Жігітті жолдасынан таны (11 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Е. Өмірбаев атындағы орта мектебі













Тәрбие сағат

«Жігітті жолдасынан таны»



Джанаева А.Х.





















Форт-Шевченко қ-сы 2016 ж.



Тәрбие сағатының тақырыбы:«Жігітті жолдасынан таны»



Тәрбиесағатыныңмақсаты:

1.Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту

2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

3. Оқушылардың бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыру.


Сабақтың түрі: Пікірталас

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ұлы адамдардың нақыл сөздері, ән, би, слайдтар, шарлар


Сабақ барысы:

I. Кіріспе

II. «Ойлан, тап!» (Мақал-мәтелдерді жалғастыру)

ІІІ. Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

ІV. Жағдаяттан шығу

V. Қорытынды.


I. Кіріспе


1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі «Жігітті жолдасынан таны» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!


2-жүргізуші:

Абай атамыз айтқандай:

Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,

Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше.

Кеңшіліктедос та дос, қасыңдадос,

Таршылықта қайырылмаған дос та өзгеше.


1-жүргізуші:

Ал, Мұқағалиша айтсақ:

Досым саған сенемін, сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген-адамның көрігі екен.

Достық деген-ақылдың серігі екен.

2-жүргізуші:Бүгінгі сабағымыз пікірталас түрінде өтпек. Сондықтан өз ойларыңды ортаға салып отырсаңыздар. Жоғарыда айтылған өлең жолдарынан не ұқтыңыздар?


1-жүргізуші :Дос деген кім?

1.Сыр бөлісетін адам.

2. Мені өте жақсы түсінетін адам.

3. Көмекке ардайым дайын адам.

4. Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.

5. Сенімді адам.


2-жүргізуші:

Қане,елестетіп көрейікші егер достық қолмен ұстап , көзбен көруге болатын дүние болғанында қандай сипат алар еді?

1.Достық ұстаған кезде қандай болады ойлайсыздар?

1-жүргізуші:

2.Дәмі қандай?

2-жүргізуші:

3.Қандай ауа- райын достыққа теңеуге болады?

1-жүргізуші:

4.Достық деген сөзді қандай жануармен байланыстыруға болады?

2-жүргізуші:

5.Достықты қандай бояулармен бейнелер едіңіздер?


1-жүргізуші:

Аңыз. «Екідос»


Ертеде жаугершілік заманда қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болыпты. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Олардың мал-мүліктерін тиеп, қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Екі достың біреуі жау қолына түседі. Оны естіген досы күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруын өтінеді. Келген соң ол: «Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп сатып алуға келдім, менің оған айырбасқа берер малым да мүлкім де жоқ. Бір-ақнәрсеберемін, ол-өзімнің

өмірім. Досымдыбосатыңдар! Олүшінөзімніңөмірімдіқияредім»-дейді.

Қолбасы оны сынамақболып: -Жарайды мен сені қыршыныңнан қимай аққояйын, мағансолөміріңніңбірбөлшегінғанаберсеңболады-дейді. –Ол не?-дейдідосынқұтқаруғакелген, асыққанжігіт.

-Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, -дейді қолбасы.

-Олай болса, көзімді тезірек алда, досымды босат-дейді.

Жігіт бұл сыннан да мүдірмей өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, соқыр күйінде қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады»-деп ой түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген. Бұндай достармен мақтануға болады, солай емеспе?


2-жүргізуші:

-Достықтың екі түрі бар, олар: адал достық және амал достық.

Адалдостықөмірлікнұсқаболады,

Амалдостықөрісіқысқаболады.


III. «Ойлан, тап!» (Мақал-мәтелдерді жалғастыру)


1-жүргізуші:

Слайдқа қарап мақал-мәтелдердің жалғасын табайық.


1-жүргізуші:

1.Өз басыңды дауға берсең де, досыңды жауға берме.

2-жүргізуші:

2. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

2-жүргізуші:

3. Күлме досыңа, келер басыңа.

1-жүргізуші:

4. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас.

2-жүргізуші:

5. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

1-жүргізуші:

6. Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

2-жүргізуші:

7. Доссыз адам-тамыры жоқ ағашпен тең.

1-жүргізуші:

8. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

2-жүргізуші:

9. Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.

1-жүргізуші:

10. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.


IV. Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»


2-жүргізуші:

Барлығыңыз орныңыздан тұрып, бір-біріңіздің қолыңыздан ұстап, қасыңдағы сыныптасыңа бірінші жаман қасиетін, екінші жақсы қасиетін айтыңыздар. «Сын түзелмей, мін түзелмейді»-демекші сынды ашуланбай қабылдаңыз да, болашақта кемшілікті жоюға тырысыңыздар. Сонымен қатар, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»-деп халқымыз айтқандай, жақсы қасиетінде айтып, мадақтап қойыңыздар.

Рахмет! «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». Сондықтан әрқашан кешірімді болыңыздар!


V. Жағдаяттан шығу


1.Саған ата-анаң үй шаруасын орындау керектігін ескертіп, өздері жұмысқа кетіп қалды, кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып көмекке келуіңді өтінеді. Бұлжағдайда не істередің?


2. Көптенкүткенәншініңконцертіне бара жатырсың, қалтаңдабилеттіңқұнынажететін 2000 теңге бар, жолданқұрбыңкездесіп, тығызақшакерекболыптұрғанынайтып, қарызға 1000 теңгеберуінсұрады. Бұл жағдайдан қалай шығасың?


3. Екеуіңжандоссыңдар, тағыбір досың бар. Сырткөзге қарағанда қызығарлықтай құрбысыңдар. Бірақта сен оныменкөпжағдайдакеліспей қаласың. Сен қайдостытаңдаредің?


4. Сен математикаданесепшығарыпкелдің, досыңсененкөшіріпалды. Сененкеткенқатеніолбайқап, олөзінеқатесізжазды. Үй жұмысынан сен «4» дегенбаға, ал ол «5» дегенбағаалды. Сен бұл жағдайда досыңа не дейсің?


5. Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?


6.Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?


1-жүргізуші:

Енді достар бүгінгі тәрбие сағатымыздан естелікке бір-біріне дайындаған «тосын сыйлықтарын», яғни жылы лебіздерімен білдіріп берсе.


VII.Қорытынды


1-жүргізуші:

Дос

Дос емес достық сөзін көтермесе,

Сағанжердіңтүбіненжетемдесе.

Не қылыпдосатыңақосылады.

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе,

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,

Араға көпөкпе сап табандамас.

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.


2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Осымен «Жігітті жолдасынан таны»

атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңілдеріңізге, уақыт бөлгендеріңізге көптен-көп рахмет!




[pic]



[pic]



[pic]

[pic]


[pic]


[pic]