Сабақ жоспары: Таңғы ас, түскі ас 5-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ тілі. 5- сынып.

Сабақтың тақырыбы: Таңғы ас,түскі ас,

Сабақтың мақсаты: білімділік-Оқушылардың сөздік қорын молайту, шығыс септіктің жалғану жолдарын түсіндіру; түскі ас пен тамақтану ережелері туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту. тәрбиелік - денсаулықтың кепілі- дұрыс тамақтану, тамақтану ережелерін сақтауға баулу. дамытушылық- Мәтін мен мақал- мәтелдер мазмұны арқылы ойлау, түсініп оқу, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру. Кезекшілер диалогі:

- Сен қандай сүт өнімдерін білесің?

-Қазақтың ұлттық тағамдары қандай ?

- Таңғы ас туралы қандай мақалды белесің ? т.б.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сөздер мен ереже жаттау (зат есімнің септелуі) «,Таңғы ас» мазмұндау

3 Сөздікпен жұмыс

Ас мәзірі-меню

қою тамақ-вторые блюда

сұйық тамақ-первые блюда

сусын -напитки

түскі-обеденный

әртүрлі-разнообразная

қабылданады- принимается

болуға тиісті –должен быть

палау-плов

мәнті-манты

шырын-сок

Берілген сөздермен сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру

4. Жаңа сабақ

ә/ Мәтінмен жұмыс Мәтінді түсініп оқу, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, сөздерді сөз құрамына талдау

Түскі ас

Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болу керек. Түскі аста негізгі тамақ қабылданады. Түскі ас мәзірі салат, сұйық тағам , қою тағам және тәтті тағамнан тұрады. Ас мәзірі мынандай болуға тиісті: сұйық тағамға- борщ немесе салма, қою тағамға –палау немесе мәнті, сусындардан- бір стақан сүт, шай немесе кофе.

Тамақтану ережелері:

Өз уақытында тамақтану керек.

Ас ішер алдында қолыңды жуу керек.

Тамақтану кезінде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды.

Тағамды асықпай жеу керек.

Тамақты көп жемеу керек.

5. Бекіту ә/ ауызша жұмыс а/ 67- бет Шығыс септік

Жұппен жұмыс

а/ Тапсырма: Бауырсақ –ұннан, жұмыртқадан, сүттен, тұздан, ашытқыдан жасалады.

Ас, тамақ туралы қандай мақал-мәтелдерді білеміз?

6.Бағалау

7. Үйге тапсырма беру

Септіктер қайталау, сөздер жаттау, «Түскі ас» мазмұндау, мақал-мәтелдерді есте сақтау