Күні: Сыныбы: 6 «Б» Пәні: қазақ әдебиеті
Әбіш Кекілбаевтің «Шыңырау» повесінің көркемдік ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгіме мазмұнын меңгеру, әңгіменің композициялық құрылымына талдау жасау, әңгіме кестесін құрғызу
Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, табандылыққа, қиындыққа төзуге үйрету тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушыларға шығармашылық талдау жасатып, өз ойларын пікірлерін жеткізе, дәлелдей білуін, әдеби тілін, ойын дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жинақтау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ауызша тіл дамыту, сұрақ - жауап, әңгіме кестесін құру, әңгіме композициясына талдау, хат жаздыру
Сабақтың көрнекілігі: кесте, дидактикалық материалдар,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен амандасу түгендеу, сабаққа әзірліктерін тексеру
Б) Оқушылардың көңіл - күйіне назар аудару
Психологилық дайындық
- Бүгінгі сабақ
- Оқу, білу салауат
- Бүгінгі мақсат
- Ұғыну, ұғу ұлағат
- Бүгінгі тәрбие
- Отанға деген махаббат
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Үйге Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесін оқып келуге берілген болатын. Оқушылар әңгіме мазмұнын баяндайды.
Қосымша сұрақтар
- Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуға өтініш жасады?
Ала қырдың үстінде, тастау жүлгенің терістігінен
- Олар шеген тастарды қайдан әкелуші еді?
Үш күндік жердегі құлама өрнектен
- Тастарды кесуге Еңсепке кім көмектесті?
Інісі Теңсел
- Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болды?
- Ол неге қуанды?
- Ата кәсібі құдық қазу болған қараш руының адамдарының ауыр еңбегінің елге тигізер пайдасы қандай?
- Еңсептің ерен еңбегі елге қандай пайда тигізді?
Сергіту сәті
«Қара жорға» биін билету
ІІІ. Мақсат қою
1. Әңгіме кестесін құру
IV. Бекіту Шығарма құрылымына талдау жасау (композициялық құрылымына талдау жасау)
Басталуы Еңсепке Байсал байдың өтініші
Байланысуы: Еңсептің құдық қазуына кірісуі
Шарықтау шегі: Құдықтың тереңдей түсуі
Шиеленісуі: Еңсептің басы тасқа соғылып үні тек өзіне естілуі
Қорытынды: «Еңсеп өлген атанған шыңырау»
Мәтінмен жұмыс
- Қандай тастардың түрлері аталады?
(шеген тастар, сұр тас, қылауытқан тас, тастақ тал, сандық тас, сар кемік тас, тоқаш тастар, көк тас, қиыршық тас, шығар тастар)
V. Үйге тапсырма
«Енсепке хат» жазу
Бағалау
Мадақтау әдісі бойынша бағалау