Урок казахского языка на тему АСТАНАҒА САЯХАТ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Астанаға саяхат

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларды қазақша сөйлете отырып, қазақ тілінен білім деңгейін көтеру, өмірге деген қызығушылығын арттыру, сауатты жазып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Сөздік қорын молайту, сөйлеу мәнерін қалыптастыру; ә) тәрбиелік: тілге, елге, жерге, халыққа, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Отанға, ел мен жерге, тілге, ұлтқа деген құрметін арттыру. Адамгершілікке, салауатты өмірге тәрбиелеу. Тілге деген жақсы көзқарасын қалыптастыру; б) дамытушылық; тілін, логикалық ойлау қабілетін, сыни ойлау көзқарасын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдері:баяндау, ауызекі сөйлесу, жазбаша жұмыс, тест формасы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, ән, тарих.

Көрнекіліктер: «Бәйтерек» бейнекөрінісі, тест, үлестірмелі кеспе қағаздары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а)Әнұранды орындау.

ә)Түгендеу.

б) Сабаққа назар аударту.

ІІ.Үй жұмысын тексеру. 5-тапсырма. Өз қалаларың туралы диалог құрап, сұрақтар дайындаңдар. Тест. Қыстырма сөздер.


ІІІ.Жаңа сабақ. Астанаға саяхат. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын жазыңдар.

Астана

1997 жылы саяси, экономикалық, халықаралық жағдайлар... байланысты респуплика... бас қаласы – Ақмола... көшірілгені мәлім. Есіл... жағасын бойлай Президент сарайы, Парламент үйі, Еуразия университеті... жаңа корпусы, т.б. ғимараттар бай көтерді. Парламент үйі... алды... қазақ... үш биі: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би... ескерткіштері халқы... болашақ... бастағандай бейнелеген. Аспан... самғаған ақ барыс мүсіні – жас Қазақстан... ХХІ ғасырдағы жарқын да бақытты болашағы... нышанындай елестейді.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Қандай жағдайларға байланысты Қазақстан астанасы Ақмолаға көшірілді?

2.Есіл жағасын бойлай қандай ғимараттар орналасқан?

3.Парламент үйінің алдында қандай ескерткіштер орналасқан?

4.Қазақстан болашағының нышаны не?



3-тапсырма. Сөздердің аудармасын табыңдар.

Саясат

халықаралық

ғимарат

шешен

ескерткіш

барыс

болашақ

барс

памятник

здание

будущий

международный

политика

оратор

4-тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесіңдер. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.



-Жанат, сен Астана қаласында болдың ба?

-Иә, былтырғы жазда ата-анаммен сонда қыдырғанбыз. Сен ше?

-Ата-анам биыл жоспарлап отыр, мен де көруге құштармын.

-Иә, Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр.

-Астана қай өзеннің бойына орналасқан еді?

-Есіл өзенінің бойында, қасиетті Сарыарқа жерінде орналасқан. Астана – әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Тіпті оған ЮНЕСКО – ның (Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы) «Әлем қаласы» сыйлығы да берілді.

-Е, астанамыз – жаңа Қазақстанның белгісі десеңізші.

-Дәл солай, біраз жерлерін өзің көзіңмен көрерсің.



Сұрақтар:

1.Астана қаласында кім болды?

2.Жанат Астанада қашан болды?

3.Астана қайда орналасқан?

4.Астанаға ЮНЕСКО-ның шешімімен қандай сыйлық берілді?


6-тапсырма. Дара және күрделі сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар.


Халықаралық, сарай, ғимарат, Ақмола, бойтұмар, кешен, тарихшы, қолөнер, ескерткіш.


7-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар.

Астана – арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жас болып

Мен үлкен болғанда да.

Төкті оған нұрын дала,

Астана сұлу қала.

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да.

Жүректе сақтап атын,

Жүретін салтанатым.

Астана биігіміз,

Биіктер күнге жақын.

(Т. Молдағалиев)

ІY. Сабақты қорыту.

Y. Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты сөйлемдер құраңдар.





























О. Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектеп








Ашық сабақ



АСТАНАҒА САЯХАТ


/8 сынып/



Мұғалім: Усипбекова А. А.












Шымкент-2013