Открытый урок по казахскому языку Бурабай

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7 сынып 18.04.2016 қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Бурабай

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Өткен білімді бекіту,тапсырмалар беру арқылы оқушылар білімін тексеру.Жаңа тақырып бойынша білім беру. Сөздерді меңгеру.Табиғатжөнінде әңгімелесу.Мәтін бойынша жұмыс жүргізу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есту,сөйлеу қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:Табиғатқа деген аялы көзқарасын қалыптастырып,сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақ түрі :жаңа сабақты игеру,өткен сабақпен байланыстыру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелесу,оқу,жаздыру,түсіндіру,ойландыру.

Сабақтың көрнекілігі:табиғатқа байланысты фильм,тест тапсырмалар,сызбалар

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасын тексеру;

Жаңа тақырып бойынша жұмыс

Бекіту;

Білімін бағалау;

Үйге тапсырма

1.Мұғалім сөзі: «Қайталау –оқу айнасы,

Мақалдың бір данасы

Өткенді еске түсірсең

Ешкімнің жоқ таласы»-демекші балалар өткен сабақты қайталайық.

Балалар сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?

Мемлекетті кім басқарады?

Салауатты өмір салты деген не?

Адамға пайдалы қандай дәруменді білесіңдер?

Денсаулығың жақсы болу үшін не істеу керек?

Қазақ тілінде неше жалғау бар?

Неше сөз табы бар?

Сөйлем неше түрге бөлінеді?

Жай сөйлемнің неше түрі бар?

Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

Бүгін біздің сабақ ерекше өтеді. Біз екі топ болып жұмыс істейміз. Сабақ жарсы түрінде өтеді.Әр топтың өз жетекшісі бар.Әр топтың мүшелерін жетекші бағалау парағы арқылы бағалап отырады.

2.Табиғатты қорғау-қасиетті парызымыз.Табиғатымыз таза болса, біздің жұтатын ауамыз да таза болады.(бейнефильм көру).бұл қай жер? Қай жерде орналасқан?сонымен сабағымыздың тақырыбы қандай?Әрине, Бурабай деп аталады. «Ауасы-дертке дауа,жұпар исі,Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?» деп Сәкен Сейфуллин жырлаған мекен.

3.Сабақта меңгерілетін жаңа сөздер :

Таза ауа

Жарамсыз

Дем

Жұту

Көңіл

Ойлайсыңдар Тапсырма: сөздермен сөз тіркес құру. Сөздікке жазу.

4.Мәтінмен жұмыс:

Бурабай

Мәтінді оқып ,аудару

Сұрақтар құру

Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдау жасау.

Бурабай-Көкшетаудағы әдемі-көл.Оның суы тұщы мөлдір.Көлдің айналасы-қарағайлы,қайыңды орман.Ауасы өте таза.Таза ауамен дем алған адамның дені ау болып,ұзақ өмір сүреді.Табиғаты ерекше. Сол себепті көлдің жағасындакөптеген демалыс орындары бар.Осы жасыл орман,мөлдір өзен- көл,таза ауаны келешек ұрпаққа қалдыру-біздің борышымыз.Бурабайдың табиғаты туралы көптеген өлеңдер,аңыздар жазылған.

«Ыстық үстел»- әр топ қарсы топқа 3 сұрақтан қояды.

5.Сергіту.Мына әріптен «Ж,Т,Қ» басталатын жауап айту керек.

Таза ауамен дем алған адам қалай өмір сүреді?

Көл қандай?

Бізді қоршап тұрған не?

Қандай сабақ?

Сен қандай баласың?

Сенің жасың нешеде?

Сенің атың кім?

Сен қайда тұрасың?

6.Полиглот: «үш тіл»

Родина-

Тіл-

Kwoledqe-

Қазақстан табиғаты-әдемі

В казахстане живет 17 миллионов народа.

The capital of kazakstan in Astana.

7.Отан туған жер туралы мақал-мәтел сайысы.

8.Сабақты бекітуСендер табиғатты қорғауға қандай үлес қосасыңдар?Бізді қоршап тұрған не?Табиғатты қорғау -біздің борышымыз. «Таза болса табиғат, Аман болар азамат»

9.оқушылар білімін бағалау

Үйге тапсырма: Бурабай өңірі туралы аңыздар жазып келу