1-ден 5 ке дейінгі сандар
Білім беру саласы: Қатынас
Мақсаты: 1 - ден 5 - ке дейін сандар қайталау . Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Әдіc – тәсілдері: Сұрақ - жауап, Мақта қыз бен мысық ертегісінің желісі бойынша, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Көрнекілігі: Мақта қыз бен мысық ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, сандар, пішіндер, суреттер.
Әрекет кезеңдері Психолог әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
- Үлкенге де “Сіз”,
- Кішіге де “Сіз”,
- Баршаңызды құрметтеп,
- Бас иеміз “ Біз”!
- Сәлеметсіз бе?
- Мен сендерге «бүгінгі күндерін сәтті болсын» деймін.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Қандай айлар?
- Бір аптада неше күн бар? Жылулық шеңберге тұрады. Үлкенмен де, кішімен де бас иіп, амандасады.
Жылы лебіздерін бір - біріне білдіреді.
Сәлеметсіңдер ме, апайлар!
Көктем мезгілі.
3 - ай. Наурыз, сәуір, мамыр.
7 - күн.
Ұйымдастырушылық - ізденіс Тосын сый:
Есік қағылады. Мақта қыз бен мысық кіреді. Екеуі ренжісіп қалған, Мақта қыздың қолында мысықтың құйрығы, Мақта қыз бен мысық балалармен амандасады.
- Сендерге не болған, неге ренжісіп жүрсіңдер?
- Балалар мысық менің айтқан тапсырмамды орындау керек, әйтпесе мен оның құйрығын бермеймін.
- Балалар мысыққа көмектесеміз бе, Мақтақыздың тапсырмасын орындаймыз ба?
- Ал, енді балалар, мысықтың тапсырмасын орындау үшін ертегіні есімізге түсірейік. Мен сендерге жұмбақ айтайын соны шешсеңдер, мысық кімге баратыны табылады.
Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
- Ал, енді сиырдың тапсырмасын тыңдайық.
1 - ден 5 - ке дейін сандарды тура және кері санау.
- Енді мысық сиырдан кейін неге барады?
Жазда жатсаң,
Көлеңкесіне алады.
Қыста жақсаң,
Жаның рахат табады.
- Ағаштың тапсырмасын тыңдайық. Пішіндерді атаңдар, түстерін ажыратыңдар.
Мысық енді кімге барады?
Қыздардың тапсырмасы:
«Сұрақ - жауап»
1. Бағдаршамның неше көзі бар?
2. Қолғапта неше саусақ бар?
3. Адамда қанша көз бар?
4. Жұлдыздың неше көзі бар?
5. Аспанда неше күн бар?
6. Бір жылда неше мезгіл бар?
7. Бір аптада неше күн бар?
8. Адамда қанша қол бар?
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Алақанды соғайық,
Алға қарай бір адым.
Атқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Қыздардан кейін мысық қайда барады?
Дүкеншінің тапсырмасы:
«Тез ойлап тап!»
Есеп: Менде 5 жұмыртқа болды, біреуін жарып алдым. Менде неше жұмыртқа қалды?
Ермек дүкеннен 3 алма алды, жолда 1 - ін жеді, Ермекте неше алма қалды?
Қим. о: «Автомабиль»
- Балалар мысық дүкеншіден кейін кімге барады?
Тауықтың тапсырмасы:
«Сандарды сурет бойынша орналастыр»
Доп - 1, алма - 2, сәбіз - 3, саңырауқұлақ - 4, пирамида - 5.
- Балалар мысық тауықтан соң, кімге барады?
Мен жұмбақ айтамын, шешуін табындар.
Өзі егін екпейді,
Егістен ұзап кетпейді.
Қарны ток, қайғысы жоқ,
Мысық қуса жетпейді.
Тышқанның тапсырмасы:
«Санды боя»
- Балалар, мысық сендердің көмегімен Мақтақыздың барлық тапсырмасын орындады. Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып береді. Сөйтіп екеуі дос болыпты. Балалар қонақтармен амандасады.
Ия, көмектесеміз, орындаймыз.
Сиыр.
1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санайды.
Ағаш.
Пішіндерді атайды, түстерін ажыратады.
Дүкеншіге.
Ойын ойналады.
Тауыққа.
Балалар тапсырманы орындайды.
Тышқан.
Сандардың арасынан 5 санын бояйды.
Рефлексивті - түзету. Балалар бүгін біз іс - әрекетімізде қандай сандарды қайталадық?
Қандай геометриялық пішіндерді еске түсірдік?
Бізге қонаққа қандай ертегінің кейіпкерлері келді?
Біз мысыққа көмектесіп түгел тапсырманы орындадық па?
Іс - әрекетіміз аяқталды.
Сау болыныздар! 1 - ден 5 - ке дейін.
Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш.
Мақтақыз бен мысық.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санай білу. Геометриялық пішіндерді білу және түстерді ажырату.
Игереді :Түстер туралы ұғымы, түсінігі қалыптасады.
Меңгереді : Сандарды, геометриялық пішінді және түстерін ажыратады. Зейіні, есте сақтау қабілеттері артады, ой өрісі дамиды.