« [pic] М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дюсембинова Назира Ермуханқызы
Қазақ тілі Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім:
Сабақтың атауы
Әдеби тіл туралы түсінік.
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
«Қазақ тілі» энциклопедиясы.
Жалпымақсаттар
1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тіл туралы түсінік беру, ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығын ұғындыру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тіл туралы түсініктерін кеңейте отырып,, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Сыныпты оқушыларды төмндегі гүлдердің аттарына сай топқа бөлемін.
1-раушан гүлдері тобы
2-сарғалдақтар тобы
3-лала гүлдері тобы
Ынтымақтастық атмосферасы
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау
1.Ана тілінің қызметі туралы түсінік.
2. «Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.
Мағынаны тану
Білім тексеру:
«Ана тілі» туралы А. Байтұрсынов не айтқан?
«Ана тілі» туралы Ә. Кекілбаев не деген?
Қазақ тілінің байлығы не?
«Ана тілі» туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдеп» сөзінің негізінде жасалған.
Ол «сөз әдебі» дегенді білдіреді.
Әдеби тіл сөйлеу тілінен жоғары тұрған көрке тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.
Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл, жазбаша тіл. Мысалы: мұғалімнің сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио, теледидардан сөйлеген сөздерауызша тіл болады да, кітапта, газет - журналда жазылғандар жазбаша тіл болып есептеледі.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Сөз қылыштан өткір.
өнер алды-қызыл тіл.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Шешеннің сөзі ортақ.
Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындату.
Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi,
Орнымыздан тұрып алып.
Жүгiрейiк бiр уақыт,
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық,
Тiк көтерiп, қозғайық,
Тым сылбыр да болмайық.
Алға қарай озбайық,
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Әдеби тіл дегеніміз не?
Ауызша тіл дегеніміз не?
Жазбаша тіл дегеніміз не?
І деңгей
Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу
Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер.
ІІ деңгей
Мәтіндегі ойды түсініп оқыңдар.
Адам өміріндегі тілдің орнын әңгімелеңдер
Тіл, сөз туралы 2- 3 мақал ойлап жазыңдар.
ІІІ деңгей
Төмендегі пікірлерді жаттап алыңдар.
Айтылған пікірлердегі негізгі ойды анықтаңдар.
Үй тапсырмасы
Әдеби тіл туралы түсінік,тапсырманы аяқтау
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын арқылы өзін-өзі бағалау
Парақшаларды толтырады
Кері байланыс