Сабақтың тақырыбы: Сағат қаншада болады?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Санай біл» тарауы бойынша өтілген материалдарды
пысықтау, бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақша сөйлеу
дағдысын жетілдіру.
Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Бос уақытында пайдалы істермен айналысу жайлы
тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Сабақтың түрі: Ойын түріндегі қайталау сабағы.
Сабақтың көрнекіліктері: Слайдтар, сағаттың макеті, доп, қиықша қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 40-бет, 1-жаттығу. Сурет бойынша
сөйлемдер құрау
ІІІ. Негізгі кезең:
Балалар біз сендермен «Санай біл» тарауы бойынша «Қанша?», «Неше?», «Нешінші?», «Қаншада?», «Сағат қаншада болады?» тақырыптарын өткенбіз. Олай болса қызықты тапсырмаларды орындау арқылы осы тақырыптарды пысықтайық.
1 «Нешінші?» -ыншы, -інші, -ншы, -нші
Отырған бетте орындарыңнан ретімен санаймыз (бірінші, екінші...)
2 «Сен неше жастасың?» деген сұрақты мұғалім допты лақтыра отырып
оқушылардан сұрап шығады.
3 «Сөзжұмбақ» (слайд арқылы көрсетіледі) дәптерге жазбаша орындалады.
Т10, 100ім, 1лік, с2р, к3ік, 5ік, 6н, қ10
4 «Сағат неше?» мұғалім сағаттың макеті арқылы уақытты көрсетеді, оқушылар
жауап береді.
ІV. Сабақты бекіту:
Бұл бөлімде тарау бойынша қорытынды ретінде «Тапқырларға тапсырма»
сайысы өткізіледі. Сыныптан 6 оқушы шығады, сұраққа дұрыс жауап берген
оқушыға қиықша қағаз таратылады. Ұпай саны қиықша бойынша есептеледі.
1 Слайдтан жыл мезгілдерін дұрыс табу керек. (Слайд №3-10)
2 «Адасқан әріптер» Әр оқушы бір сөзден оқиды (Слайд №11-12)
3 «Полиглот» (Слайд №13-15)
4 «Кімнің жұмысы қайда?» (Слайд № 16)
5 “Тапқыр болсаң,тауып көр” (Слайд № 17-21)
6 «Ойынға әркімнің ақ бар таласы» көрермендермен ойын. (Слайд №22-24)
7.Оқулықтан тапсырма беріледі.
V. Сабақты қорытындылау:
Оқушылардың жинаған ұпайларын санау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру:
31 – 41 беттердегі сөздіктерді қайталау