Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


- Оқушыларға поэманың тақырыбы мен идеясын ашуға,өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беру;

- Алған білімдерін қазіргі өмірмен байланыстыру арқылы тақырыпты ашуға көмектесу;

-Топпен жұмыс түрлерінің іздену ортасын құру;

Күтілетін нәтижелер

Поэманың кейіпкерлерімен танысады

Поэмадағы адам, қоғам, табиғат мәселелерінің

жырларының көркемдік сипаты, идеялық мұратын ашады.

Әдебиет теориясынан мол мәлімет алады.

Дерек көзі

9 сынып қазақ әдебиеті оқулығы, презентация, бағалау парақтары,плакаттар.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі емес

Қолданылатын модельдер

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер: диалогтік оқыту, дарынды және талантты балармен жұмыс, АКТ, көшбасшылық,сыни тұрғыдан ойлау





Сабақтың барысы

Психологиялық дайындық

(1 минут)

Оқушылармен амандасу

Психологиялық ахуал орнату

Оқушыларды түгендеу

Мұғалімдермен амандасады.

Оқу құралдарын дайындайды.





Топқа бөлу (1 минут)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырамын

Топқа бөлу. «Әдебиетшілер»,«Тарихшылар»

Топқа бөлінеді. Топ басшысын тағайындайды.

Түрлі түсті стикерлер


Негізгі бөлім

(12 минут)













12 минут



Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасымен танысып келу алдын ала берілген болатын.Бір сәт «Сұлушаш» сөзінің этимологиясына көз жүгіртсек, «сұлу» және «шаш» деген екі сөздің бірігуінен жасалған. Ал сол сұлу шаштың иесі кім екеніне бүгін кеңінен тоқталатын боламыз.

Шығарманың сюжетіне қысқаша тоқталайықшы

(С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы оқушыларға таратылып беріледі)

Мәтінмен жұмыс

Сұлушаш пен Алтайдың дүниеге келуі поэмада қандай жолдармен бейнеленген?

Сұлушаш бейнесін оқиды (Ауыз әдебиетінің үлгілері ат қою, бесік жыры, шілдехана)

Алтай бейнесін оқиды

Ақынның шеберлігі поэмадағы кейіпкерлердің портретін заман, адам тағдырына қатысты суреттеуінде.



Оқушылар бірінен кейін бірі шығарманы баяндап шығады. Бірін-бірі тыңдайды


Поэмадан тауып оқиды







Тыңдайды. Кімнің портреті екенін табады.








Кітап


















































(Экранға назар аударайық. Оқушы оқиды)

Күн-күн санап толқыды туған айдай,

Қап-қара көз, қыр мұрын, қасқа маңдай


Қаз мойынды, кең иық, сұлу тұлға,

Тіп-тік боп тауда өскен қарағайдай.

Кір қожалақ табанын тас тілсе де,

Жүдемеді, үдеді гүл боп жайнай.


Бұл үзінді кімге арналған? (Алтайға)

Портрет деген не?

Портрет-көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін кейпін, жүріс-тұрысын суреттеу.

Олай болса, мәтіннен Сұлушаштың портретін тауып, оқып көрейік.

(Экранға Сұлушаштың суреті шығады.

С.Мұқанов пен Мәриям апайдың естеліктері айтылады)

Прототип деген не?

Топпен жұмыс

І- топ. Әдебиетшілер

Шығармаға композициялық талдау жасайды

ІІ- топ. Тарихшылар

Шығармаға сатылай кешенді талдау жасайды

Сергіту сәті

Сөздікпен жұмыс. Шығарма тіліндегі түсініксіз сөздердің түсіндірме сөздігін жасау.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

1 оқушы: Алтайға мінездеме бер

Сұлушаш-ерке, шолжаң емес, ақылды, парасатты қыз.

2 оқушы: Сұлушашқа мінездеме бер

Алтай- адамгершілігі жоғары жігіт
















Жеке, жұпта, топта талқылайды.

Бірін-бірі тыңдайды,

Топтастырады.

Постер қорғайды.

Дәптерге жазады.



Оқушылар жырды тыңдайды.

Жеке, жұпта, топта талқылайды.

Бірін-бірі тыңдайды, топтастырады.

Постер қорғайды.

Дәптерге жазады.



Қорытынды

(3 минут)

Шығарма халықтық «Сұлушаш» эпосының негізінде өлеңмен жазылған роман.Себебі С.Мұқанов кішкентайынан халық эпостарын жаттап өскен. Шығармадағы Сұлушаш байдың


қызы болса да, кедейден шыққан Алтайға ғашық болады. Оның кедейлігін мін санамай, адамгершілік қасиетіне бас иеді.Мұның өзі Сәбит Мұқановтың өз өміріне қатты ұқсайды. Сәбит те кедей отбасынан шығып, өзінің еңбекқорлығының арқасында осындай үлкен жазушыға айналды.

Ойларын қорытындылайды,

Ой толғаныстарын жазады.


Дәптермен жұмыс жасайды.

Дәптер, қалам.




Үй тапсырма

(1 минут)

«Менің елесімдегі Сұлушаш» (Эссе)


Оқушылар ұқыптық танытып, үй тапсырмасын жазып алады.


Кері байланыс


(1 минут)

Сабақтан алғаң әсерің...

Оқушылар сабақтан


алған әсерлерін, тақырыпты қаншалықты меңгергенін, ұсыныс-сұрақтарын стикрлерге жазып тақтаға іледі.

стикерлер

Бағалау

(2 минут)


Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.

Әр оқушы берілген кестелерін толтырып, өзін-өзі бағалайды, мұғалім оқушылардың пікірлерін тыңдап, қорытынды баға шығарады.

Бағалау парағы,

















































Келісілді Бекітемін

Мектеп директорының оқу ісі №7 мектеп-гимназия директоры:

жөніндегі орынбасары: ______________ Айтова Ж.Т.

__________ Сағындықова С.А. «___» ___________ 2016 жыл

«___» ___________ 2016 жыл







Ашық сабақтың тақырыбы:



Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы



Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімі

Мұхамбетова Қамажай Қайырбайқызы









Астана қаласы







Бағалау парағы Сынып: ____________

Бағалау критерийлері төмендегідей: «Жоғары» 16-18балл «Жеткілікті» 12-15балл «Орташа» 6-11 балл «Төмен» 0-5 балл