақстан 2000 ж бері қолданылып келеді. Лизинг- бұл негізгі құрал- жабдық мүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметінің түрі.


Банк қызметкеріне сауал/онлайн


Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

-несиеге деген өтінішті қарау;

-несиелік қабілетін талдау;

-несиелік келісім-шарт жасау


Несиені рәсімдеудегі негізгі құжаттар:

/ иллюстрациялық көрсетілім/

Несиелік шарт, Несиені төлеу кестесі, Несие картасы т.б.


Провизия көлемі несие бойынша мыналардан тұрады:

Стандарттық бойынша -0

Күмәнділер бойынша-1 категория -5 %

2 категория – 10 %

3 категория -20 %

4 категория – 25 %

5 категория -50 % негізгі қарыз сомасынан

Үмітсіздер бойынша негізгі қарыз сомасынан -100%


Несие өтеу жолдары/ интернет материалы/

в)Несиелік операцияларды бухгалтерлік өңдеу. Банктердің несиелерін есепке алу ұзақ мерзімді несиелерді беру ҚР Ұлттық Банкі бекіткен «ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне » сәйкес жүзеге асырылады.

Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық Банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.

Несие өтеу қабілеті болып кәсіпорынның борышты міндеттерін толығымен және уақытында есептесе алу деп түсінеміз.

Алынған қарыздар есебі 3000 «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер » және 4000 «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшесінде жүргізіледі. 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыз», 3020 «Қысқа мерзімді алынған зайымдар», 4010 «Ұзық мерзімді банктік қарыздар», 4020 «Ұзақ мерзімді алынған зайымдар» атты пассив шоттарында жүргізіледі. Банктік қарыздар есебі банк көшірмелерінен және оған тіркелген құжаттардың бір күндегі немесе бірнеше күндегі жалпы сомасынан жүргізіледі.


Несие қозғалысы бойынша операциялар

Несие алушы тұлғалар бойынша шаруашылық операциялар


Шаруашылық операциялар мазмұны


Дебет

Кредит

1

Кепілдік орнын кепілдігімен алынған зайым

1030

3020

2

Кепілдік беруші орынға есептелген пайыздық құн

7210

3380

3

Несие берушіге есептелген пайыздық құн

7310

3380

4

Пайыздық құндар аударылып өтелді

3380

1030

5

Банктік шоттан несие берушіге қайтарылған несие көлемі

3020

1030







Несие беруші тұлғалар бойынша шаруашылық операциялар


Шаруашылық операциялар мазмұны


Дебет

Кредит

1

Несие алушыға аударылған несие-қарыз бір жылдық мерзімде

3020

1030

2

Несие берушінің шотына кепілдік пайыздық құнның аударылуы

1030

1270

3

Алынған несие қарыздың түсуі

1030

3020


Сызбамен жұмыс. Яғни сызбаны сұрақтарға жауап беру арқылы, сызба астындағы жасырылған суретке түсініктеме беру керек.

Сызба сұрақтары:

-Егер ұйым 1 жылға 10% өсіммен 100000 теңге қарыз берсе, ақшаның болашақтағы құны қанша болады.

-Бактік қысқа мерзімді несие есепшотке кірістелді. Осы шаруашылық операцияға қандай шоттар корреспонденциясын құрамыз.

-Несиелік шартта көрсетілген пайызбен есептелген төлемге қандай шоттар корреспонденциясын құрамыз.

-Несиелік келісімшартта қандай ақпараттар көрсетілуі керек.

-Валюта түрінде алынған несиелер бойынша валюта айырбастау кезінде нарықтық бағамның өзгеруі нәтижесінде міндеттемелердің көбеюіне қандай шоттар корреспонденциясын құрамыз.

-Жабдықтаушыға берешек банк несиесі есебінен өтелінді. Осы шаруашылық операцияға қандай шоттар корреспонденциясын құрамыз.


г) Ұйымның несие қабілеттілігін талдау


Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайтын манызды көрсеткіштердің бірі- несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігі «несиеге қабілеттілік» түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі (ТҚ) кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды. Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен кәсіпорынға олардын ұйымдастыру-құқықтық нысандарына тәуелсіз , кешенде несие-есептік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған желісі қалыптасуда.Берілген несиелердің қозғалысын талдау – әрекет етуші қаржылық есеп берулерді және бухгалтерлік есептердің мәліметтерін оқып- тануды қарастырады.

Берілген несиелердің қозғалысына талдау жүргізу үшін аналитикалық кесте мына турде берілуі мүмкін: