Құдіретті жер-ана (7 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Өзін-өзі тану пәні бойынша қысқа мерзімді ашық сабақ жоспар

Берілген уақыт 45 минут

Пәні: Өзін-өзі тану

Мерзімі:17.02.2016жыл

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:

Құдіретті жер-ана

Сабақтың реті:

Құндылық:
Қасиеттер:

22-сабақ

қиянат жасамау
қоршаған ортаға қамқорлық, тіршілік иелеріне қиянат жасамау, жақсы азамат болу.

Жалпы сабақтың мақсаты:

Оқушыларды табиғатты аялап, оны қорғауға тәрбиелей отырып, қиянат жасамау құндылығының мағынасын ашу.
Қоршаған ортаға қамқорлық жасау түсініктерін кеңейту
Тіршілік иелеріне қиянат жасамау білімдерін дамыту

Табиғаттты аялауы, қорғауға, адамгершілік қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.

Күтілетін оқу нәтижелері:


Жаңа материалды толық  түсінеді. Әңгіме барысында оқушылардың логикалық ойлауы дамиды.

Өз атамекенін,жер-ананы қадірлеп қастерлеу оның көркеюіне үлес қосудың әр азаматтың міндеті екендігін ұғынады.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекеттер тәсілдері

Сабақтың түрі:

Тренинг

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Шаттық шеңбері», «Топ ережесі», «Уақыт шеңбері», «Еркін талқылау», «Серпілген сауал», «Конференсия»,«Көңіл күй аралы»

Жұмыс түрлері:

Ұжымдық, жеке жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:

Интерактивті тақта, бейнебаян, стикерлер, А-4 қағазы,бағалау парақшасы ,маркерлер.


Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1-әрекет .Ұжымдық жұмы:. Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру.

«Шаттық шеңбері» құру арқылы оқушылардың

табиғатқа тілек айтуын ұйымдастыру. Әр қайсымыздың табиғатқа деген алғысымыз шексіз, сондықтан да шаттық шеңберінде Жер - анаға деген ізгі тілегімізді білдірейік.
Күніміз ашық болсын!

Суымыз тұнық болсын!

Гүліміз жақсы өссін!

Ауамыз таза болсын!

Оқушылар шеңбер құрып өлең жолдарын айту арқылы табиғатқа тілектерін білдіреді.


2-әрекет.Топқа бөлу:

Бүкіл әлемдік тіршіліктің негізі болған Жер,Су,Ауа яғни өзіміз таңдап алған гүл күлтешелерін құрастыру арқылы үш топқа бөлініп отырайық.

Оқушылар гүл күлтешелерін құрастыру арқылы Жер,Су,Ауа арқылы топтарға бөлініп отырады.



3-әрекет.«Топ ережесі» бойынша топ мүшелерін сайлап алуды, топ ережесін сақтап отыруды тапсыру.

Топ мүшелерін бір уақыт қадағалаушы және топ басшысын сйлап алады. Топ ережесін жасайды, ережені сақтауға уәде береді.



4–әрекет. Үй тапсырмасын тексеру:

«Мен саған, сен маған» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау. №21сабақ қытай философы Конфуцийдің “Атамекен” туралы аңызын оқып түсінігін айту.
1. Әңгіме мазмұнын айту.
2. Сұрақтарға жауап беру.
Әңгіме желісі бойынша сұрақтар:

-Хұн патшасы неге ашуға булықты?

-Патша уәзірлеріне қандай тоқтам айтты?

-Екінші рет Хұн патшасының уәзірлерінің қахарына міну себебі неде?

-Бақас жұртының патшалығы үшінші мәрте елші жіберуі?

-Шыдамы таусылған Хұн патшасы неге ақырды,

қандай ұран тастады?

-«Жер -қолқа жүрегің»деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

-Аңыз әңгімеден қандай ой түйуге болады? 

Аңыз әңгімені оқып талдау барысында адамға туған жерін Атамекенін қорғап қалу үшін қандай қасиеттер керек екеніне назар аударады.Қосымша берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып туған жерге қамқор болудың не екенін өздері пайымдау жасайды.


5-әрекет:Ой қозғау:

-Балалар енді жер сөзіне назар аударайықшы

1.Жер сөзін естігенде көз алдыларыңа не елестейді?
2.Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді?

3.Жер мен Ананың қандай ұқсастығы бар?

Ендеше балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Құдіретті жер-Ана»

Біз табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарау және табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгіме қозғаймыз.

Тақырыппен таныспас бұрын тақтадағы суреттерге назар аударайық. «Табиғат тамашасы» туралы бейнебаянға назар салайық.
( Бейнебаянды көру)

Қазақстанның табиғаты қандай екен?
• Бейнекөріністен қандай әсер алдыңдар? (балалардың жауаптары)

Рахмет, жауаптарыңызға. Жарайсыңдар балалар!

Адамның тағдыры жермен тығыз байланысты.Табиғат, Жер –Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.



6-әрекет.Дәйексөзбен жұмыс:

«Cерпілген сауал» әдісі арқылы оқулықта берілген ұлы жазушы АЙТМАТОВ Шыңғыс Төреқұлұлы (12. 12. 1928 ж. т., Қырғыз, Республикасы. Талас өңірі, Шекер ауылы) — қырғыздың аса көрнекті жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғыз. Республикасының халық жазушысының нақыл сөзін түсіндіру арқылы жер-ана мен адамның өмірінің тығыз байланысы жерді қадірлеп қорғау әр адамның міндеті екені туралы пайымдаған ой-пікірлерін тереңдету мақсатында беріледі

«Адамның су мен жер туралы ойлағаны –өзі туралы ойлағаны» (Хормен қайталау) Сұрақтары:

1. Неге адам су мен жерді өзіндей көріп тұр?

2.«Су - тіршілік көзі» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Осы нақыл сөзден қандай қорытынды жасауға болады?
-Рахмет жауаптарыңызға!

Оқушылардың жауаптары тыңдалып өздері қорытынды жасайды. Жер-ана мен адамның өмірінің тығыз байланысы жерді қадірлеп қорғау әр адамның міндеті екенін түсінеді.


7-әрекет.Поэзия минуты:

Тақырыпқа байланысты ақын жазушылардың өлең шумақтанынан үзінді оқуды ұйымдастыру.

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, табиғатқа байланысты жаттап келген өлең шумақтарынан үзінділер оқиды.


8-әрекет.Өзіндік жұмыс:"Еркін талқылау "әдісі негізінде әңгiмелеу (сұхбат).(5-7мин)

І-топ Арал қасіреті

ІІ-топ Семей полиганы

ІІІ-топ Аңыз әңгіме

Әр топ дайындап келген жұмыстарын қорғайды.Сұрақ-жауап арқылы пікір алмасады


9-әрекет:Топпен ән айту:

«Алатау» Н.Нүсіпжанов

Үн таспаға қосылып ән айтады.


10-әрекет. Ұжымдық жұмыс:

«Конференция » әдісі бойынша оқушыларға меңгерген тақырып бойынша сұрақтар дайындату, өзара пікіралмасуды ұсыну.

Оқушылар тақырып бойынша пікіралмасып, ойларын ортаға салып, қорытынды жасайды.



11-әрекет:Сабақты қортындылау кезеңі:

Балалар, бүгінгі сабағымызда өз мәресіне жетті.Табиғаттың бізге сыйлаған сыйлары: олар хош иісті гүлдері, жеміс-жидектері, таза ауасы,мөлдір бұлағы, ашық аспаны. Осы құндылықтарды мәнгі сақтайық!

Жер Ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды жер – Ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.

Оқушылар барлығы орындарынан тұрып, хормен табиғат-Анаға тағзым етеді.


12–әрекет. Үйге тапсырма:

23 сабақ.Ш.Айтматовтың «Ана-жер ана» әңгімесін оқып түсінігін айту.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


13-әрекет. Кері байланыс:

«Көңіл күй аралы» әдісі арқылы кері байланыс жасау.

Балалар бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатысқандарыңа рахмет!

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді арқылы көрсетейік.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көңілді смайликтер арқылы көрсетеді.











Тізбектелген сабақтар топтамасының өткізілген ашық сабағына толық талдау

туралы рефлексивтік есеп



Еліміздің білім беру жүйесінің өзіне ғаламдық стандартқа сәйкес, жаңа технологиялар мен әдіс – тәсілдер еніп жатқаны белгілі. Мұғалімдердің алдарына қойған мақсаты ортақ, ол жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақтарының сапасын көтеру, оларды тиімді пайдаланумен қатар білімді, ізденімпаз, компьютерлік технологияларды еркін меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. Демек, білім беру үрдісінің жаңа әдіс-тәсілдерге  көшуі бұл заман талабы. Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. К.Д.Ушинский:"Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда  оның мұғалімдігі де жойылады",- деген болатын.Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп,таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 33бет) Мен өзін-өзі тану пәні бойынша жеті модульді сабағыма кірістіре отырып, 7 «Ә» сыныбына «Құдіретті жер-ана» тақырыбында ашық сабағымды өткіздім.

Пәні: Өзін-өзі тану 7 «Ә»Сынып

Күні:17.02.2016жыл

Тақырыбы:«Құдіретті жер- ана»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялап, оны қорғауға тәрбиелей отырып, жер құндылығы туралы білімдерін кеңейту.
Жұмыс түрлері:Ұжымдық,топтық жұмыс, жеке жұмыс

І.Ұйымдастыру: Кез-келген жұмысты бастамас бұрын жағымды көңіл күй мен атмосфера қалыптастыру керек. Ынтымақтастық орта құру барысында   оқушының  бойында өз-өзіне деген сенімділік, құрбыларына деген жолдастық сезім қалыптасады. «Шаттық шеңбері» құру арқылы оқушылардың тақырыпқа байланысты тілек айтуын ұйымдастырудан бастадым. Оқушылар шеңбер құрып өлең жолдарын хормен айту арқылы табиғатқа тілектерін білдірді.

Топқа бөлу:Оқушылар бүкіл әлемдік тіршіліктің негізі болған Жер,Су,Ауа яғни өздері таңдап алған гүл күлтешелерін құрастыру арқылы үш топқа бөлініп отырды.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы үй тапсырмасын шолу жүгіздім. №21сабақ қытай философы Конфуцийдің “Атамекен” туралы аңызын оқып түсінігін айту.
І.топ Әңгіме мазмұнын айту.
ІІ.топ Талдау.

ІІІ.топ Қорытындылау.

Оқушылар аңыз әңгімені талдау барысында адамға туған жерін Атамекенін қорғап қалу үшін қандай қасиеттер керек екеніне назар аударды.Қосымша берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып, туған жерге қамқор болудың не екенін өздері пайымдау

жасады.

[pic] [pic]

ІІІ.Жаңа сабақ:Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын айтуға қатыстыру арқылы, оқу-танымдық қызметін белсенділігін арттыру мақсатында оқытудың диалогтық әдісін қолдандым.

1.Жер сөзін естігенде көз алдыларыңа не елестейді?
2.Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді?

3.Жер мен Ананың қандай ұқсастығы бар?

Біз табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарау және табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы төңірегінде әңгіме жүргіздік.Сонымен қатар АКТ-ның көмегі арқылы «Табиғат тамашасы» тақырыбында бейнебаян көрсеттім.Оқушылар бейнекөріністен алған әсерлері туралы өз ойларымен бөлісті.

ІV.Дәйексөзбен жұмыс: «Cерпілген сауал» әдісі арқылы оқулықта берілген ұлы жазушы АЙТМАТОВ Шыңғыс Төреқұлұлы нақыл сөзін түсіндіру арқылы жер-ана мен адамның өмірінің тығыз байланысы жерді қадірлеп қорғау әр адамның міндеті екені туралы пайымдаған ой-пікірлерін тереңдету мақсатында берілген. [pic] [pic]

«Адамның су мен жер туралы ойлағаны –өзі туралы ойлағаны» (Хормен қайталау) Оқушылардың жауаптары тыңдалып, өздері қорытынды жасады. Жер-ана мен адамның өмірінің тығыз байланысы жерді қадірлеп қорғау әр адамның міндеті екенін түсінді.

V.Ой сергек: «Поэзия минуты» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты ақын жазушылардың өлең шумақтанынан үзінді оқуды ұйымдастыру.
Оқушылар шеңбер бойымен тізбектеле тұрып, табиғатқа байланысты жаттап келген өлең шумақтарынан үзінділер оқыды.

[pic] [pic]



VІ.Өзіндік жұмыс:"Еркін талқылау "әдісі негізінде әңгiмелеу (сұхбат).

І.топ Арал қасіреті

ІІ.топ Семей полиганы

ІІІ.топ Аңыз әңгіме (тақырыпқа байланысты) Бұл бөлімде әр топ дайындап келген жұмыстарын қорғайды.Сұрақ-жауап арқылы тақырып төңірегінде пікір алмасады

VІІ.Сабақты қортындылау кезеңі: «Конференция » әдісі бойынша әр топқа топ арасында меңгерген тақырып бойынша сұрақтар дайындап, өзара пікіралмасуды ұсындым. Оқушылар тақырып бойынша ойларын ортаға салып, қорытынды жасады.Бүгінгі сабақты оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, соңын өз сөзімен қорытындыладым.

Балалар, бүгінгі сабағымызда өз мәресіне жетті.Табиғаттың бізге сыйлаған сыйлары: олар хош иісті гүлдері, жеміс-жидектері, таза ауасы,мөлдір бұлағы, ашық аспаны. Осы құндылықтарды мәнгі сақтайық!

Жер Ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды жер – Ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.

[pic] [pic]

Оқушылар барлығы орындарынан тұрып, хормен табиғат-Анаға тағзым етті.

VІІІ.Үйге тапсырма: №23 сабақ.Ш.Айтматовтың «Ана-жер ана» әңгімесін оқып түсінігін айту.

ІX.Кері байланыс:«Көңіл күй аралы» әдісі арқылы кері байланыс жасаттым.

Балалар бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатысқандарыңа рахмет!

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көңілді смайликтерді тақтадағы суретті аралдарға жабыстыру арқылы көрсетті.

Келешекке жоспарым:
Дарынды және талантты оқушыларды толық зерттеп, оларды дамыту
Әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолданып сабақты түрлендіру.
Оқушылардың шығармашылықпен жасауларына жағдай жасау
Оқушыларды еркін сөйлеуге, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
Білімімді жетілдіру үшін әрқашан ізденісте болу