Етістіктің қандай түрі болады?
а. ашық, тұйық, бітеу
ә. жекеше және көпше
б. дара және күрделі
2. Дара етістік неше сөзден тұрады?
а. 2
ә. 1
б. 3
3. Күрделі етістік неше сөзден тұрады?
а. бір
ә. бірнеше
б. жүз
4. Бала кітапты оқып келе жатыр. Сөйлемдегі етістік ...
а. күрделі етістік
ә. дара етістік
б. болымсыз етістік
5. «Отыр» қандай етістік?
а. дара етістік
ә. күрделі етістік
б. болымсыз етістік
6. Өлең сөздерін толықтырыңдар:
Балалар ... көшеде,
Естіліді айқай-шу
а. отыр
ә. тұр
б. жүр
7. Өлең сөздердін толықтырыңдар:
Сен де шықтың, көршіңді
... байқамай
а. түртіп өттің
ә. қағып кеттің
б. шақырып келдің
8. Даладан келісімен, әр киімін әр жерге лақтырып тастай салады. Қарамен жазылған етістік қандай?
а. дара етістік
ә. күрделі етістік
б. болымсыз етістік
9. Дара етістікті табыңдар:
а. бара жатыр
ә. бала жатыр
б. ауырып жатыр
10. «Рахмет сабақтан кешікті» сөйлемдегі етістік ...
а. болымсыз
ә. күрделі
б. бала
10 вариант
1. Етістіктің шақтары нені білдіреді?
а. санын білдіріді
ә. мезгілін білдіреді
б. сынын білдіреді
2. Етістік қай шақта тұр? Тұрар Алматыдан кеше келді.
а. осы шақ
ә. өткен шақ
б. келер шақ
3. Етістік қай шақта тұр?
Мен ертең сағат 7-де тұрамын.
а. осы шақ
ә. келер шақ
б. өткен шақ
4. Етістік қай шақта тұр?
Мен бақылау жұмысын жазып отырмын.
а. келер шақ
ә. өткен шақ
б. осы шақ
5. Осы шақ қандай сұрақтарға жауап береді?
а. не істедім? не істедің? не істеді?
ә. не істеймін? не істейсің? не істейді?
б. не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр?
6. Өткен шақ қандай сұрақтарға жауап береді?
а. не істеймін? не істейсің? не істейді?
ә. не істедім? не істедің? не істеді?
б. не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр?
7. Келер шақ қандай сұрақтарға жауап береді?
а. не істедім? не істедің? не істейді?
ә. не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр?
б. не істеймін? не істейсің? не істейді?
8. Іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын қай шақ білдіреді?
а. осы шақ
ә. келер шақ
б. өткен шақ
9. Іс-әрекеттің осы уақытта орындалуын қай шық белдіреді?
а. осы шақ
ә. келер шақ
б. өткен шақ
10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар: Дауысы да ілеспес,
Өзі ұшқан қарқынға
Созған шүйке іспеттес
Жол ... артында
а. барады
ә. қалады
б. келеді
11 вариант
1. Болымсыз етістіктер болымдыға ... жалғану арқылы жасалады:
а. ма/ме; ба/бе; па/пе сұраулы шылау
ә. жіктік жалғау
б. ма/ме; ба/бе; па/пе жұрнақтары
2. Етістік ... және ... болып бөлінеді:
а. болымды, жарамсыз
ә. болымды, болымсыз
б. болған, болатын
3. Көп нүктенің орнына керекті жұрнақты жазыңдар:
Жүр ..., айт ..., жаз ...
а. ма, па, бе
ә. ме, пе, ба
б. ме, па, ба
4. Артық сөзді табыңдар:
а. ойла
ә. қара
б. көтер
5. Етістіктің болымсыз түрін табыңдар:
а. көрме жақсы
ә. көне жазба табылды
б. қарсы сөйлеме
6. Әкесі қой баға білмегеннің,
баласы қозы баға білмейді.
а. мақал ма?
ә. мәтел ме?
б. нақыл сөз бе?
7. Етістікті көрсетіңдер:
а. ораза, айт
ә. сөз, тіл
б. айт, сөйле
8. Көп нүктенің орнына керекті жұрнақты жазындар:
шай жаса ..., су әпер ...
а. ма, ме
ә. ме, па
б. ба, пе
9. Артық сөзді табыңдар:
а. ашпа
ә. алма
б. билеме
10. Болымды етістікке па, пе жұрнағы ... жалғанады.
а. дауысты дыбыстан соң
ә. қатаң дыбыстан соң
б. үнді дыбыстан соң