Сабақтын тақырыбы Қала мұражайларына саяхат

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бағдарлама жоспары: Өлкетану туризмі

Сабақ тақырыбы: Қала мұражайларына саяхат

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Қалалық мұражайлар туралы түсінік беру, экскурсиялар жасау.

Дамытушылық: Туристік экскурсиялар, экспидициялар арқылы оқушының

мамандығына және туған өлкеге деген патриоттық сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына , қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: - География

  • Экология

  • Тарих

  • Өлкетану

Оқыту әдісі: Оқушыларды саяхат, экскурсия арқылы қаламыздың

мұражайларымен таныстыру

Сабақтың техникалық және материалдық жабдықталуы:

  • Слайдтар

  • Топшамалар

  • Суреттер

I. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу

2. Жоқ оқушыларды белгілеу

3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Кіріспе нұсқау

Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бейімдеу (өткен сабақты қайталау, слайд)

  1. Үсіктен сақтану жолдары қандай?

  2. Топты сақтандырушылар қандай ережені міндетті түрде орындау керек?

  3. Шаңғы жорығы кезіндегі көбіне кездесетін қауіп-қатер?

  4. Салқын тию кезінде гі алғашқы медициналық көмек?

  5. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде психологтар қандай кеңес береді?

  6. Инструкторға қойылатын талаптар қандай?

  7. Жорық барысында жыра-сайлардан қауіпсіз өту үшін міндетті түрде қандай әдіс-тәсілдерді меңгеруі қажет?

  8. Шаңғы арқылы төмен түсудің қандай тәсілдерін білесін?

Жаңа тақырыпты баяндау (конспект)

Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі [link] тарихи мұражайлар 16 – 18 ғасырларда пайда болды. Мұражайдың қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайы

Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейі ең көне және тарихи маңыздылығы зор музейлердің бірі. Музей 1832 жылы мектеп мұғалімі М.К.Курининнің ұйымдастырылумен ашылған. Атақты орыс ғалымдары Г.С.Крелин, Н.С.Северцев, Л.С.Берг музейді ұйымдастыруға ат салысқан. Бұл ғимарат 1879 жылы орыс(қырғыз) қазақ мектебі үшін шығыстық сәулет өнері бойынша салынған. Орал облыстық атқару комитетінің шешімімен 1980 жылы облыстық тарихи өлкетану музейіне берілді. Бүгінгі таңда осы музейдің құрамында бірнеше дүниелер бар.

Қазақ халқының қол өнер туындылары тұрмыстық туындылары тұрмыстық заттар, батырлардың ер тұрмандары мен сауыт саймандары, хандардың билік белгісі асатаяқ, ханша Фатиманың камзолының көшірмесі, кіші жүз хандарының портреттері бар.

Музейде археология, орта ғасырлық Алтын Орда кезеңінің және Жайық қалашығының пайда болу тарихы, Кеңес кезеңінің тарихы, Батыс Қазақстан облыстық білім мен ғылым өнерімен мәдениет салаларының даму тарихы, қазақ халқының этнографиясы, Қазақстан Республиаксының тәуелсіздігіне арналған залдар бар. Жас ұрпақтарды тәрбиелеу мен білім беру ісіне өз үлесін үнемі қосып отырады. Социологиялық зерттеулердің ұлттық мұраларға жастардың қызығушылығын арттыра түскендігін ескере отырып, музейдің ғылым қызметкерлері мектеп, лицей, гимназия мен колледждердің оқушыларына арнап музейлік педагогикалық бағдарламалар жасайды. Бағдарламалар музейдің түрлі жұмыстарын біріктіреді. Бұл экскурсиялар, лекциялар, музейлік сағаттар, әңгіме кештері өткізіліп тұрады.

Жаңа сабақтың кіріспе нұсқауы бойынша білімдерін бекіту

1. "Мұражай" сөзі қай тілден аударылады, қандай мағына береді?

2. Мұражайдың атқаратын ролі?

3. Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайы қашан, кімнің бастамасымен ашылды?

4. Мұражай экспонаттары?

5. Мұражай залдары?

Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

Егер сұрақтарыңызға толық жауап алған болсаңыздар сабағымыздың келесі бөлімі тәжірибелік бөлімді бастайық!

ІІІ. Ағымдағы нұсқау. Оқушылар шебердің практикалық көрсеткендерін қауіпсіздік ережелеріне сүйене отырып орындайды.

  • Оқушыларды топтарға бөлу

  • Қауіпсіздік ережелеріне тоқталу

  • Тапсырмалар бөлу

  • Өз беттерімен жұмыстану

  • Әрбір оқушыны жекелей қадағалау

Жұмыс орнын қарап өткенде:

  1. Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру

  2. Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау

  3. Технологиялық процестің орындалуын бақылау

  4. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау

  5. Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау

ІV. Қорытынды нұсқау.

  1. Жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын атап өту

  2. Қателіктерді сипаттап олардың орын алу себебіне тоқталып өту

  3. Оқушылардың бағаларын хабарлау

  4. Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинастыру