02.10.2015ж. Сыныбы: 2 «З» Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Адам
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік: Оқушыларға «Адам» тақырыбындағы сует арқылы адамның дене мүшелерімен таныстыру және соларға байланысты сөздердің қазақша-орысша мағынасына түсінік түсіндіру, Аталған тақырыптағы тапсырма мәтініндегі сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, зат, сан есімдермен таныстыру және зат, сан есімнің сұрақтары арқылы оқушыны сөйлем құрауға үйрету және сұрақ-жауапты меңгерту, олардың зат есім туралы білімдерін арттыру;
Ә)Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпты түсіндіре отырып, олардың адамның дене мүшелерінің атқаратын қызметтері туралы ой-өрістерін, дүние-танымдарын кеңейту, орыс тілі мен қазақ тіліндегі зат есімнің жасалу ұқсастықтарын, заңдылықтарын есте сақтай білуге дағдыландыру.
Сөздік қорларын,сөйлеу мәдениетін дамыту;
Б)Тәрбиелік:Отанын қорғауға,халқын,тілін ардақтай білуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге және дене мүшелеріміздің адам өмірінде маңызды қызмет атқаратынын, әрбір мүшені бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Адамның дене мүшелері» тақырыбына байланысты құрылған слайд, карточкалар, тақырыпқа қажетті әдістемелік әдебиеттер.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Пайдаланылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі
Оқушылармен пікірталас ұйымдастыру.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,орыс тілі, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а)сәлемдесу;
ә)сыныптың тазалығын тексеру;
б)түгендеу.
2.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Үй тапсырмасын тексеру. 6-тапсырма б/а құраған сөйлемдерді, тапсырмалардың орындалуын тексеру.
2. Қысқы, күзгі киімдер туралы әңгімелету
3. Сөйлемдегі етістіктің жасалуына тоқталу.
4.«Қысқы киімдер» тақырыбы б/а өзара сөйлестіру.
5.3-тапсырма б/а етістіктерді еске түсіру, мағынасын түсінгендерін бақылау.
6.Күзгі киімдерді ататтыру.
3.Жаңа сабақ:
Кіріспе сөз: (Мұғалім адамның дене мүшелерінің қызметтері туралы айтып, оқушылардан дене мүшелерін ататып, сұрақтар қояды. Мысалдар келтіре отырып, оқушыларға сұрақтар қойып, кіріспе әңгімесін бастайды).
Оқулықпен жұмыс:
1-тапсырма. Сурет бойынша әңгімелеу.
[pic] [pic] бас мұрын
көз Адамның қас
[pic] [pic] ауыз дене мүшелері бет
[pic] қол құлақ
аяқ
2-тапсырма.Диалогті оқы.
-Бұл кім?
-Бұл – адам.
-Адамның қандай дене мүшелері бар?
-Адамның дене мүшелері: бас, екі көз, мұрын, екі құлақ, ауыз, екі қол, екі аяқ.
3-тапсырма. Жұмбақ өлеңді тыңдап, шешуін тапқызу. «Кел санайық!».
4-тапсырма. Үлгі бойынша сөйле, жаз.
Үлгі:
1.Бас.
2.Менің басым
3.Менің басым үлкен.
Үлгі:
1.Көз.
2.Сенің көзің.
3.Сенің көзің әдемі.
Сөздікпен жұмыс
Дене мүшелері-части тела
Бас-голова
Көз-глаза
Мұрын-нос
Қол-рука
Ауыз-рот
Құлақ-уши
Жаңа сабақты бекіту:
Адамның дене мүшелері туралы оқушылардың сөздік қоры мен сөйлем құраудағы білімдерін тиянақтау,зат, сан есім сөздерге сұрақ қою арқылы практикалық білімдерін тиянақтау,жауап алу.
Сабақты қорытындылау:
1) Бүгінгі сабақ ұнады ма?Несімен ұнады?Несімен ұнамады?
2) Адамның дене мүшелеріне нелерді жатқызамыз?
3)Дене мүшелерінің атқаратын қызметтері қандай?
Бағалау:Сабақ барысында атсалысып,белсенділік көрсеткен
оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: «Сергітуді» жаттау және 6-тапсырманы орындау.