Сабақ жоспары
Тақырып: Ғабиден Мұстафин.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Ғ.Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа мағлұматтар
беріп, бұрын алған білімдерін толықтыру.
2.Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау
шеберлігін,сөйлеу,жазу мәдениетін жетілдіру,білімге деген құштарлығын
арттыру.
3.Тәрбиелік: туған еліне,жазушының шығармаларын оқып, үлгі тұтуға, оларды қастерлеп,
мақтаныш етуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,баяндама, әңгімелесу
Сабақтың көрнекілік құралдары: Ғ.Мұстафиннің портреті, кітап көрмесі, газет-жорналдар
материалдары.
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушыларды орындарына отырғызу,оқушыларды түгендеу,сабақ
тақырыбы мен мақсатын айту.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар,сендер бүгін сабақта ғ.Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы туралы танысқалы отырсыз. Канеки,ойларыңа түсіріңдерші,
- осы жазушының шығармашылығымен сендер нешінші сыныпты ең бірінші рет таныстыңдар? (5 сыныпта)
- ал, осы жазушының қандай шығармасымен таныстыңдар? («Менің атым Қожа» повесінен үзінді)
- ал, осы үзіндіде не туралы айтылғаны естеріңде ме? ( Қожаның орыс әдебиет пәнінен үй тапсырмасын орындамай келуі., яғии А.С.Пушкиннің өлеңін жаттауға ұмытып кетуі туралы, сабаққа қалып келуі).
I.Сабақтың тақырыбына қызығушылық туғызу – побуждение
Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар баяндамаларын айтады.
Қалған сынып оқушылары, баяндамаларды тыңдап отырып «Инсерт» стратегиясының кестестесін құрастырып,толтырып отырады.
II.Сабақтың мазмұнын ашу – осмысление.
Ұжымдық жұмыс: «Қадірлі қонақ» романнан үзіндінің 1 бөлімінің мазмұнымен танысады.Яғни оқып,аударады
Топтық жұмыс: 1 топ – рөлмен оқуға дайындалады
2 топ –96 б.берілген сұрақтар бойынша жауап дайындайды
3 топ - өз сөздерімен мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалады.
III. Оқушылардың ой-пікірлірен білу – рефлексия.
Әр топ оқушылар өздеріне тиісті берілген тапсырмалар бойынша білгенін,түсінгенін әңгімелеп береді.
1 оқушы тақтаға шығып кітап көрмесіне қысқаша шолу жасап береді.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: 92-95 б. мәтінді оқып, орыс тіліне аударып келу.Әңгіменің үзіндісі бойынша қойылым көрсетуге дайындалу.