Шұғаның белгісі
( Б.Майлиннің повестінің желісімен құрылған пьеса)
Қатысушылар:
Шұға-байдың қызы жасы
Әбдрахман-оқыған жігіт жасы
Есімбек-Шұғаның әкесі жасы
Базарбай –Есімбектің қойшысы,Әбдрахманның жолдасы
Кәрім-есерсоқ қаладан келген
Күлзипа- Әбдрахманға ғашық.
І Көрініс
3 адам келе жатыр.Бай емес орта жастағы кісілер,аттарын ұрып-ұрып әр жаққа шапқылап жүріп қояды.
1 кісі: Тым бұрыла бермеңіз,күнбатысқа таман жүрейік.
2 кісі : Сіз кейін қалған соң,мен алдыңызды орағыта беремін.
1 кісі: Жамандатқыр мынау бір ит екен,тіпті жүрмейді.(қамшымен
атын салып-салып жіберді.) Үшеуі қатарласып келеді.
3 кісі: Мынау алдымыздағы үлкен көл «Қамысақты» ға осының сол
жағын ала жүріп,жыбырлап көрінген Обаның белесінен тура
ассақ,алдымыздан бір кішкене сүрлеу келеді.Сол сүрлеумен
барып, Шұғаның белгісінен қара жолды қиып аламыз.
2кісі: «Шұғаның белгісі»дегеніңіз не нәрсе,тау ма?
1 кісі: Жоқ ,әшейін бір обашық ( аты кейін қалып бара жатқан соң
қамшыны бір ұрып қайта жетіп алды.)
3 кісі: Шұғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз ау?
2 кісі: Қайдан білейін,бұл жаққа бірінші келуім ғой.
1 кісі: Білмессіз сіздер жассыздарғой
3 кісі: Сіз білмейтін шығарсыз,жассызғой.Уақытында Шұғаның
әңгімесін бұл өлкенің баласына шейін біліп болып еді. ... Ой,
шіркін,өзі де Шұға десе,Шұға еді- ау!
2 кісі: Шұғаның әңгімесін айтсаңыз қайтеді,жол қысқарсын.
1 кісі: Айтайын.
3 кісі: Бұл қызық әңгіме,тыңдаңыз. ( перде жабылады)
1 кісі :- Менің туған інім Базарбай Есімбектің қойын бағатын.
ІІ көрініс
Музыка,ел қонып жатқан абыр сабыр,бір шетте қыздар,бір шетте жігіттер.
Кәрім: Базарбай Шұға келді ме?
Базарбай: Иә келді,не дейін деп едің.
Кәрім: Мына хатымды Шұғаға жеткізші.
Базарбай: Ой қойшы сен түгіл он алтыдағы аруға қанша жігіттің
серілері де хат жазды.Ешқайсысына жауап қайтарған жоқ.
Кәрім: Базар жеткізші енді қайтарады, оны жүрегім сезеді,сен қазір біздің болашақ махабатымызға орасан кедергі келтіріп тұрғаныңды білесің бе? Сенің кесіріңнен мені ғашығым сарғая күтуде.Сол үшін қамшымен салып-салып жіберейін бе?
Базарбай: Туу.Қандай оқпақ.Қоймадың ғой.Есерсоқ өзі кетті ме? Әкел!Әкел! апарайын.
(Кәрім кетеді,алғыс айтып)
Сыртта жүргенде өлеңін оқиды.
Қаладан алып келген боз белбеуім!
Болса да жаман,жақсы өз белбеуім.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің аман есен, көз көргенім .
(мырс етіп мазақ қылады)
Мен сені қазір қатырамын. (Қасына жігіттер шақырады.Күліп бірдеңе жазады) Оны кейін күліп оқиды.Кәрімге оқып береді.
Алаштан асып туған сымбаттым-ай,
Базардың пұлы жетпес қымбаттым-ай.
Арманым бұл жалғанда болмас еді,
Күн болса қосатұғын саған құдай.
Кәрім: Айттым ғой саған ( қуанып,көкірегін ұстап) ол менің құдай қосқан жарым Шұға! Шұға ( басқа жігіттер күліп тұрады.Біреуі шындықты сыбырлапеді) Кәрім ашуланып бұрқырап бәрін қуалайды.Сөйтіп келе жатқан Есімбекті де құлатады.
Есімбек: Ойбай не болды!жетпегір ( тұра сала қамшымен ұрып
жібереді)
Кәрім : Есімбекті байқамай Шұғаның мені жақсы көретінін
дәлелдеймін (Есімбекті енді көреді,шошып) әке дейді
Есімбек: Өй жоғал есерсоқ ит неме! Шұғаның атын атаушы болма!
жетпегір
Кәрім : ( қорқып,ұрына соғына қаша жөнеледі) Кешіріңіз,әшейін
ойнап айтам.
Шұға қасындағы қыздарымен кіреді.Есімбек Кәрімді қуып кетеді.
Шұға : Әкешім бұнда не болып жатыр .
( Базарбай амандасады)
Мезгілмен келіп көрістіңіз- ау.
( Базарбай сасып иә,иә деп басын сипап ұялып үндемейді)
Шұға : Мынау аттан түсіп жатқан кім?
( Базарбай артына қарайды)
Базарбай : А-а,Әбдрахман ғой
Шұға: Әбдрахманың кім?
Базарбай: Қазақбайдың баласы
Шұға: Әлгі учитель баласы ма?
Базарбай: Иә.
Шұға: Жап-жас жігіт екен ғой.-
Базарбай: Жас болса да бұл жігіттің көргені көп.Жастайынан кедейліктің әбден тауқыметін тартқан.Жастайынан бұзау бақты. Білесің әкесі өте кедей.Ақыры балалармен араласып жүріп учительмен танысты.Учитель де бір көзі ашық азамат екен.Зеректі баланы бірден танып «Маған мына байдың балаларынан гөрі сенің оқығаның керек» деп күні бойы бұзау мен қозы баққан балаға түнделетіп оқу үйретті.Содан Әбдрахман «Менің учительге бітіре
алмастай борышым бар»дейді.
Шұға: Сөзіңе қарасам өзі еңбекқор ма деймін
Базарбай : Иә, бірақ ақшаға,шенге еш қызықпайды.Учителі сияқты
кедей-кепшікке жәрдемін беріп жүреді.Сенің әкең де оны онша ұнатпай жүр.
Шұға : Әкемнің онда несі бар?
Базарбай: Былтыр шаруалар егін жинап бола салысымен Есімбек
күзгі асты сатып алмақ еді.Әбдрахман оны сатқызбай,қыста
сатсаңдар қымбатырақ болады деп ақыл айтты.Содан шаруалар қыстан жақсы шықты.Олжалы да болды.
Шұға: Жігіт-ақ. Қой мен кетейін ( үйге екеуі кетеді!) Әкемнің
олжамнан қақты дегені осы екен ғой.
ІІІ көрініс.
Киіз үйдің іші: Есімбек би басқалармен отырады.Әбдрахман кіреді.
Әбдрахман: Ассалаумағалейкум. Амансыздарма. (отырады)
Есімбек: Еліңді қыстан шығардың ба? Бала!
Әбдрахман: Шүкір,шығардым.
Есімбек: Жарайды,жарайды,ел қамқоры болған соң солай болу
керек де?
ІІІ көрініс
Киіз үйдің іші.Есімбек би басқа да бай ақсақалдармен отыр.
Есімбек: Мына былтыр жолымды кескен Қазақбайдың баласы
қайта келген бе?
Қажыбай ақсақал: Келіпті,өзі шынымен бұзылған ғой? Оны
мұсылмен деуге болмайды.Айтатыны-ылғи құдайға қарсылық сөз.Молдамен,қазіретпен,ел бастаған басшылармен қас.Құдайдың барлығына шәк қылады..... . Қүұдай сақтасын,шын болса,осы әлгі қазақты шоқындыратындардан көп ақша алған дейді ғой.Нәшәндікке тілмаш болмай,болысқа песір болмай,бала оқытамын деп,оларды азғырып жүр.
Әбдрахман: (Сөз аяқталмай кіргендіктен тыңдап отырады,амандасады) Ешкімнен де ақша алғаным жоқ,байғұс әке-шешесі ақы төлей алмайтын балалардың көзін ашсам деймін.Өз учителім менің көзімді ашса,мен осы оншақты баланың көзін ашам.Осылай қазақ кедейліктен босанар деп ойлаймын.
Есімбек: Сонда кедейді бай етіп алып,онымен тағы да алысасың ба? Былтыр менің де олжамнан айырғандай.
Әбдрахман: Мен сізден ештеңе алғаным жоқ,тер төккен байғұстардың ақысын түгелдедім.
Есімбек: Түгелдегенің бар болсын.
Әбдрахман: Күзде астықты арзанға сатып алып,қыста қымбатқа сатқандарың дұрыс па?
Есімбек : Қысқарт!
Шалдар: Қайтеді әй,мынау күшік
Әбдрахман: Мен бұрынғы есікте мал баққан күшік емеспін,абайлап сөйле!
Есімбек: ( басылып) Енді сол еліңді қыстан аман шығардың ба?
Әбдрахман : Шүкір , шығардым
Есімбек : Жарайды ел қамқоры болыпсың,солай бол енді,көреміз!
( шығып кетеді,Әбдрахман қалады) ( Әбдрахман төмен қарап отырғанда жас жігіттер кіреді.Базарбай,Кәрім т.б)
Базарбай: Биыл Есімбек бай Қарақұмды жайлап қалады деп еді, е кәрім сен үшін келген –ау.
1 жігіт: Сендер байқадыңдар ма?Кәрімді көрген соң Шұғабір түрлі құбылып кетті ғой. ( күледі).
Кәрім: Шын ба? Өй шынба? О Шұға.
2 жігіт: Енді сен Шұғаңды сағынып жүргенде шығарған өлеңің бар ғой.
...Мінгенім астымдағы күрең дөнен,
Қашады таудан түлкі сүмеңдеген.
Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің
Айырылып,қалқам,сенен жүрем деген.
Кәрім: Сендер мені сонда мазақ қылып жүрсіңдер ме?Сендерді ме?сендерді ме? (ашуланып шығып кетеді)
Әбдрахман: Келіңдер,кіріңдер,жоғары шық.
Базарбай: Шұғаның аулыны барды деп естіп едім,қалай екен көрдің бе?
Әбдрахман : Көрейін деп барып едім,көре алмадым.
Базарбай: Иә,сен атыңды байлап жатқанда, отаудың есігінің алдында тұр -еді ғой.
Әбдрахман: Сыртынан көрген бола ма,ауызба-ауыз сөйлеспеген соң.
Базарбай: Ендеше бүгін алтыбақан құрады.Ауызба-ауыз сөйлесем десең сонда бар.
Әбдрахман: Шын айтасың ба?
Базарбай: Есімбектің келіндерімен қалжыңдасып сұрағанымда,кешке алтыбақан құрамыз,алтыбақан құрамыз деп еді.
Әбдрахман: Барсақ қайтеді.
Базарбай: Білмеймін қолым тимей тұрған еді.Жұмысым кө-ө-өп қой. (әзілдеп)
Әбдрахман: Базарбай!
Базарбай: Барам!
Әбдрахман: Не болды!
Базарбай: Ол жаққа Күлзипа да барады деп естіп едім.
Әбдрахман: Әй әкем ай,азғана мал берсе де қызымды берем деп Айнабайдың етін жеп жүргені несі,шөбін де алыпты.
Базарбай: Иә.Күлзипа да сенің атыңды естісе ұялып,қызарып,тәңірге жазады да қалады.
Әбдрахман: Қой дедім.
ІV көрініс.
Әбдрахман мен Базарбай сахнаға шығып кетіп бара жатады.Сыртта ән-айтқан жастармен өтіп кетіп бара жатқан
( ән салып) қыз жігіттер. Біраз жүреді
Базарбай: Өй қызық кеш өтетін сияқты тамаша.
Әбдрахман: Иә,бәріне қызық болар –ау деймін.
( Біреулердің даусы естілгендей,біртіндеп анығырақ шыға бастады)
Күлзипа: Қойшы , қарағым, әурелемеші.
Жеңгесі: Қалқажан!
Күлзипа: Әу.
Жеңгесі: Менің манағы айтқаным бола ма?
Күлзипа: (күлді) Жарайды,о мақұл болады.
Жеңгесі: Ой жаным сол,рахмет күнім,жаным рахмет,рахмет.
Базарбай: О-х-о-о Күлзипа келеді. (күледі)
Әбдрахман: Жүрші-ей,ертерек қайтайық.
Базарбай : Тоқта,тоқта неге, қызық болсын да,сөйлесейік те
Қыздар қасына келеді
Жеңгесі: Ибәйі,көтек,мал десек, адам екен ғой
Базарбай: Маржанбикешпісің ,бері кел
Жеңге: Мұнысы , мені таниды ғой?
Күлзипа: Бар,көрсей кім екен.( Әбдрахман арырақ барып тұрады)
Базарбай: Уа сұлу бойжеткендер, іштерің пыспады ма
Жеңгесі: Анауың кім?
Базарбай: Әбдрахман
Жеңгесі: Күйеу екен ғой,бізден неге қашты? ( күледі)
Күлзипа: Жеңгесінің құлағына сыбырлап бәрі күледі.
( Әбдрахманның қасына бәрі келеді)
Әбдрахман: Амансыздар ма? ( Күлзипа сызылып жеңгесінің артына тығылғандай сыңай танытты)
Көп қыздар сахнаға шығады арасында Шұға домбыра тартқан қыздар керемет ән айта бастады. Барлығы әсіресе Әбдрахман соларға телміре қарады.
Жеңгесі: Шұға құдашаларың ән бастады ( жақтырмағансып)
Қыздар кетеді,артынан Әбдрахмандар да шығып кетеді.
V көрініс.
Қыз бен жігіт айтысы.
Шұға мен Әбдрахман өлеңдетіп айтысып жатады.
Ақсүйек ойынын ойнайды,Әбдрахман мен Шұға бірге болып қалады.( Базарбай әдейі,екеуін қалдырып кетеді)
Шұға: Сүйекті таптым ( жердегі сүйекті ұстай бергенде екеуі де, сол сүйекті ұстап,қолдары тиіп кетеді,кейін екеуі бірдей қайтаеңкейгенде шекелері соғысып қалады. Күледі.Музыка ойнайды.Махаббат көрінісі)
Базарбай мен Маржанбике кіреді.
Базарбай : Не болды?
Маржанбике: Жүрсей бірдеңе айтамын.
Базарбай: Не болды?Қойсай,бармаймын мен зәйкүлмен іздеймін ақсүйекті.
Маржанбике:Әй анау күйеу қашан Күлзипама хат жазады.Байғұс қыз өлетін болды
Базарбай: Өзінің атастырған күйеуі бар деп естіп едім ғой.
Маржанбике: Е,әкесі ғой оқығанға берем деп,онымен арасын үзіп жіберді.Екі ортада сұлуым жалғыз қалатын болды.
Базарбай : Әбдрахман көңілі қай қызды қаласа соны алады.Арасына әрқайсысың бір түсіп жастардың көз жасына қалып жүрмеңдер.Ақыл сұрасаң айтайын Күлзипаның Әбдрахманға деген сезімін суытуға тырыс.
Маржанбике: Не дейді!
Базарбай: Саған айтқан мен де ақымақпын. (қолын сілтеп шығып кетеді) ( Маржанбике тоқта деп артынан шығады)
VІ көрініс.
Базарбай мен Әбдрахман ( көңілсіздеу)
Әбдрахман: Осы менің кедейлігім –ау,бай баласы болсам,Шұға сөзсіз қабыл етер еді.
Базарбай: Не Шұғаға көңіліңді білдірдің бе? Қабыл алмады ма?
Әбдрахман: Өзім де түсінгенім жоқ,айтсам әзілге салып кетеді,айтсам күлкіге айналдырады.
Базарбай: Не енді сөз салсаң болды,қолыңнан жүгіріп келіп ұстай қалу керек пе?Сенікі де тентектік қой.Бойжеткен қыздың да өз сыпайылығы болады.Қасында жеңгелері не үшін жүр дейсің,сендердің жүректеріңдегі сезімді одан да лаулатудың жолын көрсетіп жүр ғой. Ал ішінен баяғыда қолыңнан мықтап ұстап қойған ғой.
Әбдрахман: Шын ба?
Базарбай: Иә,мен жеңгелерге келгенде о,о,о тәжірибелімін ғой.
Әбдрахман: Мына хатты Шұғаға жазып отырмын.Менің ойым, Шұғамен көңіл қоссам,алып қашып кету еді.Болмаса ,мың жылда Есімбек маған қызын бермейді де және оған беретін менде мал да жоқ. Не жауап қайтаратынын қайдан білейін (күрсінеді.) Екеуі де шығып кетеді.
VІІ көрініс.
Шұға отырады Базарбай сығалап кіреді де хат береді.
Шұға хатты оқиды,Әбдрахман даусымен
-Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды,
Буландырған,уландырған жас жанды
Біз бір ғаріп паналаған саяңда,
Жас жүректе мықты жара басталды.
Кірді нұрың,отты жақты ішіме,
Көтерем деп сене алмаймын күшіме.
Бірінші зар шықты тілден мұңданып,
Бұдан бұрын айтылмаған кісіге.
Жас жүректің жанқынды көп тілегі
Жарамдысын сізден қалап тіледі
Әзіріне үміт Қаптың тауындай
Жазмыс түрін жауап қайтса биледі
Минут,сағат,күндік,айлық жол емес
Тілейтінім жүдейтінім ол емес
Көрсе қызар,антын бұзар қылжақбас
Тұрлауы жоқ әсіре қызыл мен емес
Жас өмірге жара шықты түр қандай?
Бір көргенде сиқырланып ақыл-ой
Бас сөзіңе қалды ынтам бір қанбай
Қырық бүктеліп келсе хатың тұмардай
Жылы жүзбен көңілді жай қылардай
«Болад»деген жалғыз ауыз сөз тапсам
Көңгіле сақтар едім құрандай
Шұға: Сені біраз әбігерге түсірдім –ау! Менің әзілім жүрегіңе сыз қалдырыпты –ау.Менің де көңілім өзіңде. (Әкелері кіріп қалады)
Есімбек: Балам-ау неге жалғыз отырсың
Шұға: Жәй,жеңешем қазір кіреді.
Есімбек: Ана Базарбайды көрсең айт мен оны тағы Әбдрахман жанынан көрсем сабап алам.
Шұға: Әбдрахман жаман адам ба?
Есімбек: Балам,қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқытпай өсіріп келем.Өмір өте қатал.Сен біреудің есесін жемесең сенің есеңді жейді.Әбдрахманға қайраған тісім бар.Ана бәлеқор Айнабай қызын берсе,екі бәлеқор қосылып құтыратын болды.( жеңгесі кіреді)
Шұға : Жеңеше,кіре ғой әкеме шай құй.( тығып қатты қолына береді,жыбырлап жауабын жазып бер.) Жеңгесі хатты алып шығып кетеді.Шұға мен әкесі қалады.
VІІІ көрініс.
Әбдрахман мен Базарбай жатады.
Базарбай: Хабар жоқ па?
Әбдрахман: Жоқ (екеуі де күрсінеді)
(Зәйкүл тығылып Базарбайды шақырады да хатты ұстатып шығып кетеді)
Әбдрахман: (ұшып тұрып) Ол не?
Базарбай: Хат!
Әбдрахман: Әкел!
Базарбай: Саған емес!
Әбдрахман: Енді кімге!
Базарбай: Маған Шұға жазып жіберіпті.(екеуі алысады,хатты Әбдрахман алып қояды.Оқиды)
Әбдрахман: Құрматлу мырза Әбдрахманға сәлем соңында айтарымыз: хатыңызды алдық,пәлендей жауап бере алмаймыз,айыпқа бұйырмаңыз.Жазушы Шұға. (Әбдрахман тұнжырап отыра қалды.Базарбай не болды деп сұрайды)
Әбдрахман: Мен үмітімді үзейін,бұл тірлік болмас.
Базарбай: Не отказ ба? Өй неге сонша тұнжырайсың,мен сенің орныңда болсам Күлзипаны алатын едім.Өзі ақылды,салмақты,сабырлы.Сұлу болғанымен Шұға ерке ғой.Ертең оған ананы-мынаны істе деп айта да алмайсың.Байдың қызын алып басың қатама деп жүр едім жақсы болды.( Артынша тағы хат келді)
Әбдрахман: ( Оқиды да, күлімсірейді) Осы күнге дейін де,бұдан бастап та менің көңілім,аңсағаны бір өзің ғана.Жағдайым болмай жеңгем жауап жазып еді.Ендігі сөз менікі.
Шұға: Осы күнге дейін қызыққан нәрсем кейін қызық емес,осы күнге дейін жеген тәттім дәмсіз сияқты. Мен мәңгілікке сендікпін.Бұл өмір маған тек сенімен ғана бақытты,қуанышты,қызық. Ыстық ықыласпен Шұға.
Ән айтылады. ( Клип түсірілсе жақсы болар еді.)
ІХ көрініс.
Әбдрахман күтіп тұрғанда Шұға кіреді.
Шұға: Оқыған жігіт сәлем бердік.
Әбдрахман: Армысың Шұғажан,мен де сәлеміңді алдым.Көңілімді қабыл алғаныңа қуаныштымын. Көңілім орнына түсіп,бүгін ғана көзіме ұйқы келді.
Шұға: Иә, менде осынша қинағаныма кешірім сұраймын.Бірақ өзіңмен бақытты ғұмыр кешетініме бірде сенсем,бірде сене алмаймын. Жүрегім саған қол создырса,ақылым суытады.
(Әбдрахман қолынан ұстайды.)
Әбдрахман: Жүректен шыққан үн өтірік емес.Ақылың бұрынғы қорқыныштарың.Менің жүрегімдегі батылдық екеуміздің жүрегімізге де жетеді.Қорқынышты жеңіп,жарқын болашақтың есігін бірге ашайық.
Шұға: Сөзімді бердім ендеше.Мен де өзіңмен бақытымды тапсам деймін.
Әбдрахман: (Шұғаның қолына сақина тағады) Мына бұйым менің сертім. Осы жүзік саусағыңнан шешілмесе мен сенен ешқашан қол үзбеймін.Менің сезімімді өсіретін де,өшіретін де тек сенсің.Серт берем. (Бір біріне сүйсіне қарап тұрғанда сахна жабылады)
Х көрініс
2 Әйел әңгіме құрып отырады.1-шісі көрші әйел,2-шісі Шұғаның шешесі.
Көрші әйел: Әпкетай ел аузында қаумалаған қауесетті естідің бе?
Шұғаның шешесі: Ол қандай сөз,кім туралы?
Көрші әйел: Әлгі жерде (күбірлейді)
Шұғаның шешесі: Айтсаңшы енді, үзе бермей.
Көрші әйел: Шұға мен Әбдрахман туралы өсек тарап кетіпті.Екеуі сөз байласып жүр дейді.Екеуі үнемі кездесіп жүреді дейді.Әбдрахман құда түсейін десе көкемнен тайсалып жүр дейді.Ал өздері барлық бастаңғылардың гүлі дейді.Сондай жарасымды ғой өздері.Туу жас күнім есіме түсіп кетті ғой...Білесіз бе.. (Есімбек бәрін тыңдап тұрған екен) Анау Айнабайдың қызы Күлзипа жылап жүр дейді.
Есімбек: Доғар! Не деп оттап отырсың. Рәтбек,Ермек,Бақтыбек,Керімбек қайдасыңдар. Мына сұмдықты естідіңдер ме?Мына масқараға қалай жол беріп жүрсіңдер! Жолатпаңдар ол бөрілерді.Ауылыма жолатпаңдар иттің балаларын.
Балалары: Құп әке.
Есімбек: Базарбайды әкеліңдер алдыма (ұлдары Базарбайды сүйреп алып келеді.) Сен ит неме кімнің арқасында күн көріп жүргеніңді ұмытыпсың. Қолдап-қолдап жүргенімде, битің семіріп енді қызыма жігіт тауып жүрсің бе?Оңбаған. ((тепкілейді.Базарбай үндемейді) Жоғал.Кет бұл жерден.Ана елге қамқорсымақ Әбдрахманға айт,көзім тіріде қызымның көлеңкесі де оған бұйырмайды.
( Базарбайды итеріп шығарып жібереді) (Есімбек шығады) Ұлдары қатар тұрады,ар жағында Шұға.
Әбдрахманның хатын оқиды.
«Жаным сүйіп,жарым деп сеніп едім,
Құрбандыққа басымды беріп едім.
Айтылған сөз,уәде сертім үшін,
Ат сабылтып Шұғажан, келіп едім
Бұрын жақын ауылың алыстады
Аңдып жүрген бір дұшпан қалыспады
Екеумізді ынтық қып екі жақта-
Тағдыр неге мұншама қарысқаны!
( Сырт жақта Әбдрахман мен Базарбай) және екі шал тұрып сөйлеседі.
1 шал: Көптен көрші болған ел едік,арамызға салқындық түсірме.
Әбдрахман: Шұға айныса амалым жоқ.Егер Шұға сөзінде тұратын болса,не қиындық болса да көрем.Алмай тынбаймын.
2 шал: Орысша оқыған дінсіз неме,көптің сөзін аяқ асты қылдық.
2 жас жігіт: Ескінің сөзі әділ болса көнер,екі жасты неге қоспайды.Ешқандай да ерсі іс көріп тұрған жоқпыз.( Базарбай жастарды қойыңдар деп басады) Үлкендерге сөз қайтара бермеңдер бір шешімі болар.
ХІ көрініс
Әбдрахман мен Базарбай сөйлесіп отыр.
Әбдрахман: Шұғадан бүгін хат алдым-ау.
Базарбай:Не дейді?
Әбдрахман: Сағындым депті.Үйдің ішінің бәрі де қас көрінеді. «Басым қатты,құтылудың амалы не?»-депті.
Базарбай: Сен не дедің?
Әбдрахман: Жаздым,кетейік дедім. (Орыс әскер киімін киген үш адам келеді. 1 офицер). ( Екеуі тұрады)
Офицер: Әбдрахман кім?
Әбдрахман: Мен.
Орыс: Әйда киін,болысқа барамыз. (стражниктер қолын ұстайды)
Әбдрахман: Мені қайтесің.
Орыс: Мен білмейді,престав шақырады.
Жандарына шалдар,әйелдер жиналып не дейді? не үшін?.Анасы жібермеймін деп жылап жібереді.Әбдрахман жұбатады. «Ешкімге инедей қиянаты жоқ қой,не үшін деп жылайды».
Қолын қайырып әкетіп бара жатады. Сыртқа алып кетеді.
ХІІ көрініс.
Шұға мен жеңгесі су әкетіп бара жатады. Әбдрахмандар қасынан өтіп барады.Әбдрахман жұлқынып шығып кетеді.Стражниктер жүгіргенде Базарбай қоштасып алсын деп тоқтатады.
Әбдрахман мен Шұға бір-біріне жақын тұрып қошт.
Шұға: Айпырым-ай! Қайда барасыңдар?
Әбдрахман: Болысқа айдап барады.
Шұға: Менің кесірімнен бе?
Әбдрахман: Егер сен үшін болса тозаққа баруға да дайынмын
Шұға:Ойынды қойшы,не істейсің енді
Әбдрахман: Күтесің бе?
Шұға: Иә.
Әбдрахман: Күт.Мен қайтып келем,жылама.Қош
Шұға: Қош,қалқам,қош
Зәйкүл: Ойбай ,Тентекжан-ау,жүр,ауылдың адамдары келеді.
( Әкесі,ағалары келеді).
Есімбек: Недеген ит,мойнына дардың арқаны ілулі тұрса да дегенінен қайтпайды.
Шұға: Әке жоқ,құтқаршы жалынам,оның еш кінәсі жоқ қой!
Есімбек: Дуаланған жындыдай есірме.Еркелігің шектен шығып барады.Айтқаныңнан қайтпасаң,артынан өзім барып ажалының куәсі болып қайтам.
Шұға: Әке,жоқ! Әкетай!
Есімбек: Шешең қатты еркелетіп жіберді сені.Қамшымен салып қалғысы келіп еді,шешесі қызының үстіне жата қалды.
Шешесі: Әкесі,бір ашуды маған бер.
Есімбек: Осылай есірттің ғой,елге масқара еттің.Атақ абыройым сендер үшін түк емес.( қамшысын тастап шығып кеиеді).Қамап тастаңдар! Ағалары сүйреп алып кетеді,анасы жылап қалады.
ХІІІ көрініс.
Базарбай мен Зәйкүл амандасады.
Зәйкүл: Аман ба? Төре.Қарағым қатты хал үстінде.Әбдрахманнан хабар бар ма?
Базарбай: 1 ай өтті еш хабарсыз.
Зәйкүл: Шұғаның апасы әкесін көндірген сыңайлы.Босататын шығар.Босатқанын қайтейін.(жылайды)
Базарбай: Не болып қалды неге жылайсың.
Зәйкүл: Қалқам хал үстінде жатыр.Қолдан келер ем қалмады. Ең болмаса Әбдрахманды бір көрсе болар еді деп тілеп жүрмін.
Базарбай: Қой,олай деме,мүмкін емес,оған бірдеңе болса,Әбдрахманның бетіне қалай қараймын.
Зәйкүл: Жүрші,сәл көңілі алдансын халін бір сұрап қойшы.
Базарбай: Бола ма? Ана иттер тістемей ме?
Зәйкүл: Қалқам ауырғалы бері тобасына түсе бастады ғой.
Перде ашылып ар жағында шешесі қасында отыр,Шұға төсекте жатыр.
Шешесі көз жасын сүртіп,Шұғаның көз жасын сүртеді.Бетін сүйеді.
Шешесі: жылама қарағым бір сенің ризалығың үшін әкеңнен естімеген сөзім жоқ.Қайтейін,билік менің қолымда болса,бұл күйге я түсер ең,я түспес едің. (жылап қалады)
Шұға: - Әже –
Шешесі: - Әу қарағым
Шұға : Мені оңаша қалдыршы.
Шешесі: Қалдырайын қарағым (шығып кетеді)
Базарбай: ( қасына жақындап) Жайың қалай, тәуірмісің.
Шұға: Тәуір емеспін,тәуір болуды тілемеймін де ... Сәлем айт. (Жастығының астына тығулы орамалмен көзін сүртті) Тірі келсе көресің ғой,бірақ мен....
Базарбай: Құдай жазса,бәріміз де көреміз. Ажарың тәуір ғой,жазыласың.
Шұға: Жазылып керегі не? Бәрібір мен бақытты бола алмаймын.Әкем аяса,менің дертім жаныма батқан соң,аяп отыр. Ертең сауықсам,қайта күйсеуден тайынбайды,өлем деп арман қылмаймын,жалғыз-ақ арманым:Әбдрахманмен бір ауыз тілдесіп,жаным шығарда «Шұғам»деп бетіме бетін тигізсе,бар арманым бітіп,дүниеден армансыз өтер едім.... әй,ол,ол жоқ қой!-де
( Базарбай жылайды) Перде жабылады.
ХІV көрініс.
Базарбай : Ағатай! Ағажан! Құдайға шүкір! Мың шүкір! Амансың ба?
(Базарбай Әбдрахманды құшақтап, қуанышын білдіреді.Тағы 5-6 адам да көріседі) Шұғажан шыда.Әбдрахман келді.Әбдрахман Базарбайды бөлектеп.
Әбдрахман: Базар інім Шұға қалай?Науқас деп есіттім.Бір көру өзін арманым.
Базарбай: Тәуір.
Әбдрахман: Мен бұл жерде тыныш отыра алмаспын.Жүрші, сол ауылға барайық. Айдалып бара жатқанда,Шұғаға шығарған өлеңім еді.Тыңдашы.
Жүзі құбыла,сөзі құран Шұғамның,
Бір Шұға үшін жанды құрбан қыламын
Кетерімде арманда боп сүйе алмай,
Еңіреп жылап: «Қалқам»,-деді-ау шырағым.
(Шығып кетеді).
ХV көрініс.
Шұға төсекте жатады.Әбдрахман кіреді. Әбдрахман кіргенде шешесі шығып кетеді.Шұға басын көтереді.Әбдрахман отырады.Шұғаны құшағына алады.Жастығында көрінген хатты ашады.
Шұғаның өлерде жазған хаты сырттан оқылады.
Әуре боп неге біткен ажар-көрік,
Ішіңе от түсірдің,қалқам көріп.
Гүлденту жас өмірді мақсұт боп еді,
Серттесіп,қол алысып,уәде беріп.
Жолыңа құрбан қып ем жан мен тәнді,
Дариға,айтылған серт болмай қалды.
Көре алмай ақтық минут дидарыңды,
Арманда жан тапсырған мен бір зарлы
Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,
Есіңе ал,дұғаңа мен ынтызармен.
Қош сау бол,ойнап күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың.
Автор:
Шұғаның сүйегін бұрынғы ескі қорымдарына қойды.Келер жылы ел жиылып асын берді.Сонда тұрғызған белгі Шұғаның белгісі деп аталады.