Ашық тәрбие сағаты Әке-отбасы тірегі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Мақсаты:  Отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Қыз бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.

2.Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу.

3. Үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсінуге тәрбиелеу. 

Ұйымдастыру формасы: өнеге сағаты

Жабдықталуы: интерактивті тақта, шарлар.

Көрнекіліктер: видеороликтер, фото-шоп,

Тәрбие әдіс-тәсілдері: өнеге-үлгі, түсіндіру, жағдаяттар кезінде ойлану, демонстрация әдістері.

ӨТІЛУ БАРЫСЫ: 

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Топ жетекшісінің кіріспе сөзі:

Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру, тәрбиедегі маңызына назар аударту

ІІ. Негізгі бөлім.

2) Таныстыру.

1 –слайд

1-жүргізуші –: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ардақты ата-аналар!

Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығуы қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі « Ана сүтін ақтау» деп аталады.

2-жүргізуші –: «Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.

1-жүргізуші:

Жанар,біздің бүгінгі тәрбие сағатымызда, осы тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында өтпек.

2-жүргізуші: Ендеше, неге тұрмыз. Бүгінгі өнеге сағатымыздың қадірлі қонақтарын ортаға шақырайық.

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңдер, қадірменді әкелер,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.

1-жүргізуші –: 
Қажыбекова Назгүлдің әкесі Қожағұлов Еркін Қажыбекұлын,

Рамазанова Нұргүлдің әкесі Малаев Ғабит Рамазанұлын,

Хасенова Айдананың әкесі Иманбаев Әльжан Хасенұлын төрімізге шақырамыз.

1-жүргізуші –: 

Тәрбие сағатымыздың эпиграфы ретінде Қорқыт атаның: «Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас» - деген нақыл сөзін алып отырмыз. Ендеше, ата-ана, оның ішінде әкенің бала тәрбиесіндегі орны туралы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы жөнінде сіз болып, біз болып, ой бөлісейік, сырласайық.

Сыр-сұхбат бөлімі:

Ой қозғау үшін мынадай сұрақтарға назар аударыңыздар.

1. «Әкеге қыз бала жақын» дейді. Осы пікірге қөзқарасыңыз?

2. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде болуына қалай қарайсыздар?

3. Қазіргі қазақ қызының тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

4. Қызыңызды тәрбиелеуде қандай қағиданы ұстанасыз?

Қазір сұхбатымызды үзіп Ахметқали Еңліктің орындауындағы

4) Әке туралы Монолог (Фондық әуен «»)

Әкедей тірек табылмас,

Әкесіз жүрек қағылмас.

Асқар тауың тұрмаса,

Жанымның шамы жағылмас.

Әкемен өмір мәндірек,

Әкемен жатар ән түлеп.

Әкеге деген сағыныш

Айтар ем, қалар мәңгі деп.

Перзентін сүйген әкелер,

Аялап мәңгі мәпелер.

Әке деген сұрасаң,

Аспаннан айды әперер.

Әкелер сенім тірегі,

Ананынң сүйген жүрегі.

Қосылса екі құдірет

Орындалған тілегі.

Әкемен күнің жарық қой,

Әкелер деген алып қой.

Дүниеге келіп қуантсаң,

Жасайды саған анық той.

Әкенің сөзі оқ деген,

Әкеден асқар жоқ деген.

Қарайып жүрсе касыңда,

Уайым қайғы жоқ деген.

Әкемен басың жоғары,

Әкемен орның толады.

Әкесі сүйген баласы,

Мәңгі бірге болады.

Аман болсын асқарың,

Өтер өмір қас қағым.

Тіршілік тілі әкелер,

Қадірлей біл жастарым.

6) Сыр-сұхбат

1-жүргізуші: Сұхбатымызды ары қарай жалғастырсақ,

7) Бейнеролик

Қаталдық, адалдық, отансүйгіштік, білімділік. Бұлар – бұрынғының әкелері еді. Көпке топырақ шашпаймыз. Дегенмен, әкелерімізге қазіргі ата ұрпақтың көңілі толмай жатады.

Қазір сіздерге ұсынатын бейнекөрінісосы тақырыпқа байланысты, ой- қозғап отырсаңыздар.

Бейнекөрініске назар аударыңыздар.

Тұрмыс тіршілігінің қиындығына төзе алмай, әкелік жауапкершіліктен қашқақтап отбасы ауыртпашылығын анаға ғана ысырып тастап,басын сауғалап жүрген әкелер де бар.Сондай әкелердің қатары қаламызда да аталып жүргені қынжылтады.

-Қазіргі таңдағы осы тындаған келеңсіз жағдайлардың етек жаюының себебі неде деп ойлайсыздар?

- Сұхбаттасыпбізбен бірге ой бөлісіп отырғандарыңызға көп рахмет.

8) Әкелердің ән-шашуы.

1-жүргізуші: Әке өзінің ақылымен, даналығымен ғана үлгі емес, өнерімен де ұрпағына үлгі. Сондай әкелердің бірі Қожағұлов Еркін ағамыздың орындауында ән «Ойлан балам».

2-ші жүргізуші:

Біздің бүгінгі кешіміздің 2-ші бөлімі: Сіз қызыңызды жақсы білесіз бе? Қыздарыңызды қаншалықты жақсы білесіздер сұрақтар қоямын?

«Сіз қызыңызды жақсы білесіз бе?» 
1.Қызыңыздың туған күні, айы жылы?

2. Қызыңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?  

3. Қызыңыздың сүйікті асы қандай?

4. Қызыңыздың мұғалім мамандығын таңдауда сіздің ықпалыңыз болды ма?
1.Қызыңызға қандай еркелететін сөз айтасыз? 
2. Қызыңыздың
сүйіп көрген мультфильмі
3.
Қызыңыздың атын кім қойды?

4. Қызыңыздың былдырлап тілі шыққандағы алғашқы сөзі есіңізде ме?

Бұл сұрақтардың жауабын экраннан тамашалайық.

10) Қыздардың орындауында қазақ биі 4 қыз орындайды.

11) «Әкешім»атты ашық -хат жолдау. Әкеге арнау.

Олардың көркем бейнесі суреттелген шығарамаларға тоқтала кетсек.

( Оқушылар үзінділерді мәнерлеп оқиды.)

Әділбекова Назерке:Әкем мен үшін ғажап, керемет адам. Әке отбасында ақылшың. Әкетәрбиесін көрген адамның өмірге деген көзқарасы, сана сезімі жоғары дәрежеде дамиды деп ойлаймын. Әке тәрбиесін көрген бала ешқашанда жаман болмас. Сол себептен де, балалар, бәріміз де әкелерімізді құрметтейік! Қадірлеп-қастерлейік, сыйлайық, ардақты, теңдесі жоқ, асыл әкелерімізді!

Нұржан Тоғжан:: «Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - сіз менің сүйікті әкешім. Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз. Мен сізден көп тәрбие алдым. Сіздің бақытты аман - сау болуыңызды тілеймін. Сізге мына өлең шумақтарын арнаймын.

Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,

Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,

Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

Қабыл алғын бала – жүрек тілегін.

Құмарова М: Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері - біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.

Ғаббасова Лаура: Әке, әке, әке! Осы үш әріп мейірімді әрі естір құлаққа жағымды. Иә, солай

Бірінші сыныпты аяқтап, әліппемен қоштасу кешін өткізгенде қолыма нан ұстап, тықылдап тақпақ айтқаным есімде. Қандай тақпақ екенін ұмытыппын. Сонда партаға жайғасқан ата-аналар ішінде әкем жылап отырды...бірде үйден өтірік сұранып, кешке кеткенімді біліп қойды әкем. Маған үндемеді. Балалығымдағы ең ауыр жаза – әкемнің маған ренжіп, сөйлемей қоюы болатын. Басқалар құсап, айқайлап ұрысып, қол көтерген емес мүлде. Ренжіткеніме жылап, енді қайталамайтынымды айтып, кешірім сұрағанымда: - «Саған өтірік айтуды үйретіп пе ем? Берген тәрбиемді жоқ қылғаның не?» - деді. Сөйтті де құшағына қысты...Әкемді сағындым... тірегім бар деп, шіреніп жүруші ем...

Жан әкемді еске алу

10жыл өтті асқар тауым құлағалы,
10 жыл өтті анам іздеп жылағалы.
Әр күніміз сағынышпен өткенімен
Жүрегіміз әке деп соғады әлі.
Ән саламын сағынғанда өзіңді,
Жебеп жүрші әке қара қызыңды.
Өзің едің мына өмірде тірегім,
Жалғап келем Алла деп ізіңді.

12)Әкеге сағыныш биі.

2-жүргізуші:

13) Көрерменнің ой-толғанысы. Видеокөрініс ұсынамыз өз ой-толғаныстарыңызды қозғап отырсаңыздар. Бейнекөрініске назар аударыңыздар.

-Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай болмақ?

.......ағамыздың орындауында .......күйін тыңдасақ

ІІІ. Қорытынды

14) Ән:Әке туралы жыр.

Сөзі: Мұхтар Шахановтікі

Әні: Нұргиса Тілендиевтікі

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күніертең не боларынойламаған.

Шарықтапкетсемдағықанатқағып,

Өзіңдейқамқорәкеқайдамаған

Сүрінсемсынайқарап от жанарың,

Сен меніжақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қаталмінезіңнен,

Күшалыпмақсатымааттанамын.

Жан әке, шертіпсезімдомбырасын,

Кеудемдіқуанышқатолтырасың.

Арманныңасқарынақұлашұрсам,

Алдымдаасқар тау боп сен тұрасың

Бұлкүнде мен де өзенніңарнасымын,

Кіммөлдірболсасоныңжолдасымын.

Қуан сен, қуанабер, әкетайым,

Мен сеніңөміріңніңжалғасымын.

1-жүргізуші:

Жаңбырмен жер көгереді, 
Батамен ел көгереді демекшіатамыздан ақ бата сұрайық.

Әке, Әке, Әке ! Қымбат әрине

Ол қамқоршы жанұяға әр үйге.

Отан үшін, жанұя үшін мен үшін

Аямайды не өмірін не күшін,-дей келе Әкенің бала тәрбиесіндегі орнының ерекшелігін естен шығармайық. Әкелерімізді құрметтейік.

2-жүргізуші:

Бүгінгі тәрбие сағатымызға уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге көптен-көп алғыс айтамыз. Тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.