Сабақтың тақырыбы:Кит-алып.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларды жабайы жануарлар туралы қазақша айта білуге үйрету, сауатты сөйлеуге, жазуға, оқуға дағдыландыру;
2.Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, танымын кеңейту, оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін жетілдіру, сауаттылықты арттыру;
3.Тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік тілді үйренуге және құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,мәтінмен жұмыс, тапсырмалар.
Көрнекілік :сурет,сөзжұмбақ,бейнефильм,слайд ,карточка
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныппен амандасу.
-Кім кезекші сыныпта?
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
-Қазір қай сабақ?
-Сенде бүгін неше сабақ?
ІІ-Үй тапсырмасын тексеру.
а/Сыныптың жалпы үй тапсырмасын орындағанын тексеру
ә/Ертегі көрінісі.
ІІІ-Жаңа сабаққа көшу.
-Ал енді балалар біз жабайы жануарлар модулін жалғастырамыз.
Сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр.Сендер қандай суда тіршілік ететін жануарларды білесіңдер?
Оқушылардың жауабы.
Онда сендер қазір мына бейнефильмге назар аударыңдар.Оқушыларға *кит*туралы бейнефильмді көрсетемін.Көріп болғаннан соң,сыныпқа сұрақ.
Сендер мына бейнефильмнен қандай су жануарын көрдіңдер.
-Оқушылардың жауаптары.
-Киттің түрі қандай?
- Ол қайда тіршілік етеді.
Онда бүгінгі сабағымызда біз әлемдегі ең ірі китпен танысамыз.Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстырып өтемін.
Енді125-беттегі Кит-алып мәтініне назар аударамыз.Сендер қалай ойлайсыңдар Кит-алып қалай аударылады.
Аудармасы-алып-гигант.Ал кім алып сөзінің синонимін біледі.
Сөздікпен жұмыс.
Ұсталды-был пойман
салмағы-вес
Ұзындығы-длина
ірі-крупн
ІV-мәтімен жұмыс
а/өзім оқимын.
ә/мәтінді оқушылардың өздеріне оқыту.
ә/оқушыларға оқытамын,жеке-жеке,хормен,тізбектеп.
б/мәтіндегі сан есімдерге назар аудартамын.
Интерактивті тақтада мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазу.
1947-(бір мың тоғыз жүз қырық жеті)
28,7-(жиырма сегіз бүтін жеті)
140-(жүз қырық)
1926-(бір мың тоғыз жүз жиырма алты)
33,3-(отыз үш бүтін үш)
V-.тапсырма. Оқушыларға карточкалар үлестіру.
2-тапсырма.Үлгі бойынша сөздерді аударып,сын есімнің шырайларын жасау.
Үлгі:большой-үлкен-үлкендеу-өте үлкен.
VI-тапсырма.
1.Мәтін бойынша үш сұрақ құрастыру.
2. Кит сөзін септеу.
2.үлкен көк ең кит.
VII-Сөзжұмбақты шешу. Мына сөздердің аудармасын дұрыс тапсаңдар әлемдегі ең үлкен киттің аты шығады.
1.Рыба сөзінің аудармасы қалай.
2.Вес-қалай аударылады.
3.Жабайы аң медведь қалай аударылады.
4.Ең үлкен китті қай елдің кит аулаушылары ұстады?
5.Киттің салмағы-140....
6.Большой сөзінің аудармасы.
VІІІ Бекіту.Оқушыларға кластерді істетіп,бүгінгі сабақта кит туралы не білдік соны жазу.
Ойын ойнату.
-Ал,енді кімге сабақ Қызықты өтті деп санаса? Қызыл оюды қағазға жапсырады.
Кімге ұнаған жоқ сабақ қызықсыз өтті деген оқушылар көк оюды жапсырады..
Бағалау.
Үй тапсырмасы.125-бет. Мәтінді оқу,әңгімелеу.