Жалындап өткен жас ғұмыр ғылыми жоба

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


МАЗМҰНЫ



І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Жастықтың жанартауы

2.2. Жалындап өткен жас ғұмыр

2.3. Жылаған жұрт, егілген ел

2. 4 Естен кетпес күндердің сәулелі бейнесі


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ІҮ. ҰСЫНЫС

Ү. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
















Аннотация

148 қазақ орта мектебінің 8 «В» сынып оқушысы Басықараева Сандуғаштың «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты ғылыми жобасы Сыр өңірі Қазалы мекенінің тумысы, Шығыстың жарық жұлдызы атанған, көрнекті қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың тау бейнелі тұлғасын танып-білу, зерттеп-зерделеуге арналған.

Жұмыстың мақсаты: Қасиеттi Сыр топырағында туған тумысы бөлек тұлғаның бiрi Ғани Мұратбаевтың ХХ ғасыр басындағы жастар ұйымының аса талантты өкiлi ретінде еткен ерен еңбектерін зерттеу арқылы жергілікті бұқаралық материалдағы мақалаларды жинақтай, музей материалдарымен, ол туралы көркем шығармалармен таныса отырып, өзіндік бейнесін ашу. Оның туған еліне атқарған орасан зор өнегелі істерін көпшілікке таныту.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Ғани Мұратбаевтың қоғамдағы, жастар ұйымын басқарудағы атқарған еңбектері танылып, оның жас ұрпақ алдындағы орасан зор істері өз дәрежесінде танытыла білсе, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабалар рухына деген, олардың атқарған істеріне деген құрметтері артып, таным қабілеттері арта түсер еді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Бабалар ісін ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта Ғ.Мұратбаевтың өнегелі өмірін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің тарих, өлкетану пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

- Ғ.Мұратбаевтың өнегелі өмір жолы кеңінен көрсетілді;

- Абзал ағаның жастар ұйымын басқарудағы еңбектері, елдің бірлігін, беріктігін нығайтудағы еңбектері жан-жақты сараланып, талданды;

- Ғ.Мұратбаевтың жеке бас ерекшеліктері, өзіндік қасиеттері ашылды.

Жұмыстың орындалу әдістері. Ғ.Мұратбаев өмірімен танысу, естеліктер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, тарихи деректер жинау.










148 қазақ орта мектебінің

8 «В» сынып оқушысы Басықараева

Сандуғаштың «Жалындап өткен жас

ғұмыр» атты ғылыми жұмысына

 


Пікір


Оқушы Басықараева Сандуғаштың «Жалындап өткен жас ғұмыр” атты ғылыми жобасы Сыр өңірі Қазалы мекенінің тумысы, Шығыстың жарық жұлдызы атанған, көрнекті қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың тау бейнелі тұлғасын танып-білу, зерттеп-зерделеу, саралап-жүйелей отырып көпшілік қауымға танытуға арналған.

Зерттеу жұмысында Ғ.Мұратбаевтың Шығыс жастары ұйымын басқарудағы ерен ерліктеріне талдау жасай отырып, оның өнегелі өмір жолын жан-жақты ашып көрсетуге тырысқан.

Қиындыққа жасымай өскен, ерте есейiп ержеткен, қоғамдық қызметке жастайынан белсене араласқан, өз заманының озық ойлы тұлғасының еңбегiн елге дәрiптеп, ұрпаққа үлгi етудегi игiлiктi iстiң халықтың бiрлiгi мен ынтымағын нығайтудағы тәрбиелiк маңызы айрықша. Осы жолда Сандуған Ғ.Мұратбаевтың өзіндік бейнесін түсінуге, оны өз дәрежесінде көрсетуге, жан-жақты ашуға тырысқан.

Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.




148 қазақ орта мектебінің

орыс тілі пәнінің мұғалімі: Байжанова Бибайша

Кіріспе


Қазыналы Қазалының қасиетті топырағында туған, тумысы бөлек тұлғаның бірі – Ғани Мұратбаев. Ол ХХ ғасыр басындағы жастар ұйымының аса талантты өкілі болатын. Оның бойына біткен күш-жігер мен ақыл-парасат қаршадайынан халықты өзіне қаратты.

Ғани 1902 жылы 3 маусымда Сыр өзенінің Арал теңізіне құяр сағасына жақын Қазалы уезінде, қазіргі өз атымен аталатын ауыл аймағында дүниеге келген. Төрт жасында әкесі Мұратбай, он төрт жасында анасы Бәтима өмірден озған. Әке-шешеден етек-жеңін жимай айырылса да, қайсар бала қатыгездікке мойымай, жетімдіктің жетегінде кеткен жоқ. Анасы Ғаниды көзі тірісінде ояз орталығы Қазалы қаласындағы орыс-түзем мектебіне оқуға берген-ді. Бұл мектепте үш жыл, содан соң бастауыш училищеде үш жыл оқып, 1917 жылы орыс революциясының өршіп тұрған кезінде Қазалыдағы оқуды тәмамдап, бір жылдай революциялық комитет құрамында қызмет істеді. Алайда, алғыр ойлы жігіт білімсіз іске аспайтынын түсініп, Ташкент қаласына оқу іздеп барады. Мұнда педагогикалық училищені және мемлекеттік мектепте оқып, білім алады. 1919 жылы жастар ұйымына мүшелікке қабылданады. Осы күннен бастап Ғанидың жалындаған өмірі жастар ұйымымен тығыз байланыста өтті. Сол кезеңде саяси сана-сезімі де, өмірге көзқарасы да көп жастардан озық Ғ.Мұратбаев жастар жұмысының үлгілі ұйымдастырушысы болды. 1916 жылғы, одан кейінгі оқиғалар салдарынан аштыққа, жалаңаштыққа ұшыраған жетім балаларды интернаттарға, балалар үйлеріне, мектептерге тарту ісіне белсене араласты.

1921 жылы 22 наурызда Ғани Мұратбаевтың бастамасымен Ташкент қаласында – «Жас Алаш» газетінің тұңғыш нөмірі жарыққа шықты. Ғанидың газетке қойған ұраны: «Заманға қожа болу, тұрмысқа тұтқа болудың кілті – бірігіп ұйымдасуда. Ояныңдар, ұйымдасыңдар, езілген Күншығыс жастары!»

1925 жылы 15 сәуірде Ғани Мұратбаев Мәскеудегі «Биік тау» санаторийінде ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды. 16 сәуірде Ғанидың денесі салынған табыт қоштасу үшін Мәскеу қаласындағы Шығыс Еңбекшілері Коммунистік университетінің залына қойылды. Балтық теңізі флотының 200 теңізшісі құрметті күзетте тұрды. 18 сәуірде 15 мың мәскеулік Ғаниды ақтық сапарға аттандырып салды. Қазақ елі мен жастары атынан Нәзір Төреқұлов пен Жүсіпбек Арыстанов сөз сөйледі.

Өткен аптада Сыр өңірі, нақтырақ айтсақ Қазалы жұртшылығы Шығыстың жарық жұлдызы атанған, көрнекті қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың 110 жылдығын жоғары деңгейде атап өтті.




2. 1. Жастықтың жанартауы


Қасиеттi Сыр топырағында туған тумысы бөлек тұлғаның бiрi – Ғани Мұратбаев. Ол – ХХ ғасыр басындағы жастар ұйымының аса талантты өкiлi. Оның бойына бiткен күш-жiгер мен ақыл-парасат қаршадайынан халықты өзiне қаратты.

1920 жылы Жетiсуда жұмыс iстеген Түркiстан майданы кеңесiнiң төтенше өкiлi Д.Фурманов Жетiсу еңбекшiлерi арасында саяси-ағарту жұмыстарын жүргізуге РКП (б)-ның Түркiстан жөнiндегi комиссиясынан бiлiмдi, сенiмдi кадрлар жiберудi сұрады. Ғ.Мұратбаев көмекке жiберiлген жастардың алдыңғы сапында жүрдi. Верныйда педагогикалық курстың тыңдаушыларына сабақ бердi. Ол тек оқытушылық қызметпен ғана шектелмей, жергiлiктi жастар арасында түрлi саяси жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысты.

1921 жылы В.И.Лениннiң РКСМ-нiң III съезiнде сөйлеген «Коммунистiк жастардың мақсаттары» атты сөзiн қазақшаға аударды. Наурыз айынан бастап, оқуынан қол үзбей жүрiп, Түркiстан комсомолы Орталық Комитетiнiң қазақ-қырғыз жастары арасында жұмыс ұйымдастыратын бюросының төрағасы болып сайланды. Түркiстан комсомолының өкiлi ретiнде Орынбор қаласында өткен Қазақстан комсомолының бiрiншi съезiне қатысты.

Съезде музыка зерттеушiсi, қазақ әндерi мен жырларын және күйлерiн нотаға түсiрушi Александр Викторович Затаевич Ғанидың айтуымен қазақтың халық әндерi «Дудар-ай» мен «Қатын жырауды» жазып алады. Бұл әндер А.В.Затаевич құрастырған «Қазақтың 1000 әнi» атты жинаққа енгiзiлдi. Зерттеушi журналист Сейiлхан Асқаров 1973 жылы “Простор” журналында жариялаған Ғанидың “Жизнь – пламя” атты өлеңi оның көпшiлiкке беймәлiм тағы бiр қырын танытады. Яғни, бұл Ғанидың өнерлi жiгiт екендiгiн айғақтайды.

1921 жылы 22 наурызда Ғ.Мұратбаевтың бастамасымен Ташкент қаласында Түркiстан Республикасы комсомолының үнi – «Жас Алаш» газетiнiң тұңғыш нөмiрi жарыққа шықты. Бұл Алаш жұртының рухани өмiрiнде, баспасөз тарихында мәңгiлiк есте қалар оқиғаға айналды.

Жастардың жаршысы ретінде құрылған газет тәуелсіздік алған соң демократиялық жастардың мінбесіне айналды. “Жас Алаш” әркез жаңашылдықтың үні ретінде қабылданды.Бұған қазақ коғамымен бірге қилы заманды, тоқырау мен толымды табыстарды да бастан кешкен газеттің басында жастардың тұрғаны да әсер етсе керек. Алғашкы нөмірі шыққан күннен бастап газет қашан да халықтың жағында болуға тырысты.
Қазақ жерінің тұтастығы, мемлекеттік тіл мәселесіне келгенде газет қашанда табандылық танытуымен танылды.

1921 жылы комсомол жиындарының бiрiнде жастар газетiн шығару туралы ойын айтады. Бүгiнгi «Жас Алаш» газетi жарыққа осылай шыққан едi. Ал, оның тұңғыш редакторы Ғани Мұратбаевтың өзi болған. Алғашкы нөмірі шыққан күннен бастап газет қашан да халықтың жағында болуға тырысты.
Қазақ жерінің тұтастығы, мемлекеттік тіл мәселесіне келгенде газет қашанда табандылық танытуымен танылды.

Алаш  ұранды, бөрі текті – қазақтың рухын оятқан қазақ басылымдарының алғашқыларының бірі – “Жас Алаш” газеті.

Кешегi Верный, бүгiнгi Алматы қаласында Ғани Мұратбаев 1921  жылы комсомол жиындарының бiрiнде жастар газетiн шығару туралы ойын айтады. Бүгiнгi «Жас Алаш» газетi жарыққа осылай шыққан едi. Ал, оның тұңғыш редакторы Ғани Мұратбаевтың өзi болған.

Осы жылы Ғ.Мұратбаев РКЖО-ның IV съезiне делегат болып қатысты. Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының алғашқы күндерiнде өткiзiлген Түркiстан комсомолының III съезiнде ол Орталық Комитетке мүшелікке және ұйымдастыру пленумында Түркiстан комсомолы Орталық Комитетiнiң жауапты (бiрiншi) хатшылығына сайланды.

1922 жылы Коммунистiк партия қатарына кандидаттыққа мерзiмсiз қабылданды. Мамыр айынан бастап РКЖО (Ресей Коммунистiк Жастар Одағы) Орталық Комитетiнiң Орта Азия бюросы құрылып, Ғ.Мұратбаев бюро мүшесi және хатшысы болып сайланды. Осы жылы Орта Азияда еңбекшi жастар арасындағы қозғалысты дамытудағы зор еңбегi үшiн Хорезм Республикасының «Қызыл Еңбек» орденiмен марапатталды. Қыркүйекте Түркiстан Республикасы комсомолының IV съезiн өткiзуге атсалысты. Қазан айында өткiзiлген РКЖО-ның V съезiнде Балтық теңiзi флотын комсомолдық қамқорлыққа алған Орталық Комитеттiң төралқасы мен комитет мүшелерiнiң қатарында Ғ.Мұратбаев та «Құрметтi теңiзшi» атанды.

1923 жылы Түркiстан комсомолы Орталық Комитетiнiң пленумында Ғ.Мұратбаевтың өзi дайындаған «Көп ұлтты КСРО жағдайында комсомолдың алдында тұрған мақсат: жастар арасында интернационалдық тәрбиенi iс жүзiне асыру, ұлтшылдық қалдықтарды жою, КСРО-ның еңбекшi жастарын тәрбиелеу жөнiндегi» тезисi жарияланды. Бұл оның бiлiмдiлiгiн, саяси көзқарасының кемелденгендiгiн көрсететін факт болса керек.

Ғани 1924 жылы РКЖО-ның VI съезiне делегат болып қатысты. Шiлдеде жержүзiлiк Коммунистiк Жастар Интернационалы (КИМ-нiң) IV конгресiнде оның Атқару Комитетiнiң мүшелiгiне сайланды. Қыркүйек айынан өмiрiнiң соңына дейiн Коммунистiк Жастар Интернационалы Шығыс жастары бөлiмiнiң меңгерушiсi болып қызмет атқарды.

Жұмысты берiлiп iстейтiн, тапсырылған жұмыстан бас тартпайтын, әр iстi аяғына жеткiзбей тынбайтын Ғанидың өз денсаулығына қарауға да мұршасы келмедi. Ауырдым деуге арланған намысшыл жiгiт науқасқа шалдыққанын да бiлдiрмей жүрдi. Алайда, асқынып кеткен өкпе дертi жас Ғаниды ақыры алып тынды. 1925 жылдың 15 сәуiрiнде ол мәңгiлiкке көз жұмды. Өзектi өртеген өкiнiштiң оты оның серiктестерi мен бүкiл қазақ жұртының, Шығыс жастарының жүрегiн сыздатты.

Халықтың Ғанимен қоштасу сәтiндегi қаралы митингiде Лениннiң шәкiртi және серiгi Н.И.Подвойский: «…Бiз советтiк Күншығыстың үлкен тұлғасынан айырылдық. Жолдас Мұратбаев ауыр еңбектен бас тартпай жанып кеттi…», десе, РЛКСМ Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы Н.П.Чаплин: «Ғани Мұратбаев бұрынғының лағнет атқан ұлтшылдық қалдықтарынан аулақ жас ұрпаққа жатады және солардың iшiндегi аса көрнектiсi», деп баға бердi. Ал көрнектi қоғам қай­­раткерi Нәзiр Төреқұлов: «…Оны жүректегi зерде оттай жандырды, жұмысқа сүйредi. Ғани iске бiлiмсiз келген, бiрақ жайнаған көз, жанған жүрек, сыбанған бiлекпен жан-тәнiмен келген… Ғани жабайы даланың жаужүрек ұланы, тартыстың отымен жанып кеттi…», дедi.

Мiнеки, осы сөздерден-ақ Ғ.Мұратбаевтың азаматтық және қайраткерлiк тұлғасын, абырой-беделiнiң биiк екендiгiн бiлесiң.

Ғаниды аңсамауға, оны жырламауға амалың да қалмайды. Себебi, оның жүрiп өткен жолы, iстеген iсi, айтқан сөздерi, жарқын болашаққа деген жалынды жүрегi мен сенiмi бүгiнгi және кейiнгi ұрпаққа әрқашан үлгi.

Ғанидың өмiр жолдарына көз жүгiртсең, бiлiмге құштарлық, әдiлдiк, табандылық, ұйымдастырушылық, уәдеге берiктiк, саяси тұрақтылық, шешендiк, адамдармен ортақ тiл табысу, жалған уәде бермеу, әлсiздерге қамқорлық, бастаған iстi аяғына жеткiзу, болашақты болжау сияқты тағылым аларлық қасиеттер бойында тұнып тұрғандығына көз жеткiзесiң. Бiр басында осындай мiнез бен қасиет тоғысқан асыл азаматтың өнегесiн ұрпаққа үлгi ету мiндет десек те, парыз десек те болады.


2.2 Жалындап өткен жас ғұмыр


Қазақта бұрын Ғани деген есім көп болмаған сияқты. Мұратбайдың тым болмаса екі мүшел жасқа да жетпей қыршынынан қиылған қайсар ұлының құрметіне талай оғланға азан шақырып ат қойдық. Ғанидың бұл есімді иелену тарихы да қызық. Қазалыда Ғанибай Құсайынов деген ұлты татар ауқатты кісі болыпты. Кейбір зерттеушілер оны жиырмасыншы ғасырдың басында Қазанда кітап шығарып тұрған баспагер Құсайыновтың ағайыны деп те айтады. Қазалыдағы бұрын ауыл шаруашылығы техникумы орналасқан ғимарат бір кезде Ғанибайдың меншігіндегі ауланың ішінде екен. Мұратбай болыс жиі араласып тұратын татар тамырының құрметіне баласының есімін Ғанибай деп атапты. Кейін жай ғана Ғани болып кеткен. Кезінде жұртшылық жаппай оқыған Айтбай Хангелдиннің «Ғанидың жұлдызы» атты кітабында Ғанидың алғашқы аты Ғанибет еді деп көрсетіледі. Сол кездегі идеологияның бұлжымас талаптары сақталғандықтан кітаптағы Ғани бай мен Мұратбай біріне-бірі жауығады да жүреді. Дей тұрсақ та, өз дәуірінде тиісті бағасын алған Жүсіпбек Арыстанов пен Айтбай Хангелдиннің Ғани туралы көркем шығармаларын жоққа шығаруға болмас.

Ғанидың әкесінің сіңірі шыққан кедей болғаны жөніндегі «мифтің» қалай тарағаны белгілі. Кеңес өкіметінің талабы солай еді. «Жас Алаштың» өзі де 1935 жылы «Ғани жолдас – бұрынғы Қазалы уезіндегі малмен күнелткен бір шаруаның баласы» деп жазды. Ал Мұратбай – Қалыңбас болысын басқарған кісі. Оны бүкіл Қазалы жұрты жақсы біледі. Болыс баласын жасынан оқу-білімге бейімдеген. Ғани ержеткен соң әкесінің қағаздарын жазып-сызуға жәрдемдескен.





Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!