Сабақтың тақырыбы: Данышпан Ұлы Абайым.
Нұрмағамбетова Асылша Қуанышбайқызы
Қараман орта мектебі
10-сынып
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Абай Құнанбайүлының өмірі мен ақындық жолына жан-жақты шолу жасап, өлеңдеріне мазмұндық жағынан талдау жасау.
2.Дамытушылық: Абай тілінің мағынасын, шеберлігін түсініп, әдеби тілде сөйлеуге шыңдау.
3.Тәрбиелік: ақынның өмәрәнен, шығармаларынан үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу, эстетикалық талғамын байыту.
Көрнекіліктер: Абай энциклопедиасы,Абайдың портреті,қаттама, бейнетаспа, үнтаспа, компьютер.
Сабақты өткізу әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, баяндау, мәнерлеп жатқа айту, ән айту.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу, сыныпты түгендеу.
2.Сабақтың барысы,мақсатымен таныстыру.
Үнтаспа арқылы өлең тыңдау
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем мың кісіден.
Өлмеу үшін – құлқыңды жемдеу үшін,
Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.
Сұрақ: Балалар, ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаев кім туралы тебірене жырлады?
Оқушылар жауабы.Мониторда Абайдың портреті, сабақтың тақырыбы, эпиграф.
Мұғалім сөзі: Балалар, біздің сабағымыздың тақырыбы «Данышпан ұлы Абайым» деп аталады. Сабағымыздың эпиграфы ретінде Абайдың әрі туысы, әрі шәкірті болған Шәкәрім қажының сөзі алынды «Ибраһим мырза данышпан философ еді»
Бірнеше сабақ бойы біз ұлы Абайдың шығармашылығымен танысқан едік. Бүгін сабақта Абайдың шығармаларына қорытынды жасап, үйреніп білгенімізді бекітеміз. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде Абайды «Қазақтың бас ақыны» деп бағалады. Шынында да Абай қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын. Оның шығармаларында сол кезеңдегі қазақтың қоғамдық өмірінің ,халық тіршілігінің шытырман шындығы терең де көркем бейнелеген. Сонымен қатар ақын кіршіксіз, адал махаббатты жырлайтын, табиғат сұлулығын суреттейтін ғажайып өлеңдер тудырды. Біздің сабақ бірнеше бөлімдерден тұрады.
Сабақтың бірінші бөлімі(мониторда) «Жүрегімнің түбіне терең бойла»
1.Абайдың өмірбаянын тірек сызба арқылы әңгімелеу
2.Мәнерлеп оқу.
Мұхтар Әуезовтың жазғаны
«Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер,ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп төркіні барын байқаймыз. Мұның біріншісі-қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы, халықтың ауызша әдебиет қоры. Ақын Абай осы қордан көп нәр алып, сол арқылы өз өлеңін көп көркейтті. Екінші бір қол артқан қазынасы- араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем классикалық поэзиясы.Үшінші- үлкен өнер, мол білім алған зор саласы-орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Еуропа мәдениеті. Осы соңғы өріске құлаш созған Абай өз заманы үшін әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек еді»
Шәкәрім қажы шежіресінен естелік
«Мен пақыр өз әкем өткен соң, ұлы атамыз хажы марқұмның тәрбиесінде қалсам да, бұрыннан және хажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан махрум қалып, ойыма не келсе соны істеп, әдепсіз өстім. Сөйтсе де, түркі танып, орысша хат танып қалдым. Мұнан кейін-әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды. Сол кісі мұсылманша әрі орысша ғылымға жүйрік, әрі Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек, дана кісі еді. Ер жеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім.»
Көрініс «Абайдың балалық шағы»
Автор: Жас Абай оқудан туған ауылына қайтіп келеді. Бүкіл ауыл Абайды қарсы алуға шықты. Қарсы алушылардың арасында шешесі Ұлжанды көріп, шешесіне ұмтылады.
Ұлжан: - Әй, шырағым, балам, әне, әкең тұр, соған сәлем бер.
Құнанбай: - Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсын – ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп, білімің өсті ме? Әжеңе бар! Әжеңе сәлем бер!
Әжесі Зере: - Жаман неме! Маған бұрын келмей, әкеңе кеттің ғой! Жаман неме! Қарашығым, қозым, Абайжаным!
Абай: - Әже қалайсын? Денсаулығың қалай?
Әже: - не деп жатырсың? Естімедім.
Абай: - Әже-ау, былтыр мұндай емес ең құлағына не болды? Неге естімейсің?
Әже: - Балам-ау, әжеңде қуыс кеуде болмаса, не сымбат қалды?
Абай: - Әже, қазір мен сені емдеймін, ұшықтаймын:
«Ұшады бозша торғай көдені ықтап,
Басасың аяғынды нықтап-нықтап
Кәрі әжем естімейді, нана берсін,
Берейін өлеңіммен шын ұшықтап!
Суф-ф-ф!»
Абай: - Әже, қалай, құлағың ашылды ма?
Әжесі: - Е, құлағым жақсы боп қалды!
Естимін! Өркенің өссін, балам, Абайжаным.
Сабақтың екінші бөлімі
1.«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»(мониторда жазылады)
Енді ұлы ақының өлендеріне шолу жасаймыз. Өткен сабақтарда айтылғандай ақын жастарды оқуға, білім алуға шақырады. Білім, ғылым тақырыбына көптеген өлендер жазды.
(Оқушы жатқа «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқиды)
Мониторда.
Адам болам десеніз:
Енбек
Терең ой
Қанағат
Рақым
Өсек
Өтірік
Мақтаншақ
Еріншек
Бекер мал шашпақ
Сұрақ: адам болу үшін неден қашық болу керек, неге асық болу керек? Өлеңнің негізгі ойы қандай?
Оқушы мәнерлеп «Қыс» өлеңін оқиды. Абай ақынның табиғат туралы жазылған өлендері бар. Олар: «Жаз», «Жазғытұры», «Қыс», «Күз» деп аталады. Маған «Қыс» деген өлеңі ұнайды. Бұл өлеңінде ақын қысты қалай суреттеген? Есімізге әдебиет теориясын түсіреміз.
Кейіптеу (олицетворение) – жансыз затарды жанды түрде бейнелеу.
Кәрі құда, ақ сақалды, сықырлап, долданғанда
Теңеу – бір нәрсені бір нәрсеге ұқсату – дай, -дей, -тай, -тей жұранқтары арқылы жасалады: ұшпа-дай, бұлт-тай, боран-дай.
Келесі бөлім «Құлақтан кіріп бойды алар» деп аталады. Балалар; Абай атамыз 30-дан астам ән жазған. Сол әндердің ішінде «Көзімнің қарасы» деген өлені, сүйікті қызы
Тоғжанға арналған. (бейнетаспадан көрініс)
Оқушылар хормен ән орындайды.
Сабақтың келесі бөлімі «Абай және орыс әдебиет» деп аталады (мониторда жазулы). Абай жас кезінен-ақ орысша хат таныған. Бірақ оның орысша кітаптарды, орыс әдебиетін оқуға шындап кіріскен уақыты – 30-дан асқан кезі. Абай осы кезде Семейде жер аударылып келген Е.П. Михаэлиспен танысып еді. (Оқушы мәнерлеп М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді оқиды).
Мұғалім сөзі: осы уақытта кітапханада Е.П. Михаэлис отырған еді. Михаэлис өзі келіп Абаймен танысады. Абай Михаэлиспен достасып, аралас-құралас болып жүріп, Долгополов Ы.И., С.С. Гросс сияқты Семейде айдалып келген бірнеше адамдармен жақын танысады.
Схема бойынша әңгімелеу.
В.Ю. Лермонтов
Крылов
«Татьянаның Онегинге жазған хаты»
«Онегиннің Татьянаға жауабы»
«Татьяна сөзі»
«Қаранғы түнде тау қалғып»
«Менің сырым жігіттер онай емес»
«Теректің сыйы», «Қанжар»
«Қараға мен түлкі»
«Есек пен бұлбұл»
«Аққу, шортан һәм шаян»
«Құмырсқа мен шегіртке»
Сүрақ: Абай аудармалары қазақ халқына не берді деп ойлайсыздар?
Екі елдің мәдениеті мен әдебиетін байланыстырды.
Қазақ әдебиетінің жаңаша дамуына әсер етті .
Қазақтың әдеби тілін дамытты.
Балалар, біз ұлы Абай туралы айтқанда, тағы да бір ұлы есім туралы айтпай кете алмаймыз. Ол кім деп ойлайсыңдар? (балалар жауабы) Абай дегенде ойымызға Әуезов келеді, Әуезов дегенде ойымызға Абай есімі келеді. Қазақ әдебиетінің 19-ғасырдағы асқар биігі – Абай, 20-ғасырдағы заңғар асуы – Әуезов.
Оқушы М.Әуезов туралы:
Мұхтар Омарханұлы Әуезов дүние жүзіне белгілі «Абай жолы» роман – эпопеясын жазды. Бұл Әуезовтың Абай тақырыбындағы ең ұлы туынды. Абай жолының бірінші кітабы 1942 жылы, ал екінші кітабы 1947 жылы жарық көрді.
Кейінгі ұрпақ жырын жаттап қанықты,
Кім білмейді Абай сынды алыпты
Нұрын шашып, бағын ашып қазақтың
Абай атын кім әлемге танытты?
Айдың орның баса алады күн ғана
Таудың орнын баса алады шың ғана
Ұлы Абайды жырлау үшін қазақша
Керек болды Мұхтар сынды бір дана
Сабақтын келесі бөлімі «Абай туралы пікірлер» деп аталады. Осы бөліммен сабағымызды қорытындылаймыз.
«Ибраһим мырза данышпан философ еді» (Шәкәрім)
«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан біз білетін ақын болған жоқ» (А. Байтұирсынов)
«Абай адамзаттың өркениет тарихындағы ұлы тұлға Абай – қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны».
Федерико Майор, ақын.
Сабақты қорыту: сонымен, балалар, осы пікірлер мен таныса отырып, шығаратын қорытынды ой қандай? жауап береміз.
Абай – данышпан, философ
Абай – бас ақын
Абай – ұлы тұлға
Абай – адамзаттың ақыны
Балалар, қазақ халқының ұлы ақыны Абай атмыз болашақ ұрпаққа сөзін былый деп арнаған:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Данышпан Абай қазақ халқының шамшырағы болды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы заман тынысы, халық үні. Талай жылдар өтсе де, жастардың Абай даналығынан үйренері көп.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: шығарма жазуға дайындалу, реферет дайындау.