Сабақтың тақырыбы:
Жай сөйлемнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік.Оқушылардың жай сөйлемнен алған білімдерін тиянақтау,бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
2. Дамытушылық. Ойын түрлері арқылы оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу, ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: сызбалар, үлестірмелі карточкалар, қима қағаздар т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Қайталау сабағы.
Әдіс: сайыс, топпен жұмыс, этнопедагогика , ойын т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбы, түрі , әдісі , өтілу барысы түсіндіріледі.
(тақтаға үш сәйгүліктің суреті ілініп, әр суреттің тұсына топ аты жазылады, сабақ «Бәйге» түрінде жүргізілетіні айтылады. «Бәйге» туралы сұрап, қосымша түсініктер беріледі, топтың жауабына сай қима қағаздар үлестіріліп отырылады.
Өте жақсы
Жақсы
Орташа
Әр тапсырманың жауабына сай суреттер ілгері жылжытылып отырылады)
І Әр топ өзінің тобы мен ұранын таныстырады.
І топ. «Ана тілі»
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
ІІ топ. «Халық»
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
ІІІ топ. «Туған жер»
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат,
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат.
(Бәйге аттар жылжытылып отырылады)
ІІ «Кім жүйрік?» Ауызша үш топтың әрқайсысына 5 сұрақтан қойылады. (жауаптарға қима қағаздар беріліп отырады)
Сұрақтар:
І топқа: 1. Сөйлем дегеніміз не? Мысал.
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
3. Толымды сөйлем, мысал.
4. Тұрлаусыз мүше, түрлері.
5. Жайылма сөйлем, мысал.
ІІ топқа: 1. Құрмалас сөйлем деген не? Мысал.
2. Жақты сөйлем, мысал.
3. Атаулы сөлем, мысал
4. Жалаң сөйлем, мысал.
5. Оқшау сөз, түрлері, тыныс белгісі, мысал.
ІІІ топқа: 1. Жай сөйлем, түрлері.
2. жақсыз сөйлем, мысал.
3. толымсыз сөйлем, жасалу жолы.
4. Тұрлаулы мүше, түрлері.
5. Одағай, түрлері, мысал.
ІІІ «Талдау- табыс кілті» (Деңгейлік тапсырмалар»
І деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда
1.Бір күні біздің үйге қапсағай денелі дәу қара келді.
2.Жомарт мектептің жоғарғы қабатына көтеріліп келеді.
3.Сұлтан жайлауды екі күн аралады.
4.Сабақ оқу – оқушының міндеті.
5. Мен онымен емін-еркін сөйлестім.
6. Кеш болғанын білмей қалыппын.
ІІ деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда, жай сөйлем түрін ажырат
1.Оның үйге қайтадан барғысы келді.
2.Бізге әзірге уақытты ұту керек.
3.Менің туыстарыма баруыма тура келді.
4.Туған жердің табиғатын ауызбен айтып жеткізе алмайсың.
5.Олар орманға қарай асығыс аттанды.
6.Кешке қатысуға менің құлқым болмады.
ІІІ деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне, жай сөйлем түріне, сөз құрамына талда.
1.Ауылға біз түске таман жеттік
2.Оқушылар мектепке ерте жиналды.
3.Біз дүкенді аралап көп жүрдік.
4.Ағай бізді өзенге алып келді.
5.Оқушылардың қасында әнші апай жүр еді.
6.Ол барлық сұраққа тез жауап берді.
ІV Cызбамен жұмыс(Әр топ өз тобының атына сай сызба бойынша құрмалас сөйлем құрастырады)
1. -.-.-.-.-.-. ___________ __________ , _______ _______ .
2. -.-.-.-. _________ ________ , ________ --------- ________.
3. ------- -.-.-.-.-. ________ , -.-.-.-.-. --------- ________ .
V Сергіту сәті. «Оң қол, сол қол, қос қол» ойыны. (Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдерге байланысты).
1.Сен ер жеттің.
2.Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
3.Менің айтқым келмеді.
4.Долы боран.
5.Қалын орман.
6.Тоғай.
7.Күн жылынды.
8.Сенің қайтқаның дұрыс.
9.Менің барғым келмейді.
ҮІ Шығармашылық диктант. (Жалаң, жайылма, атаулы сөйлемдерге байланысты үш топтан үш оқушы шығып, тапсырманы орындайды)
Күз. Қыстыгүні түнде қатты боран болды. Суық жел. Әбіш көп жүрді. Сен кіре ғой. Мен сабақты жақсы оқимын. Үскірік аяз.
VII Кітаппен жұмыс. 79 - жаттығу (ауызша).
VIII Тест (Компьютер арқылы).
1. Жалаң сөйлемді көрсет.
А) Қартқожа сөйлеп тұр.
ә) Үй-іші далада жүр.
б) Бүгін аспан ашық екен.
В) Ол ауылға көз салды.
2. Жайылманы белгіле.
а)Еркебұлан тысқа шықты.
ә)Біз келдік.
б)Мен білмедім.
В) Қар жауды.
3. Жақты сөйлемді тап.
а) Оған таңдануға болмайды.
ә) Күн батты.
б) Менің айтқым келмеді.
В) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.
4. Атаулы сөйлемді көрсет.
а) Мен елімнің ертеңіне сенемін.
ә) Түнгі Астана.
б) Елорда еңсесін биік көтеріп тұр.
В) Түн жылы болды.
5. Оқшау сөздің неше түрі бар?
а) 4
ә) 3
б) 2
в) 5
6. Жай сөйлемнің түрлері нешеу?
а) 6
ә) 4
б) 7
в) 8
7. Толымсыз сөйлемді анықта.
а) Мен ауылдан келдім.
ә) Қайтадан кетті.
б) Қарлығаштар ұясына қонды.
В) Ол асығыс киімдерін жинастырды.
8. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
а) 5
ә) 6
б) 4
в) 3
Қорыту. Топтың ұпай санын анықтап, мәреге жеткендерді бағалау.
Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен жай сөйлемнің әрқайсысына екі мысал жазып, сөйлем мүшесіне талдау.
Начало формы
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жай сөйлемнің түрлерінен алған білімдерін түрлі тапсырмалар, ҰОТ бойынша тереңдету.
Дамытушылығы: Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, ой қорыту машығын арттыру, тіл байлықтарын кеңейтуге жағдай туғызу
Тәрбиелігі: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға, топпен жұмыс жасай білуге баулу..
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Ұжымдық оқыту технологиясы. Ривин және Ривинге кері әдістеме.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Ой қозғау
Жай сөйлем
( сызбаны толтырады )
II. Білім ғаламшарына саяхат.
«Күміс қақпа» бекеті.
Слайд №1. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге, жайылма сөйлемді жалаңға айналдыр.
Әкім басын изей берді. Бұл қобалжуды Сәден жақсы біледі.
Шәкен жиналыста үндемеді. Күн суыды. Мен оқып жаттым.
Слайд №2. Жақты және жақсыз сөйлемді оқып, жасалу жолын түсіндір.
Жақты және жақсыз сөйлемдер Жасалу жолы
Жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келер.
Абай Дәркембайдың жайын танып отыр.
Бұл жұмысты тезірек қолға алуымыз керек.
Бұл дөңестен аман – есен өттік.
Слайд №3. Толымды, толымсыз сөйлемдерді белгіле.
Толымсыз сөйлем қандай жағдайда болады?
Сөйлемдер Толымды, толымсыз сөйлем
Егін бітік шықты.
- Хал қалай, Жәке
- Жаман емес.
- Кеше сен қайда бардың?
- Кітапханаға.
Биыл жаз бойы жаңбырлы болды.
Абай бір топ кісімен үйге кірді.
Слайд №4. Атаулы сөйлемді жазып шық.
Атаулы сөйлемдердің басқа сөйлем түрлерінен ерекшелігі қандай?
Слайд №5. «Алтын қақпа» бекеті.
Ривин методикасымен жұмыс.
Тақырыбы: Жануарларға қойылған ескерткіш.
Табиғат - адамдардың бәріне ортақ тіл. Ол - бір үлкен мұражай, ол жер үстіндегі кездесетін күллі көрме мен мұражайлардан да бай және көрікті. Табиғат мұражайының қойын - қонышы мұра ескерткіштерге толы. Мысалы, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Тараз қаласының маңындағы Айша Бибі мазары, Аягөздегі Қозы Көрпеш пен Баян сұлу бейіті және басқалары осының бір айғағы. Сондай - ақ табиғат мұражайында асқан ерлігімен немесе ел алдында сіңірген еңбегімен жұртшылық құрметіне бөленген жануарлардың да ескерткіші бар.
Мұндай жануарларға орнатылған ескерткіштер дүниежүзінің қалаларында жиі кездеседі.
Жануарлар өміріне үңіліп қарайтын болсақ, олардың ішінде адамдардың сенімді серігі - ит. Мұның өзіндік сыры бар. Ит - үй жануарының ішіндегі ең бірінші қолға үйренгені. Бұл күндері адамзат жер бетінде иттің үш жүзден астам түрін біледі. Ит - өте саққұлақ, иесін, оның қора - жайын қорғайтын сенімді хайуан. Ол - соғыста саниар және байланысшы, мемлекеттік шекараны күзетуде шекарашылардың таптырмас жәрдемшісі. Ит адамға үлкен қызмет көрсетіп келеді. Осыған орай бұрынғы Кеңес Одағында дерексіз бір итке орнатылған ескерткіштің тарихын әңгімелейік.
1935жылы Санк-Петербург маңайындағы Калтуша деген селода атақты ғалым И. П. Павловтың тікелей басшылығымен итке ескерткіш орнатылған. Ескерткіште академик Павловтың мынадай түсіндірме сөзі бар: «Иттің адаммен ертеден бері достасуының арқасында, оның түйсік арқылы болжай білетіндігі, шыдамдылығы мен тыңдағыштығы көп жылдар бойы, мүмкін, өмірлік тәжірибе жасайтын адамдардың есінен кетпес». Сондай - ақ Украинаның Сумск обылысындағы Кулешевка поселкесінің маңында мамонттың зираты мен сүйектерінің қалдықтары табылғаны үшін мамонтқа орнатылған ескерткіш бар.
Оның тарихы мынаны аңғартады: 1939 жылы жергілікті тұрғындар ауыл маңынан мамонттың көптеген сүйек қалдықтарын табады. Бұл хабарды естіген ғалымдар сол жерде палеонтологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, мамонт қалдықтарын кездестіреді. Кейін сол жерге шойыннан үш бұрышты пирамида түрінде биіктігі үш метр ескерткіш орнатылды. Оның тұғырының төрт шетінде мамонт қаңқасы бейнеленген.
Онда мынадай жазу жазылған: «Бұл арада 1939 жылы су басу дәуірінің алдында тіршілік еткен мамонт сүйектерінің қалдықтары табылды». қазір бұл ескерткіш ғылыми әрі мәдени құндылығына байланысты мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған. Бұл дүниежүзінде бұрын тіршілік етіп, кейін құрып кеткен алып жануарға көрсетілген алғашқы құрмет белгісі еді.
*Мәтінмен жұмыс.
*Мәтін таңдап ал.
*Берілген абзацпен таныс.
*Мазмұнын оқы, сұрақтар дайында, ат қой.
*Өзіңе серік ізде.
Слайд №6. Сурет арқылы мәтін құра.
Ривинге кері методикамен жұмыс.
Тақырыптар
«Ақбөкен»
«Асан қайғы»
Жоспар.
1.
2.
3.
4.
Слайд №7. Не? Қайда? Қашан? бекеті.
1 сұрақ. Түндігін түтеді тұрақты тіркестің мағынасын ашып беріңдер.
2 сұрақ. Бір рет өлетін кім? Мың өлетін кім? Мақал - мәтелді айтып беріңдер.
3 сұрақ. М. Жұмабаевтың « Толқын» өлеңі.
4 сұрақ. Тіл тазалығы деген не?
Слайд №8. «Лағыл қақпа» бекеті.
Тест сауалнамасы.
1. Белгілі бір атау мағынасын білдіретін сөйлем түрін көрсетіңіз.
А) Жай.
В) Құрмалас.
С) Мезгіл.
D) Атаулы.
Е) Жайылма.
2. Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрін көрсетіңіз.
А) Жалаң.
В) Жайылма.
С) Толымсыз.
D) Толымды.
Е) Жақсыз.
3. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері қатысқан жай сөйлем түрін көрсетіңіз.
А) Жайылма.
В) Жалаң.
С) Толымды.
D) Толымсыз.
Е) Жақсыз.
4. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Нарықтық экономикаға бет бұрдық.
В) Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.
С) Кәсіпкерлік жылдам дамыды.
D) Демократиялық істерді жүзеге асырамыз.
E) Бұл жерде суға түсуге болмайды.
5. Берілген жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Мұғалім кеше ақылды оқушыларды мектепке шақырды.
А) Жақсыз сөйлем.
В) Толымсыз сөйлем.
С) Атаулы сөйлем.
D) Сұраулы сөйлем.
E) Толымды сөйлем.
6. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
А) Мен мектепке тез жиналдым.
В) Күн шықты.
С) Кәсіпорын жұмысын бастады.
D) Мұғалім балаларды мектепке кіргізді.
E) Жаңа мектеп маған өте ұнады.
7. Жақты сөйлемді анықтаңыз.
A) Кітап алғым келеді.
B) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.
C) Бүгін демалыс.
D) Уақытты жоспарлай білу керек.
E) Үлкен жетістік.
8. Атаулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Кітап оқып болды.
B) Алтын күз.
C) Көлдің суы тұзды.
D) Табиғатты қорғау – біздің міндетіміз.
E) Балқаш көлінің суы азайып барады.
9. Тұрлаусыз мүшелердің болу - болмауына қарай жай сөйлемдердің бөлінуін көрсетіңіз.
A) Жақты, жақсыз.
B) Атаулы.
C) Толымды, толымсыз.
D) Жалаң, жайылма.
E) Жай, құрмалас.
10. Сөйлемді анықтаңыз.
Көктем. Дала қараңғы.
A) Жалаң сөйлем
B) Жайылма сөйлем.
C) Жақты сөйлем.
D) Атаулы сөйлем.
E) Толымсыз сөйлем.
Жауаптары:
1. Д. Атаулы сөйлем.
2. А. Жалаң.
3. А. Жайылма.
4. Е. Бұл жерде суға түсуге болмайды.
5. Е. Толымды сөйлем.
6. В. Күн шықты.
7. B. Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.
8. В. Алтын күз.
9. А. Жақты, жақсыз.
10. Д. Атаулы сөйлем.
Слайд № 8. «Алтын сандық» бекеті.
Жинаған ұпай жұлдызшамен есептеледі.
1 жұлдызша 1 ұпай санын құрайды.
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем түрлерін қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың жай сөйлемнің қасысына қарай бөліну түрлері бойынша алған
білімдерін бекіту, еске түсіру.
Дамытушылығы: Қызығушылығын арттыру, талдау жұмыстарына дағдыландыру,
шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Қамқор бола білуге, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, СТО әдіс – тәсілдері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта , үлестірмелі кеспе.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
«Ой шақыру» әдісі
1. Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем.
2. Ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел сөйлем.
3. Бастауыш болмайтын баяндауышы негіз болатын сөйлем.
4. Келесі сөйлемдегі ойдың мезгіл, мекенін көрсететін сөйлем.
5. Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай бөлінетін сөйлем.
6. Ойға қатысты мүшелердің бірі түсіріліп айтылған сөйлем.
7. Бастауышы бар, жасырын тұратын сөйлем.
8. Тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.
9. Бір ғана интонациямен айтылып, бір ғана ойды білдіретін сөйлем.
«Мағынаны тану» кезеңі
88 – жаттығу.
Мәтінді оқып , мазмұндау. Жай сөйлемдерді түрлеріне ажырату.
Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестерін табу, мағынасын ашу. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
«Талдау – табыс кілті»
Берілген сөйлемге сатылай кешенді талдау жүргізу.
Ердің атын еңбек шығарады.
«Болжау стратегиясы»
89 – жаттығу.
1. Берілген жыр үзіндісінің мазмұнын жай сөйлем түрлерімен жазып шығу.
2. Жазылған үзіндінің мазмұнын әр оқушы өз бетімен ізденіп, өз ойымен аяқтау.
Қорытынды. «Қайталау – оқу анасы»
Сәйкестендіру тест
М ы с а л д а р жауап Жай сөйлем түрлері
1.Ардақ ешқашан мұндай қуанған емес.
А) толымды сөйлем
2.Орынсыз талаптарға көне беруге болмайды. ә) Жақты сөйлем
3.Бұлтты аспан. Б) Жалаң сөйлем
4.Сүрлеуді бойлай алға жүрді. В) Атаулы сөйлем
5.Ол кезде көмірді қауғамен тартатын. Г) Толымсыз сөйлем
6.Көрермендер театрға мезгілінде жиналды. Ғ) Жақсыз сөйлем
7.Ән тыңдалды. Д) Жайылма сөйлем
«Топтастыру» әдісі
Үйге тапсырма: Жай сөйлемнің түрлерін қайталау.
91 – жаттығу.
Жай сөйлем түрлеріне мысалдар жазу.
Жай сөйлемдерді қатыстырып мәтін құрау.
Бағалау.