Кеңпейілділік пен жомарттық (5 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мерзімі:10.03.2016жыл

Тақырып:Кеңпейілділік пен жомарттық

Құндылық :Сүйіспеншілік

Қасиеттер :жомарттық,өзгенің қайғысын сезіне білу,бар нәрсемен бөлісе білу.

Сабақмақсаты:

Кеңпейілділік пен жомарттық туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларға  жомарттық, кеңпейілділік  ұғымдары туралы түсінік  беру.

-Өзгенің қайғысын сезіну, бар нәрсемен бөлісе білу, өзгеге көмек көрсету қатынастарын дамыту;

- Жомарттық пен кеңпейілділік жасауға  тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Үнтаспа,5 сынып оқулығы,дәптер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті .Нұрға бөлену

Үй тапсырмасын тексеру.

«Жомарттық» (Қырғыздың халық ертегісі )

Сұрақтар:

1. Патша уәзірлерін қалай сынады?

2. Жомарттық жасаған баланы қалай сипаттар едіңдер?

3.Жомарттық малмен бола ма, жоқ пейілмен бола ма –деген сұрақты қалай түсіндіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.

Егер сен жомарт адамдар сияқты халқыңа қызмет етуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың не екенін және оның қайдан шығатынын білгін.

  Кабуснамадан

Оқушыларға дәйексөзді хормен айтқызу.

Сұрақтар :

- Балалар, сіздер жомарттық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Қандай адамды жомарт деп айтамыз?Неліктен?

-Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?

- Жомарттық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
Әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы).

Нағыз жомарттылық

Аңыз әңгіме
Өте бай және жомарт болған хазіреті Абдуллаһ бин Жафар-и Таиар бір құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір қара нәсілді құл, бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ әкеледі. Сол сәтте бір күшік құлдың қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден жеп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған хазіреті Абдуллаһ бұл құлдың қасына жақындап сұрайды:
–Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның бәрін күшікке бердің? 
–Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр.
–Жарайды, ал өзің не жейсің?
–Аш жүріп, сабыр сақтаймын.

Хазіреті Абдуллаһ көрген естігендеріне әсерленіп: «Халық мені жомарт деп біледі. Ал мына қара нәсілді құлдың жомарттылығы менікінен де артық.» — дейді. Құрма бағын және осы құлды қожайынынан сатып алады. Құлды азат етеді де, еркіндік береді. Құрма бағын да ішіндегілерімен бірге өзіне сыйға тартады.
Сол кезде хазіреті Абдуллаһқа біреу айтқан екен:
–Сен қазір одан да жомарт болдың.
–Өкінішке орай олай емес. Өйткені, ол қолындағы иеленген мүлкінің бәрін берді. Ал мен, иеленгенімнің аз ғана бөлігін бердім. — деген екен.

Сұрақтар:

1.Хазірет Абдуллаһ неліктен құлдың жомартығын өзінің жомарттылығынан жоғары санады?

2. Сендер хазірет Абдулаһтың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

3.Өздеріңнің қамқорлық танытқан кездерің болды ма?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сыныпты 2-топқа бөліп ,әр топқа тапсырма беру.

1-тапсырмаЖағдаятты шешу.

Ітоп.  «Егер де сендер ұтыс ойынынан 1000000 теңге ұтып алсаң, не істер едің?»

ІІ топ. «Сенің сыныптасың автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, үйіне қайта алмай жүр, сенің іс-әрекетің қандай болар еді?»

 2-тапсырма Сөз ұйқастарынан өлең құрастыру

1-топқа

............................. болмасын,

............................. қолдасын.

..............................қарасақ,

............................. болашақ

2- топқа

 ................................. қиянат,

............................... ұялат.

................................ жүрейік,

...............................білейік.

Топпен ән айту.

«Айгөлек»

Сөзі:Н.Баймұхамедов

Әні:Б.Байқадамов

Үй тапсырмасы.

«Бесағаш бұлағы» мәтіні.Ә.Ысқабаев 94 бет

Дәптердегі 1-тапсырма 56 бет орындау

-Балалар мен бүгін сабаққа «Сиқырлы қобдишаны» алып келдім. Мына сиқырлы қобдишаны ашып, ішінен сіздер ақкөңіл, жайсаң мінезді, кеңпейіл, жомарт адамды көресіңдер. Оған жақсылап қарап күліңдер! (қобдиша ішінде айна)

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сау болыңыздар!