Сабақ жоспары Жусан иісі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Пән:

Қазақ әдебиеті

Сынып: 7 б

Күні

Барлығы:

Қатысқаны:

Тақырып:

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі (повестен үзінді)

Сілтеме:

ҚР Білім беру стандарты, күнтізбелік жоспар,

7-сыныптың әдебиет оқулығы

Жалпы мақсаты:

Әңгіменің мазмұнын меңгеру, талдау арқылы қазақ ауылдарындағы қара жамылған адамдар, жетімдіктің қамытын киген балалар тағдырын түсіну

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, Жигсо, деңгейлік тапсырмалар, топтастыру, АКТ,

Топтық, жұптық, шағын топтық

Оқыту нәтижелері

Әңгіменің мазмұнын меңгереді, тақырыбы мен идеясын ашады, топта жұмыс істеуді, бірін-бірі бағалауды үйренеді, кейіпкерге мінездеме бере алады, кластер жасай алады

Түйінді идея

Аян тағдыры арқылы сұрапыл соғыс зардабын түсіну

Ресурстар

Интерактивті тақта, бағалау парақтары, флипчарт, таратпа материалдар, оқулық,

түрлі-түсті бояулар, стикер

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин.

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты топтарға бөлу және бүгінгі сабақта сәттілік тілеу

«Бес арыстың» аты-жөні жазылған қағаздарды суыру арқылы топтасады, топ ішінде рөлдерге бөлінеді (басшы, хатшы, баяндаушы, таймкипер)

1-топ: «Шәкәрім Құдайбердіұлы»

2-топ: «Ахмет Байтұрсынов»

3-топ: «Міржақып Дулатов»

4-топ: «Жүсіпбек Аймауытов»;

5-топ: «Мағжан Жұмабаев»

Үй тапсырмасын тексеру.

«Ой шақыру»

5-6 мин.

Үйге берілген тапсырмалар ретін сұрау.

1-топ: Сайын Мұратбековтің өмірі

2-топ: Шығармашылығы

3-топ: Қандай шығарманы повесть деп айтамыз?

4-топ: Әңгіме неге жусан иісі деп аталған?

5-топ: Әңгімеден алған әсерлерің.

(Бағдаршам арқылы топтар бір-бірін бағалайды)

Жаңа сабақ


Слайд 1

Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесі – Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір айғағы іспетті шығармалардың бірі. Мұнда майдан шебіндегі зеңбіректің дүрсілі де, жаңбырша жауған бомбаның қалың орманды қамыстай жапырып, елді мекендерді тып-типыл еткен сұрапыл екпіні де, жауынгерлердің жанкешті ерлігі де сөз болмайды. Бұл әңгіменің өзекті тақырыбы – .............................................

(бұдан бұрын болып көрмеген қырғын соғыстың зардабы: қазақ ауылдарындағы қара жамылған адамдар, жетімдіктің қамытын киген балалар).

(Осы сәтте А.Қоразбаевтың «Бозторғай» әні тыңдату). Тақырыбын анықтату.

Сол тақырыпқа байланысты мақсат құрғызу.



Топта оқушылар тыңдалған ән бойынша өзекті тақырыпты және сабақтың мақсаты мен ниетін мұғаліммен бірге анықтайды.


Мағынаны ажырату

5 мин.

1-тапсырма. «Жигсо әдісімен» әр топқа белгіленген бөлімдер бойынша лайықты ат қойғызу.



Топтағы оқушылар бөлімге жекелей шолу жасайды, дәптерлеріне өз ойын жазады, топпен бір шешімге келеді. Соңында әңгіме мазмұнын ашатындай бөлімдерге лайықты ат қояды.


Оқушылар жекелей, жұппен, топпен ақылдаса отырып жауап береді.


(бағалау критерийі арқылы топ басшысы топтағы оқушыларды бағалайды).

Деңгейлік тапсырма

5-8 мин.

2-тапсырма.

Мәтін үзінділерін топтарға тарату.

Ақ түс – жоғары деңгей (сұрақтарға жауап береді).

Сары түс – орташа деңгей (үзіндінің не жайында және одан не ұққанын әңгімелейді).


Әр бала өз деңгейлері бойынша тапсырмаларын орындайды.


(бағалау критерийі арқылы топ басшысы топтағы оқушыларды бағалайды).

Топқа бөлу, сергіту сәті

3 мин.

Фигуралар бойынша топқа бөлу.

Сергіту сәті «Қызыл өрік» (билетіп дене қимылдарын жасату)

Топқа бөлініп, орындарына отырады

Топтастыру стратегиясы

10 мин.

3-тапсырма.

Кластер арқылы Аян бейнесі мен баяндаушы баланың бейнесін құрастыру.

Кластер құру арқылы ашады, қорғайды.


Бекіту



4-тапсырма.

Венн диаграммасы бойынша «Соғыс кезіндегі жетім балалар» мен «Қазіргі кездегі жетім балалар» тағдырын салыстыртып, ұқсастығы мен айырмашылықтарын ажыратып айтқызу.

Компьютерде, ноутбукте орындайды. Артынан қорғап, өз ойларын ортаға салады.

Қорытындылау

1 мин.

- Сонымен, оқушылар, біз бүгін өздеріңдей баланың бойындағы адамгершілік қасиеттерін дәріптеуге арналған әңгімені оқып талдадық. Әрқайсыларыңның бойларыңда Аянның осындай қасиеттері болуы тиіс. Аянға деген аяушылық сезімдерің оянғаны мәлім. Оның келешектегі өмірі жарқын болсын дейік.


Бағалау

2-3 мин.

Формативті бағалау, бағалау критерийлері сабақ басында таратылады, мұғалім жиынтық баға қояды

Топ басшысы бағалайды, бағалау парағын өткізеді

Үй тапсырмасы

1 мин.

О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің мазмұнымен танысып келу.

Күнделіктеріне жазады.

Рефлексия

1-2 мин.

Сабақта не үйренгендерін, өздері не білетіндерін және не білгісі келетіндіктерін стикерге жазу керектігін айту.

Рефлексия жасайды.