ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ БОЙЫНША ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ ТЕСТІ
1.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.
В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.
С) Ізденіс түбі- жеңіс.
Д) Танк өз- өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң- топырақ бұрқ ете қалды.
Е) Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?
2. Не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз.
А) Кезектес
В) Ыңғайлас
С) Себеп-салдар
Д) Қарсылықты
Е)Талғаулы
3. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Шоқан біздің қасымызда жасы кіші болса да, үлкен кісідей болатын.
В) Ол қолынан келсе, қазақ халқына жақсылық жасауға ұмтылатын.
С) Осыған дейін ол ауыл мектебінде оқыса, қазір қалада дәріс алуда .
Д) Оның білімге деген құштарлығы арта түсті, өз білімін кеңейтудің басқа да жолдарын іздестіре бастады.
Е) Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады.
4. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.
В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.
С) Ізденіс түбі- жеңіс.
Д) Танк өз-өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң-топырақ бұрқ ете қалды.
Е) Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?
5.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Ол қызына 2 түрлі нәрсені үйретуге тырысты: бірі-тұрақтылық, бірі-махаббат.
В) Халықтардың жарқын өмірінің кепілі-бірлік пен береке.
С) Өтірікші өзін алдайды.
Д) Дүниеде айнымайтын қорғаушың-ақыл.
Е) Айтар ештеңесі жоқтар әрқашан нашар сөйлейді.
6. Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
В) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.
С) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.
Д) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, оның уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.
Е) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.
7. Талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ол туралы өзгелер не дейді, өзіміз қалай ойлаймыз.
В) Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр, бірде сары ала жон белестер қалып жатыр.
С) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
Д) Қазақ мақалы бар: асыл тастан , өнер жастан.
Е) Кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады.
8. Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін табыңыз.
А) Ыңғайлас
В) Шартты
С) Қарсылықты
Д) Себеп-салдар
Е) Кезектес
9. . Сөйлем түрін анықтаңыз. Балалар келді.
А) Жайылма
В) Жақсыз
С) Жалаң
Д) Атаулы
Е) Құрмалас
10. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.
А) Ол үйінде я кесте тоқиды; я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді.
В) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды, немесе домбыра шертеді.
С) Ол үйінде я кесте тоқиды, я, кітап оқиды, немесе домбыра шертеді.
Д) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді.
Е) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе домбыра шертеді.
11. Жалғаулықтар қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
А) Үлкенмен де, баламен де әзілдесетін.
В) Алғашқы көргеннен –ақ мен оның үлкен адамгершілік мейірімін сездім.
С) Осы шабысымды біз көпке дейін ұмыта алмай жүрдік.
Д) Түндегі жаңбырдан кейін ашылған күн беткейді құлпыртты.
Е) Абай туралы ұзақ сөйлеген Мұхаңның сөзі ерекше әсер етті.
12.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Мына ағайдың жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.
В) Жолында асқар тау тұрса да, топ жарып өтетін сияқты.
С) Күн бұлттанды.
Д) Сыныпқа мұғалім, директор кірді.
Е) Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай-бәрі де бар.
13. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, екі сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз.
А) Нүкте
В) Дефис, үтір
С) Қос нүкте
Д) Үтір
Е) Үтір, сызықша
14. Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз.
А) Есіктің киізін олай итерем; былай итерем; ашылмайды.
В) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, ашылмайды
С) Есіктің киізін олай итерем: былай итерем, ашылмайды
Д) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем,- ашылмайды
Е) Есіктің киізін олай итерем - былай итерем, ашылмайды
15. Қарсылықты салаласты табыңыз.
А) Бұл шөп әдемі екен, бірақ зияны да бар.
В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.
Д) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
Е) Талабы барларды жинап, курсқа жіберді.
16. Сабақтас құрмалас сөйлемді тап
А) Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта, әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.
В) Міне біз де келдік. Кеш те басталды.
С) Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет.
Д) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
Е) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.
17. Құрмалас сөйлемді тап
А) Асқар белгілі мерзімде тұрды.
В) Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен.
С) Жабай жауап қайтара алмады.
Д) Ауылдарыңнан не хабар бар?
Е) Ертең күн жылы, бұлтсыз, жауынсыз болады.
18. Салалас құрмалас сөйлем
А) Жер үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақ жер бетін жасырып жатыр.
В) Ел сүйсе, ер де сүйеді.
С) Теректер мен қайыңдардың шық басқан су жапырақтары табан астында былпылдап жатыр, басқан аяқтың тықыры білінбейді.
Д) Еңбек қылсаң, қара жер де береді, сені құр тастамайды.
Е) Үсен манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, от шығып, мақта тұтанды.
19. Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін белгілеңіз.
A) Ыңғайлас
B) Себеп-салдар
C) Түсіндірмелі
D) Кезектес
E) Қарсылықты
20. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Бұл жердің дәнін мен сепкендіктен, өзгеңнен гөрі менің жаным қатты ауырды
B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз
C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек
D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді
E) Асқар бұл сұраққа жауап таба алмай, ұзақ үнсіз отырды
21. Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз байланысатын салалас түрін атаңыз.
A) Түсіндірмелі
B) Себеп-салдар
C) Ыңғайлас
D) Қарсылықты
E) Кезектес
22. Қарсылық салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.
B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.
D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.
E) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
23. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 2
B) 3
C) 4
D) 5
E) 6
24. Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
B) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.
C) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.
D) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.
E) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.
25. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз.
A) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.
B) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да.
C) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды.
D) Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті.
E) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер.